Астазия керексіз және еріксіз қимылдар жасауы;
Астения дене еттерінің күшінен айырылуы;
Атония табиғи тонусынан айырылуы.
Ортаңғы ми. Құрылысы мен орналасуы.
Ортаңғы ми, mesencephalon, төменгі жағынан көпірмен, жоғарғы жағынан аралық мимен, ал артқы жағынан мишықпен шектеледі.
Сыртқы құрылысы. Вентралды және дорсалды бөліктерден тұрады. Вентралды бөлігі ми аяқшасынан, pedunculi cerebri, дорсалды бөлігі ми қақпағынан, tectum mesencephali, және қақпақ табақшасынан, lamina tecti, (төрт төбешік) тұрады.
Ортаңғы ми қуысы суқұбыры деп аталады. Төрт төбешік көпірдің жоғарғы жағын ала мишықтың алдында жатады. Олар бір-бірінен перпендикуляр орналасқан жүлгелер арқылы бөлінеді. Төрт төбешіктің алдыңғы екеуінде көрудің қыртыс асты орталығы, ал артқы екеуінде естудің қыртыс асты орталығы орналасады. Көру төбешігінің бүйір жағынан ІV-ші жұп бассүйек жүйкесінің түбірі шығады. Ми аяқшалары көпірмен тікелей жанасып жатады. Ми аяқшаларының арасында аяқша аралық шұңқыры болады. Ол шұңқыр арқылы мидың ішіне қан тамырлар енетіндіктен онда көптеген тесіктер болады, сондықтан ол артқы тесіктелген зат деп аталады. Ми аяқшаларының медиалды жағынан ІІІ-ші жұп бассүйек жүйкесінің түбірі шығады.
Ішкі құрылысы. Оның көлденең кесіндісінде үш бөлікті ажыратуға болады:
төбе табақшасы;
жамылғы;
ми аяқшасының негізі.
Ми суағары айналасында орналасқан сұр затта ІІІ және ІV-ші жұп бассүйек жүйкелерінің ядролары орналасады. Ми аяқшалары ми аяқшаларының негізі мен жамылғыдан тұрады. Олардың арасында қара зат, substantia nigra, орналасады. Қара зат қызметі жағынан экстрапирамидалық жүйеге жатады. Сонымен қатар ортаңғы мида қызыл ядро, nucleus ruber, орналасады. Бұл ядродан жұлынмен байланыстыратын қызыл ядро-жұлын жолы басталады.
Ортаңғы ми да өткізгіштік және рефлекстік қызмет атқарады.
Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланысқан. Мұнда қаңқа бұлшықеттерінің тонусын реттейтін орталық бар.Егер мысықтың ми бағанын көлденең қызыл ядродан жоғары кессе,оның жүріс турысында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Ал миды қызыл ядродан төмен кессе мысықта децеребрациялық мелшию /құрысу –регидность /пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |