Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Атабез қосалқысы, epіdіdymus



бет74/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Атабез қосалқысы, epіdіdymus, атабездің артқы жиегі бойында орналасады. Қосалқының басы, денесі және құйрығы болады. Қосалқының құйрығы иіліп, шәует шығаратын түтікке жалғасады.
Шәует шылбыры, семенной канатик, funіculus spermatіcus, ұзындығы 15-20см болатын жұмыр қабық. Атабез ұмада орналасып, онда шәует шылбырымен ілініп тұрған сияқты көрінеді.


Шәует шығаратын түтік, семявыносящий проток, ductus deferens, - ұзындығы 40-50см, диаметрі 3мм жуық жұп мүше. Шәует шылбырының құрамында шап өзегі арқылы өтеді. Орналасуына байланысты 4 бөліктен тұрады: ұмалық бөлігі (pars scrotalіs), атабездің артында орналасады; шылбырлық бөлігі (pars funіcularіs), шәует шылбырының құрамында беткей шап сақинасына дейінгі жері; шаптық бөлігі (pars іnguіnalіs), шап өзегіндегі және жамбастық бөлігі (pars pelvіca), терең шап сақинасынан қуық асты безіне дейінгі бөлігі. Шап өзегінен өткеннен кейін шәует шығаратын түтік иіліп, кіші жамбас астауына қарай төмен түсіп, несеп қуығының түбіне барады. Қуықасты безінің маңында оның соңғы бөлігі ұршық тәрізді кеңейіп шәует шығаратын түтік ампуласын, ampulla ductus deferentіs, түзеді. Ампуланың төменгі жағы біртіндеп тарылып, шәует безінің түтігімен қосылып шәует жіберетін түтік, ductus ejaculatorіus, құрайды. Соңғы түтік қуықасты безінің қабырғасынан өтіп, несеп шығаратын өзектің қуықасты бөлігіне ашылады.
Шәует бездері, семенные железы, glandulae semіnales, немесе шәует қуықшалары – ұзындығы 5см-ге жуық, пішіні қапшық тәрізді түзіліс. Бездер кіші жамбас қуысында, несеп қуығы түбінің артқы бүйір жағында, шәует шығаратын түтік ампуласынан тысқары, қуықасты безінің жоғарғы жағында орналасады. Әрбір шәует безінің негізі және денесі болады. Безден бөлінетін тұтқыр сары сұйықтық сперматозоидтардың қозғалғыштығын арттырумен қатар оларды қынаптың қышқыл ортасынан қорғайды.
Қуықасты безі, предстательная железа, prostata, -салмағы 20-25гр жуық, шәует құрамына кіретін секрет бөлетін жұп, бұлшықетті-безді мүше. Без кіші жамбас астауында несеп қуығының түбінде, несеп-жыныс көкетінде орналасады.. Без алдынан артына қарай жуандап, каштан жемісіне ұқсас пішін береді. Тірі адамда безді тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы сипауға болады.
Бездің несеп қуығына қараған негізін, basіs prostatae, және несеп-жыныс көкетімен жанасатын ұшын, apex prostatae, ажыратады.
Қуықасты безінен бөлінетін секрет – түссіз, өзіне тән иісі бар, реакциясы әлсіз қышқылды сулы сұйықтық. Құрамында ақуыздар, лимон қышқылы, простогландиндер, шәуетті жібітетін және сперматозоидтардың қозғалғыштығын күшейтетін кейбір протеолитикалық ферменттер (қышқылды фосфатаза, протеаза, фибринолизин) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет