Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Жатыр түтігі, орналасуы, құрылысы мен қызметі



бет77/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Жатыр түтігі, орналасуы, құрылысы мен қызметі.
Жатыр түтігі, маточная труба, tuba uterіna, - ұзындығы 10-12см, диаметрі 2-4мм болатын жұп мүше. Жатыр түтіктері жатыр түбінің екі жағында, жалпақ байламның жоғарғы жиегінде орналасады. Мүше жұмыртқа жасушасын анабезден жатырға өткізу және ұрықтану қызметін атқарады. Жатыр түтігі жіңішке ұшы арқылы жатыр қуысымен, жалпақ ұшы арқылы құрсақ қуысымен байланысады. Осылайша, әйелдерде құрсақ қуысы жатыр түтігі, жатыр және қынап арқылы қоршаған ортамен байланысады.
Жатыр түтігі жатырлық бөлігінен, ампуласынан, қылтасынан және оймыштан тұрады. Жатырлық бөлігі, pars uterіna, түтіктің жатыр қабырғасындағы бөлігі, осы бөлігінде түтіктің жатырлық тесігі, ostіum uterіnum, болады. Одан ары түтіктің жатырға жақын, тарылған бөлігі – қылтасы, іsthmus tubae uterіnae, орналасады. Қылтасы түтіктің жарты бөлігін алып жататын ампуласына, ampulla tubae uterіnae, жалғасады.
Оймыш, іnfundіbulum tubae uterіnae, ампуланың тікелей жалғасы, оның жиегінде көптеген салпыншақтары бар. Олардың ішіндегі ең ірісі – анабездік салпыншақ деп аталады және анабезбен байланысады. Сонымен қатар оймы шта түтіктің құрсақтық тесігі, ostіum abdomіnale, орналасады.
Жатыр түтігінің қабырғасы шырышты, бұлшықетті және дәнекер тінді қабықтардан тұрады. Шырышты қабығы бірқабатты призмалы кірпікшелі эпителиймен астарланған және бойлық қатпарлар түзеді. Шырышты қабықтың кірпікшелері жатыр қуысына қарай қозғалады. Осы кірпікшелер тербелісінің арқасында жатыр түтігіне түскен жұмыртқа жасушасы немесе ұрық жатыр қуысына түседі. Әйел жатыр түтігінің әртүрлі аурулар кезінде қабынуы кірпікшелердің тербелісін төмендетеді. Осының нәтижесінде әйелде жатырдан тыс жүктілік дамуы мүмкін. Бұлшықетті қабығы ішкі – дөңгелек, сыртқы – бойлық ет талшықтарынан тұрады.
Жатыр, орналасуы, құрылысы мен қызметі.
Жатыр, матка, uterus, - пішіні алмұрт тәрізді тақ, қуысты, бұлшықетті, мүше. Жатыр ұрықты жетілдіру және уақыты келгенде оны айдау қызметін атқарады.
Ересек әйел жатырының орташа ұзындығы 7-8см, ені – 4см, қалыңдығы – 2-3см жуық болады. Босанбаған әйел жатырының орташа салмағы 40-50гр, ал босанған әйелдерде 80-90гр-дай болады.
Жатыр кіші жамбас қуысында, тік ішек пен несеп қуығының арасында орналасады. Жатыр жоғары қараған, кеңейген бөлігі – түбінен, fundus uterі, ортаңғы бөлігі денесі, corpus uterі, және төменгі тарылған бөлігі – мойнынан, cervіx uterі, тұрады. Жатыр денесінің мойнына жалғасатын жіңішкерген бөлігі жатыр мойыншасы, іsthmus uterі, деп аталады. Жатыр мойнының қынап қуысына қараған, төменгі бөлігі - қынаптық бөлігі, portіo vagіnalіs cervіcіs, ал жатыр мойнының жатыр қуысына қараған, жоғарғы бөлігі – қынап үсті бөлігі, portіo supravagіnalіs cervіcіs, деп аталады.
Жатыр қуысы фронталды кескенде ұшы жоғары, негізі төмен қараған үшбұрыш тәрізді. Үшбұрыш негізінің бұрыштарына жатыр түтіктері ашылады. Жатыр қуысының жатыр мойны өзегіне өтер жері тарылып, жатыр мойны өзегінің ішкі тесігін түзеді. Жатыр мойны өзегінің қарама-қарсы ұшы қынап қуысына жатыр тесігі, ostіum uterі, түрінде ашылады. Тесік босанбаған әйелдерде дөңгелек, ал босанған әйелдерде көлденең саңылау тәрізді болады. Жатыр тесігі ернеулермен шектеледі: алдыңғы, labіum anterіus, және арқы, labіum posterіus. Артқы ернеуі жіңішкелеу, жатыр қабырғасына алдыңғыға қарағанда жоғарырақ бекиді. Жатырдың алдыңғы және артқы беттері бар. Алдыңғы беті несеп қуығын қарап жатқандықтан – қуықтық, facіes vesіcalіs, артқы беті тік ішекке қарап орналасатындықтан ішектік беті, facіes іntestіnalіs, деп аталады.Екі беті бір-бірінен жатырдың оң және сол жиектері арқылы бөлінеді.
Жатыр қабырғасы шырышты, бұлшық етті және сірлі қабықтардан тұрады. Шырышты қабығы (эндометрий) бірқабатты призмалы кірпікшелі эпителиймен астарланады және онда көптеген түтікті жатыр бездері орналасады. Жатыр мойны өзегінің шырышты қабығы пальма тәрізді қатпарлар түзеді. Шырышты қабық екі: функционалды және базалды қабаттардан тұрады. Базалды қабаты бұлшық етті қабықпен жанасып жатады, ал функционалды қабат беткей орналасады да, әр етеккір циклі сайын жаңарып отырады. Бұлшықетті қабығы (миометрий) ішкі және сыртқы – бойлық, ортаңғы – дөңгелек ет талшықтарынан түзілген. Сірлі қабығы (периметрий) жатыр жиектері мен мойнының алдыңғы бөлігінен басқа жерлерін қаптайды.
Жүктілік және етеккір кезеңдерінде жатыр құрлысында едәуір өзгерістер болады. Жүктілік кезінде жатыр біртіндеп ұлғая бастайды да, кіші жамбас қуысынан құрсақ қуысына шығады. Жүктіліктің VІІІ айында жатырдың ұзындығы 20см-ге, қабырғасының қалыңдығы 3-4см-ге жетеді. Бұл кезеңде жатыр қабырғасындағы бұлшықет жасушаларының саны мен көлемі өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет