Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет112/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Қара затта Нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді. шайнау жұту, қан қысымы және тыныс алу орталығы бар. Сонымен қатар, қаңқа әсіресе саусақтардың қимылдарын қатмасыз етеді.
Торлы құрылым пішіні әр түрлі, үлкенді кішілі, көптеген қысқа тармақты жасушалардан тұрады.Торлы құрлымда ауырсыну сезімі орталығы бар. Торлы құрылым, гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрады. Бұл жүйе эмоция мен мотивацияны тудырып адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына ықпал жасайды.Ұйықтап жатқан жануардың торлы құрлымын тітіркендірсе ұйқысынан оянып кетеді.Торлы құрлым орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістерінің жайылуын және бір орталыққа берілуін қадағалайды.
Аралық ми. Құрылысы мен орналасуы.

Аралық ми, diencephalon, төрт төбешік табақшасының алдыңғы жиегінен қарыншааралық тесікке дейін созылып жатады. Ол келесі бөлімдерден тұрады: таламус, таламус асты бөлігі және оның ішкі қуысы – ІІІ қарынша. Таламус өз кезегінде таламустан (көру төмпесі), метаталамустан (медиалды және латералды иінді денелер) және эпиталамустан (эпифиз, жүген, жүген жабыспасы және эпиталамустық жабыспа) тұрады.


Таламустың алдыңғы үшкірленген ұшы алдыңғы төмпек, tuberculum anterius, артқы жуандаған бөлігі жастықша, pulvinar, деп аталады.
Көру төмпесінің медиалды бетіне жүген, habenula, арқылы ішкі секреция безі – эпифиз байланысады. Жүгендердің алдыңғы жағы жүгеннің жабыспасын, comissura habenularum, түзеді. Көру төмпелерінің артқы жағында латералды және медиалды иінді денелер жатады. Латералды иінді дене, corpus geniculatum laterale, ортаңғы мидың жоғарғы төбешігімен байланысып көрудің қыртыс асты орталығын, ал медиалды иінді дене, corpus geniculatum mediale, төменгі төбешіктермен байланысып, естудің қыртыс асты орталығын құрайды.
Гипоталамус, hypothalamus, аралық мидың вентралды бөлігін құрап, ІІІ-ші қарыншаның түбін түзеді. Оның түзілісі өте күрделі. Гипоталамуста дене қызуын, су, май, көмірсутегі т.б. заттар алмасуын, ас қорыту мен тамырлар қозғалысы жүйелерін реттеп тұратын, ішкі секреция бездерінің гормондарына әсер ететін ядролар шоғырланған. Гипоталамусқа көру айқасы, chiasma opticum, көру жолы, tractus opticus,
оймыш, infundibulum, сұр төмпек, tuber cinereum, емізікті денелер, corpora mammaria жатады.
Мидың ІІІ қарыншасы,ventriculus tertius, – аралық мидың қуысын түзеді.
Аралық миға таламус және гипоталамус жатады. Таламус көру төмпешігі, гипоталамус төмпешікасты. Таламус 40 шақты ядролардан тұрады. Олар қызметіне қарай арнамалы, бейарнамалы, ұластырушы, қозғалтқыш болып бөлінеді. Олар түрлі сезім ақпараттарды миға жеткізіп отырады, соның ішінде көзден, құлақтан шығатын импульстарды миға жеткізеді. Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы құрылым. Гипоталамус ішкі ағзалардың қызметіне вегетативтік жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. Гипоталамус мотивация яғни ісәрекеттерді реттейтін орталықтар бар. Соның бірі «тойынсыну» орталығы. Оны тітіркендірсе жануар азыққа қарамай, ішпей, жүдей бастайды. «Аштық орталығы», оны тітіркендірсе жануар алдыңдағы азықты қанша болсада жей береді. «Шөлдеу» орталығы тітіркендірсе жануар қанша су ішсе де шөлі қанбайды. Гипоталамус гипофизбен байланысқан. Олар екеуі қосылып гипоталамо- гипофизарлық жүйені құрайды. Бұл жүйе ішкі секреция бездерінде гормон шығаруын реттеп отырады.
Соңғы ми. Құрылысы мен орналасуы.

Соңғы ми, telencephalon, – милардың ішіндегі ең үлкені, ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады.


Соңғы ми дәл ортасындағы терең ұзынша жүлге арқылы бөлінген екі жарты шардан тұрады. Оларды оң және сол ми сыңарлары, hemispheriae cerebralis, деп атайды. Әрбір ми сыңарының ішінде қуыс болады. Ол қуыс мидың бірінші және екінші қарыншасы немесе бүйір қарыншалары деп аталады. Ми жарты шарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы байланысады.
Әр ми жарты шарының үш беті : дөңестеу келген жоғарғы латералды беті, facies superolateralis, жалпақ, тегістеу келген, жарты шарлардың бір-біріне қараған медиалды беті, facies medialis, және рельефі бас қаңқасы негізінің ішкі бедеріне сәйкес келетін төменгі беті, facies inferior, болады. Жарты шарлардың сыртқы бетінде саңылаулар мен жүлгелер арқылы бөлінген қатпарлар, gyri cerebralis, орналасады. Жүлгелердің тереңдігі мен ұзындығы, пішіні мен бағыты өте өзгермелі.
Саңылаулар мен жүлгелер әр жарты шарды маңдай, шеке, самай, шүйде және аралшық деп аталатын бөлімдерге бөледі.Соңғысы бүйір жүлгенің түбінде орналасып, жарты шардың басқа үлестерімен жабылып тұратындықтан сыртынан қарағанда көрінбейді.
Жарты шарлардың жоғарғы латералды беті. Бұл бетінде маңдай, шеке және самай үлестерін бөліп тұратын, жарты шардың төменгі бетінен артқа және жоғары бағытталатын бүйір жүлгесі, sulcus lateralis, (Сильвиев) орналасады.
Келесі ірі жүлге – орталық жүлге, sulcus centralis, (Роланд жүлгесі) жарты шардың жоғарғы жиегінің орта тұсынан басталып, төмен және шамалы алға бағытталып, бүйір жүлгеге жетпей аяқталады. Орталық жүлге маңдай үлесін шеке үлесінен бөледі. Шеке мен шүйде, самай мен шүйде үлестерінің арасында айқын шекара болмайды.
Маңдай үлесі , lobus frontalis. Орталық жүлгенің алдыңғы жағында осы жүлгеге паралелл жайғасқан орталық алды жүлгесі болады, ол алға қарай параллель орналасқан жоғарғы және төменгі маңдай жүлгелеріне бастау береді. Аталған жүлгелер ми бетін орталық жүлгенің алдында жататын орталық алды қатпарына көлденең орналасқан жоғарғы, ортаңғы және төменгі қатпарларға бөледі. Жоғарғы маңдай жүлгесінің үстінде жоғарғы маңдай қатпары жатады. Ал жоғарғы және төменгі маңдай жүлгелерінің арасынан ортаңғы маңдай қатпары өтеді. Төменгі маңдай жүлгесінің астыңғы жағында, латералды жүлгенің өрлеуші және алдыңғы тармақтарына жалғасқан төменгі маңдай қатпары орналасады.
Шеке үлесі, lobus parietalis. Орталық жүлгенің артында осы жүлгеге паралелл орталық арты жүлгесі болады. Орталық жүлге мен орталық арты жүлгенің арасында орталық арты қатпары орналасады. Соңғы жүлгеден шүйде үлесіне бағытталатын ішкі шеке жүлгесі басталады. Бұл екі жүлге шеке үлесін орталық арты қатпары мен жоғарғы және төменгі шеке үлесшелеріне бөледі. Төменгі шеке үлесшесінде жиекүсті және бұрыштық қатпарлары болады.
Шүйде үлесі, lobus occipitalis. Бұл үлес шеке-шүйде жүлгесінің артында орналасады. Шүйде үлесіндегі қатпарлар мен жүлгелер тұрақсыз. Тек ішкі шеке жүлгесінің жалғасы болып табылатын көлденең шүйде жүлгесі басқаларына қарағанда тұрақты кездеседі.
Самай үлесі, lobus temporalis. Бұл үлес жарты шардың төменгі бүйір жағын құрайды. Жоғарғы бүйір бетінде жоғарғы және төменгі самай жүлгелері орналасады. Жүлгелер ми бетін паралелл жайғасқан жоғарғы, ортаңғы және төменгі самай қатпарларына бөледі.
Ми жарты шарларының сұр заты қыртыстан және негізді ядролардан тұрады. Негізді немесе базалды ядролар филогенездік тұрғыдан басқа денелерге қарағанда ерте пайда болған мүшелерге жатады. Базалды ядроларға:
  • жолақты дене- corpus striatum


  • шарбақ- claustrum


  • миндаль тәрізді дене- corpus amygdaloideum жатады.



Шеткі жүйке жүйесі
Бассүйек жүйкелері. Реттік саны. Қазақша-латынша атауы.

Мидың сабаулық бөлігінен шығатын жүйкелерді бассүйек жүйкелері деп атайды. Олардың жалпы саны 12 жұп, римдік цифралармен белгіленеді. Ми негізінде келесі реттілікпен орналасады (алдан артқа қарай): І жұп – иіс сезу жүйкелері- nervіі olfactorii, ІІ жұп – көру жүйкесі- nervus opticus, ІІІ жұп – көзқозғалтқыш жүйкесі - nervus oculomotоrius, ІV – шығыр жүйкесі - nervus trochlearis, V – үшкіл жүйкесі - nervus trigeminus, VІ – әкетуші жүйке - nervus abducens, VІІ – бет жүйкесі - nervus facialis, VІІІ –кіреберіс-ұлу жүйкесі - nervus vestibulocochlearis, ІХ – тілжұтқыншақ жүйкесі - nervus glossopharyngeus, Х – кезбе жүйке - nervus vagus, ХІ – қосымша жүйке - nervus accessorius , ХІІ – тіласты жүйкесі - n.hypoglossus.


Бассүйек жүйкелері қызметі жағынан қозғалтқыш, сезімтал және аралас болып жіктеледі. Қозғалтқыш жүйкелерге – ІІІ, ІV, VІ, ХІ, ХІІ; сезімтал жүйкелерге – І,ІІ, VІІІ; ал аралас (қозғалтқыш әрі сезімтал) жүйкелерге V, VІІ, ІХ, Х жүйкелер жатады.
Жұлын жүйкелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет