Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Өңеш, орналасуы, бөлімдері, құрылысы



бет38/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Өңеш, орналасуы, бөлімдері, құрылысы.
Өңеш, oesophagus, тағамды жұтқыншақтан асқазанға өткізетін, ұзындығы 25-30 см-дей, цилиндр тәрізді түтік. Мойын аймағында V-VІ мойын омыртқалары тұсынан басталып, кеуде қуысынан көкет арқылы құрсақ қуысына өтіп Х-ХІ кеуде омыртқалары тұсында асқазанға өтеді.
Орналасуына байланысты өңешті үш бөлікке бөледі: мойын, кеуде және құрсақ.
Мойын бөлігі, pars cervіcalіs,
Кеуде бөлігі, pars thoracіca,
Құрсақ бөлігі, pars abdomіnalіs.
Өңештің өне бойында үш (анатомиялық) тарылу жерлері бар: VІ-VІІ мойын, ІV-V кеуде омыртқаларының тұсында және өңештің көкеттен өтер жерінде байқалады.
Анатомиялық тарылудан басқа рентгенологиялық тексергенде екі (физиологиялық) тарылулар байқалады. Біріншісі: қолқалық - өңештің қолқамен қиылысатын жерінде, екіншісі: каудалды - өңештің асқазанға өтер жерінде байқалады.
Өңештің қабырғасы шырышты, шырыш асты, бұлшықетті және адвентициялық қабықтардан тұрады.
Шырышты қабаты көпқабатты жалпақ түлемейтін эпителиймен қапталған. Бұл қабатының негізінде және шырыш асты қабатында өңешке ашылатын шырышты бездер орналасады. Бұлшықет қабаты екі қабат түзе орналасатын бірыңғай салалы ет талшықтарынан түзіледі. Сыртқы қабатындағы ет талшықтары ұзына бойы, ішкі қабатындағы ет талшықтары циркулярлы бағытта орналасады. Адвентициялық қабат мүшенің мойын және кеуде бөліктерін жауып жатады, ал құрсақ бөлігі ішастардың висцералды жапырақшасымен қапталады. Адвентицияда өңештің жүйкелік және веноздық өрімдері орналасады.

Асқазан, орналасуы, бөлімдері мен қабырғасының құрылысы.
Асқазан, ventrіculus, gaster, тағамды сақтайтын және қорытатын ас қорыту жолының кеңейген бөлігі болып табылады.
Асқазаннан бөлінген сөл құрамындағы ас қорыту ферменттері (пепсин, химозин, липаза) және басқа да биологиялық активті заттар тамақтағы белоктар мен майларды қорытады, бактериоцидті әсер әтеді. Асқазанда су, спирт және тұздар сіңіріледі. Асқазан бұлшықеттері жиырылғанда тамақ механикалық өңделіп, одан кейін ас қорыту жолының келесі бөлімдеріне өткізеді. Бұдан басқа асқазанның шырышты қабатында қан түзілуін реттейтін (антианемиялық фактор) ерекше зат және мүше қабырғасының моторлы активтілігі мен секрециясын реттейтін гормондар (гастрин, серотонин) өндіріледі.
Асқазанның кардиалды бөлігі- pars cardіaca,, түбі (күмбезі)-fundus ventriculi, денесі- corpus gastrіcum және қақпалық бөлігі- pars pylorica болады.
Асқазанның барлық бөлігінің алға және жоғары қараған алдыңғы беті, parіes anterіor, артқа және төмен қараған артқы беті болады. Қабырғаларының жиектері қосылып, асқазанның үлкен және кіші иіндерін түзеді. Кіші иіні,curvatura mіnor, оңға қараған және ойыстау болады, ал үлкен иіні,curvatura major, солға қараған, ірі дөңестеу болады. Кіші иінінің төменгі жағында бұрыштық ойық орналасады.
Асқазанның пішіні мен көлемі адам денесінің бітімі мен мүшенің толу деңгейіне байланысты. Гиперстениктерде асқазанның пішіні мүйіз тәрізді, нормостениктерде балық аулайтын ілмек тәрізді, ал астениктерде шұлық пішіндес болады. Көкірек жасындағы баланың асқазаны көлденең, сол жақ қабырға доғасының астында орналасады. Бала тұрып, жүре бастағанда асқазаны вертикалды қалыпқа көшеді. Ересек адам асқазанның орташа сыйымдылығы 2-3л-ге жуық, ал жаңа туылған баланың асқазанының сыйымдылығы 30-35 мл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет