Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет46/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Өттің ағу жолдары. Өт бауырда тәулік бойында түзілгенмен ішекке қажет кезінде ғана тамады да, ал қалған уақытта өт қуығына жиналады. Бауырда түзілген өт жалпы бауыр түтігі арқылы жалпы өт түтігіне өтеді. Егер Одди қысқышы жиырылып, өтті ішекке өткізбесе өт қуығы түтігі арқылы өт қуығына қарай ағып, сол жерде жиналады. Асқазанға тамақ түскенде рефлекторлы түрде өт қуығы қабырғасындағы бұлшықеттер жиырылып өтті айдайды, осыған сәйкес Одди қысқышы да босаңсып өт ішекке тамады.


Өттің құрамы мен қасиеттері.
Өт - бауыр жасушаларыңда гепатоциттерде түзілетін сұйык зат. Ол ашқарында өт өзегі арқылы бауырдағы өт қабына, ал тамақ ішкен соң он екі елі ішекке келіп құйылады.
Өт өзегінің өн екі елі ішекке келіп ашылатын ауызын айналдыра Одди сфинктері қоршаған. Өт он екі елі ішекке осы сфинктер босаңсыған сәтте құйылады.
Өт өт қапшығында неғұрлым ұзақ сақталса,соғұрлым қоюлана түседі,өйткені өт суы өт қабы қабырғасындағы қан тамырларына сіңіп отырады.
Тәулігіне 500- 1500 мл өт бөлініп шығарылады.
Өт құрамында холестерин, лецитин, өт қышқылдары, муцин, май қышқылдары, Nа, К, Са, тұздары, билирубин болады.Өттің меншікті салмағы 1,008-1,015 ортасы сілтілі рН-7,3-8,0
Өттің түсі оның құрамына кіретін пигменттерге байланысты. Жануардың өтінде биливердин пигменті көп, осыған орай өттің түсі де шөп тәрізді жасыл болады, адамның өтінде билирубин пигменті көп, сондықтан сарғылт-қызыл түсті болады. Билирубин өтте гемоглобиннің ыдырауынан пайда болады. Билирубиннен екі пигмент түзіледі: стеркобилин және уробилин. Стеркобилин қан арқылы ішекке барып, нәжіске табиғи түс береді. Уробилин қан арқылы бүйрекке барып несепге сарғылт түс береді.
Өт құрамында ферменттер аздап болады олар қаннан келген , бірақ асқортуға қатыспайды астың құрамындағы күрделі заттарды гидролиздейді яғни өт қышқылының көмегімен майларды эмульциялай нақты айтқанда майларды майда түрлерге ыдыратады. Онсыз ұйқы безі ферменттері әсер ете алмайды, етсе де өте әлсіз болады, әсіресе май ыдырамай, майдың ішектен лимфаға өтуі тоқтап қалады. Сондықтан өт ас қорыту сөлдері қатарына жатқызылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет