Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Қанның онкотикалық қысымы



бет104/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Қанның онкотикалық қысымы.Плазманың онкотикалық қысымы құрамындағы ақуызға байланысты болады.Онкотикалық қысымның маңызы үлкен,яғни осы қысымның арқасында сұйықтық тамыр ішінде ұсталып тұрады.Орта есеппен онкотикалық қысым 25-30 мм.с.б құрайды.Плазма ақуыздарының ішінде онкотикалық қысымды реттеуде маңызды орын алатын альбуминдер болып табылады.Өйткені альбуминдер жоғары гидрофильдік қасиетіне байланысты суды өзіне жақсы байланыстырады.

Қан топтары, резус фактор жайлы түсінік.
Адам қанында агглютиногендер мен агглютиниңдердің белгілі бір түрлерінің болуына
сәйкес адам қанын төмендегідей 4 топқа бөледі:



Топтар


Агглютиногендер


Агглютининдер


0/I/


---


α және β


А/ІІ/


А


β


В/ІІІ/


В


α


АВ/ІV/


АВ


---

  • 1-топ қанының эритроциттерінде агглютиногендер болмайды, ал плазмасы альфа және бетта агглютининнен тұрады.


  • 2-топ қанының эритроциттерінде агглютиноген А, ал плазмасында агглютинин бетта болады.


  • 3-топ қанының эритроциттерінде агглютиноген В, ал плазмасында агглютинин альфа болады.


  • 4-топ қанының эритроциттерінде А және В агглютиногені, ал плазмасында агглютининдер жоқ болады. Қан топтары ішінде 1-топты — 46% 2-топты 42 %-ы, 3-топты — 9%-а, 4-топты — 3%-ы құрайды.


Бір адамның қанын екінші адамға құяр кезде, оның топтық сәйкестілігі ескеріледі.


Қан беруші адам донор деп, қан қабылдаушы адамды реципиент деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет