Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет3/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Денсаулық дегеніміз - адам ағзасының ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.
Патологиялық физиология - ауру ағзадағы ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын анықтайды. Сонымен қатар, ол науқастардың бейімделу әрекетін, сауығу және айықтыру үрдістерін зерттейді.
Клиникалық физиология - ауру ағзадағы физиологиялық көрсеткіштердің (хирургиялық емдеуден, протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа ауруханалық деңгейін тексереді.
Физиология ғылымы медицина саласы мен гигиена саласында өте маңызды орын алады. Ағзаның қалыпты қызметін, ағзада болып жатқан үрдістердің қалыпты деңгейін білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты физиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі болып есептеледі.
Физиологияның жас ерекшеліктері туралы саласы педагогика, психология, валеология және дене тәрбиесі ғылымдары үшін өте қажет.
Балалардың денсаулығын сақтауды, олардың өсуі мен дамуына оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуді, мұғалімдердің жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы жөнінде тиісті білім қоры болған кезде ғана жүзеге асыруға болады. Мұның өзі мұғалімнің өскелең ұрпаққа адамгершілік, әсемдік, имандылық, еңбекқорлыққа баулу, ақыл-ой және дене тәрбиесін беруін ойдағыдай жүзеге асыруына жәрдемдеседі.


Физиологияның мақсаттары.
1. Ағзаның және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
2. Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру;
3. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету;
4. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.


Физиологияның зерттеу әдістері.
Физиологиялық үрдістер өте үдемелі өзгеріп отыратын құбылыстар. Аталмыш анықтау тәсілдері физиологияның әрбір даму кезеңдеріне,туыстас ғылым салаларының жетістіктеріне сәйкес қалыптасты. Сондықтан мұның бірнеше бағытын талдауға болады:
1) Бақылау әдістері - физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді;
2) Тіркеу әдістері - физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады;
3) Тітіркендіру әдістері - тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура т.б.) түрткілердің әсерін қолданады;
4) Электрофизиологиялық әдістер - қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
5) Өткір тәжірибе әдістері - жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды;
6) Созылмалы тәжірибе әдістері - жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдісті физиологияға алғашқы енгізген И.П. Павлов болатын, ол ағзаны бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады;
7) Аспаптық әдістер - физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.
Қазіргі таңдағы физиология, басқа да ғылымдардың жстістіктерін кеңінен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде.
Осы кездегі физиологиялық зерттеу жұмыстарында ғылым мен техника жетістіктерін, кибернетика, информатика, радиоэлектроника жаңалықтарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны т.б. кеңінен қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет