ЖСК * ЖСЖ тең ЖМК Физикалық жұмыстан кейін жүрек жұмысының күшеюі байқалады, сондықтан бұл кезде минуттық көлем 8-10л дейін жоғарлайды, ал спортшыларда кейде 25-40л дейін жетеді.
Жүрек етінің физиологиялық қасиеті. Жүрек етінің бес физиологиялық қасиеті бар: Қозу
Қозуды өткізу
Жиырылу
Рефрактерлік кезең
Автоматизм
Қозу- Жүрек етінің қозуы қанқа бұлшықеттеріне қарағанда төмен сондықтан оны қоздыру үшін күшті тітіркендіргіш қолданылады.
Қозуды өткізу- Жүрек бұлшықетінің миоцит талшықтары арқылы өтеді.
Жиырылу- Алдымен жүрекшелер жиырылады кейін қарыншалар.
Рефрактерлік кезең- Жүрек етінің рефрактерлік кезеңі басқа қозғыш тіндерге қарағанда созыңқы болады.
Автоматизм-Жүрек етінің ерекшелігі болып ол өздігінен жиырылып босаңсуі
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүректің өткізгіш жүйесі бес түйіннен тұрады.
1) Жүрекше қойнау түйіні Кис-Флек түйіні оң жүрекшенің, жоғарғы куыс венасында орналасқан синоатриалдық түйін, 2) Жүрекше қарыншалық түйіні Ашофф-Тавар түйіні -оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық түйін.
3) Гис будасы қарыншааралық пердеге қарай жақындаған жерде орналасқан. 4) Оң және сол аяқшалар Гис будасынан шығады.
5) Пуркинье талшықтары олар қарыншалардағы аяқшалардан шығып тарамдайды. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді.
Жүректің өткізгіш жүйесі жүректің өздігінен қозатын автоматиялық қасиеті болатынын көрсетеді.
Жүректің кеуденің алдыңғы бетіндегі проекциясы. Клиникада кеуденің алдыңғы бетінен жүректің төрт шекарасын анықтайды.