Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет12/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Жамбас астауы, таз, pelvіs, жамбас қуысын шектейтін сүйекті сақина. Алдыңғы қабырғасы қасаға симфизінен, артқы қабырғасы сегізкөз бен құйымшақтан, бүйір қабырғалары жамбас сүйектерінен түзіледі. Мықын сүйектерінің доға тәрізді сызығы мен қасаға үстіртінен жүргізілетін шекаралық сызық жамбас астауын екіге бөледі: үлкен жамбас астауы, pelvіs major, мен кіші жамбас астауы, pelvіs mіnor. Үлкен жамбас астауының алдыңғы қабырғасы іш бұлшықеттерінен, бүйір қабарғалары мықын қанаттарынан, артқы қабырғасы бел бұлшықеті мен бел омыртқаларынан құралады. Кіші жамбас астауы қасаға симфизімен, қасаға және шонданай сүйектерінің тармақтарымен, сегізкөз және құйымшақ сүйектерімен шектеледі.
Еркек және әйелдің жамбас астауларының ерекшеліктері:
- Әйелдің жамбас сүйектері еркектікімен салыстырғанда жұқа әрі тегістеу;
- әйел мықын сүйектерінің қанаттары жан-жаққа жайылыңқылау және еркектердікіне қарағанда қылқан мен қырлар арасындағы қашықтық үлкендеу;
- әйел жамбас астауының кіре-берісі көлденең-сопақ пішінді, ал еркектікі көбінесе ұзына-бойлы сопақ пішінді;
- әйелдің сегізкөзі біршама кеңдеу әрі жалпақтау;
- қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарының тоғысатын жері әйеледерде қасаға доғасын, еркектерді қасаға асты бұрышын түзеді.
Әйелдің жамбас астауының құрылысы мен өлшемдері акушерствада өте қажет болады. Акушерлер әйелдің жамбас өлшемдерін циркульмен (тазомермен) өлшейді. Әйелдің үлкен және кіші жамбас астауларын өлшейміз.
Әйелдің үлкен жамбас астауының сыртқы өлшемдері:
- Мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қылқандарының арасынан жүргізілетін сызық- қылқандық дистанция, dіstantіa spіnarum, 25-27-см-ге тең.
- Мықын сүйектерінің қырларының ең қашық нүктелерін қосатын сызық - қырлық дистанция, dіstantіa crіstarum, 28-29 см-ге тең.
- Ортан жіліктердің үлкен ұршықтарын қосатын сызық- ұршықаралық дистанция, dіstantіa trochanterіca, 30-32 см-ге тең.
- Жамбас астауының сыртқы тура өлшемі- қасаға симфизінің жоғарғы жиегі мен V бел және І сегізкөз арасында түзілген ұңғыл арасын қосатын сызық- 20-21 см-ге тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет