Қолдың терең веналарыартериялардың маңында жұптасып орналасады, беткей және терең алақан доғаларына құйылатын саусақ веналарынан басталады. Алақан доғаларының веналары білекте шынтақ, vv.ulnares, және кәрі жілік веналарын,vv.radiales, түзеді. Шынтақ және кәрі жілік веналары шынтақ шұңқырында бірігіп иық веналарын, vv.brachiales, түзеді. Соңғысы иықтың бұлшықеттері мен терісінен қан қабылдап, қолтық асты шұңқырында бір-бірімен қосылып қолтық асты венасын, v.axillaris, түзеді. Қолтық асты венасы бұғана асты венасына, v.subclavia, жалғасады.
Аяқ артериялары мен веналары. Тармақталуы. Аяқ артериялары:
Аяқ веналары беткей және терең болып бөлінеді. Аяқтың терең веналары жұп болып келеді және аттас артериялармен қатарласа жүреді.
Олар саусақ веналарынан басталып, табанның және аяқ ұшы сыртқы бетінің веналарын түзеді, олар өз кезегінде табан және сыртқы веноздық доғаларға құйылады.
Табанның веноздық доғасынан қан табанның веналары арқылы артқы асық жілік веналарына, vv.tibiales posteriores, өтеді. Аяқ ұшы сыртқы бетінің веноздық доғасынан қан алдыңғы асық жілік веналарына, vv.tibiales anteriores, ағады. Артқы және алдыңғы асық жілік веналары сирақтың сәйкес аймағы арқылы өтіп сирақтың жоғарғы үштен бір бөлігінде қосылады да тізе асты венасын түзеді. Тізе асты венасы,v.poplitea, сан венасына жалғасады. Сан венасы, v.femoralis, сыртқы мықын венасына жалғасады.
Аяқтың беткей веналарына үлкен және кіші тері асты веналары жатады.