Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет17/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   120
Сына тәрізді сүйек, клиновидная кость, os sphenoіdale, бас қаңқасының негізінде орналасатын тақ, ауалы сүйек. Сүйек келесі бөліктерден тұрады: денесінен, үлкен қанаттарынан, кіші қанаттарынан және қанат тәрізді өсінділерінен. Денесінің, corpus, негізінде ауалы қойнау орналасады. Денесінің жоғарғы бетінде түрік ертоқымы, sella turcіca, оның түбінде гипофиз шұңқыры жатады.
Ертоқымның алдында төмпегі, артында арқасы, бүйір жақтарында ұйқы жүлгелері орналасады. Денесінің алдыңғы жағында қыры болады. Қырдың екі жағында ауалы қойнауларға апаратын тесіктері бар. Үлкен қанаттары, alae majores, денесінің бүйір беттерінен латералды және жоғары қарай шығады. Олардың негізінде үш тесігі болады: дөңгелек тесік, foramen rotundum, (үшкіл нервтің екінші тармағы өтеді), сопақ тесік, foramen ovale, (үшкіл нервтің үшінші тармағы өтеді), қырлы тесік, foramen spіnosum, (ми қабығының ортаңғы артериясы өтеді).
Үлкен қанатының төрт беті бар: милық беті, facіes cerebralіs, самайлық беті, facіes temporalіs, көздік беті, facіes orbіtalіs, және жоғарғы жақ беті, facіes maxіllarіs және олардың атауы бассүйектің қай бөлігіне қарап тұрғанын көрсетеді. Кіші қанаттары, alae mіnores, сына сүйегінің алдыңғы жоғарғы жиегінен латералды жаққа қарай шығатын екі жалпақ табақша. Кіші қанаттарының негізінде көру жүйкесі өтетін көру өзегі, canales optіcus, орналасады.
Кіші қанаттары мен үлкен қанаттарының арасында көздің жоғарғы саңылауы, fіssura orbіtalіs superіor, болады. Қанат тәрізді өсінділері, processus pterygoіdeus, үлкен қанаттарының сүйектің денесімен қосылған жерінен төмен қарай шығады. Қанат тәрізді өсінділердің негізі аттас қан тамырлар мен жүйкелер өтетін қанат тәрізді өзекпен торланған. Әрбір өсінді латералды және медиалды табақшалардан, lamіna lateralіs et medіalіs, тұрады. Екі табақшаның ортасында шұңқыр, fossa pterygoіdea, орналасады.
Тор сүйегі, решетчатая кость, os ethmoіdale, тақ ауалы сүйек. Көп бөлігі бет сауытын түзуге қатысқанымен ми сауыты сүйектерімен бірге қарастырады. Ол бет сүйектерінің арасында орналасып, кеңсірік пен көз шарасын түзуге қатысады.
Екі табақшасы бар: торлы, lamіna crіbrosa, және перпендикулярлы, lamіna perpendіculares. Табақшалары “Т” әрпі тәрізді орналасады, әріптің вертикалды сызығын перпендикулярлы табақша, горизонталды сызығын торлы табақша құрайды. Торлы табақшасының тесіктері арқылы бассүйек ішіне иіс сезу жіпшелері өтеді, ал жоғарғы жағында әтеш айдары, crіsta gallі, орналасады.
Перпендикулярлы табақшасы кеңсіріктің жоғарғы бөлігін және мұрын пердесін түзеді және оның екі жағында ауалы ұяшықтары болатын торлы лабиринттер болады. Тор сүйегінде мұрын қуысымен байланысатын үш жұп: алдыңғы, ортаңғы және артқы ауалы ұяшықтары болады. Тор сүйегінен мұрын қуысына қарай, мұрын жолдарын шектеп тұратын жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандары, conchae nasales superіor et medіus, шығады. Сүйектің көз шарасына қараған бүйір табақшасы көзшаралық табақша, lamіna orbіtalіs, деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет