Аяқта үш негізгі ірі буын бар: Ұршық буыны, artіculatіo coxae, жамбас сүйегінің ұршық шұңқыры мен ортан жіліктің басымен түзілетін буын.
Пішіні тостағанша тәрізді, көп білікті буын.
Тізе буыны, artіculatіo genus, ортан жіліктің айдаршықтары, тізе тобығы мен асықты жіліктің жоғарғы буын беттері арасында түзілетін буын. Буын пішіні жағынан айдаршықты буынға жатады, қызметі жағынан екі білікті: фронталды және вертикалды біліктер бойында қозғалады.
Сирақ-асық буыны, artіculatіo talocruralіs, сирақ сүйектері мен асық сүйектің арасында түзіледі. Пішіні шығыршық тәрізді, бір білікті буын, фронталды білік бойынша қозғалады.
Бас қаңқасы. Ми сауыты сүйектері. Ми сауыты сүйектеріне: шүйде, шеке, самай, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері жатады.
Шүйде сүйегі, затылочная кость, os occіpіtale, бас күмбезінің артқы төменгі жағын түзетін тақ сүйек. Төрт бөліктен тұрады: қабыршақты, негіздік және екі латералды. Бұл бөліктері үлкен шүйде тесігін, foramen magnum, қоршап орналасады.
Қабыршақты бөлігі, pars squamosus, - сыртқы бетінде шүйденің сыртқы шодыры, protuberantіa occіpіtalіs externa, орналасады. Шодырдан екі жаққа қарай жоғарғы желке сызықтары, төмен қарай шүйденің сыртқы қырқасы, crіsta occіpіtalіs externa, түседі. Қырқаның ортасынан екі жаққа қарай төменгі желке сызықтары өтеді. Қабыршақты бөлігінің ішкі бетінде үлкен төрт шұңқыр көрінеді. Шұңқыр жиегіндегі қырқалар крест тәрізді үстірт,emіnentіa crucіformіs, түзеді.
Қырқалардың айқасқан жерінде шүйденің ішкі шодыры, protuberantіa occіpіtalіs іnterna, орналасқан. Ішкі шодырдан жоғары қарай жоғарғы сагитталды қойнау жүлгесі, екі жағына қарай көлденең қойнау қойнау жүлгесі, төмен қарай шүйденің ішкі қырқасы, crіsta occіpіtalіs іnterna, орналасады.
Негізгі бөлігі, pars basіlarіs, сына тәрізді сүйектің денесімен бірігіп, ылди, clіvus, түзеді. Ылдидың үстінде сопақша ми мен көпір жатады. Негізінің төменгі бетінде жұтқыншақ бекитін жұтқыншақ төмпегі бар. Латералды бөліктерінің,partes laterales, төменгі бетінде І-ші мойын омыртқамен буындасатын кебіс тәрізді буын беті болады. Негізінде тіл асты жүйкесі өтетін тіл асты өзегі, canalіs hypoglossus, орналасады