Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Гемоглобин көптеген газдармен тез әрекеттесіп, жаңа қосылыстар түзеді



бет92/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Гемоглобин көптеген газдармен тез әрекеттесіп, жаңа қосылыстар түзеді.
1. Оксигемоглобин бұл гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуі (ол НвО2, белгіленеді).
2. Карбогемоглобин бұл гемоглобиннің көмір қышқыл газбен әрекеттесуі. (НвСО2).
3. Карбоксигемоглобин (НвСО) – бұл гемоглобиннің иісті газбен әрекеттесуі (НвСО).
4. Метгемоглобин бұл гемоглобиннің күшті тотықтырғыш заттармен (азот тотығы, метилен көгі, калий перманганаты, анилин, бертолет тұзы, фенацитин, пирамидон) әрекеттесуі (НвОН).


Гемолиз. Оның түрлері.
Гемолиз – бұл эритроциттің қабығы жарылып ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Әсер ететін түрткілер түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады.
1. Физиологиялық гемолиз - сау адамда болады. Денедегі ескірген эритроциттер жарылып, олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі. Эритроцит 100-120 күндей өмір сүреді. Ескірген эритроциттердің біразы бауырда, көпшілігі көкбауырда гемолизденеді.
2. Осмостық гемолиз - эритроциттің іші мен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан туады. Қанға осмостық қысымы аз (гипотониялық) ерітінді құйса, эритроциттің ішіне су кіреді де ол ісінеді, судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып, ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Сөйтіп қан гемолизге ұшырайды.
3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады.
4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары (гельминттер) мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын (сапонин) улы заттар гемолизиндердің әсерінен болады. Мәселен, жылан, қарақұрт, шаян улары, адамның ішегінде тіршілік ететін құрттар (гельминттер) бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері, қан құйғанда сыйыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердің қабығын бұзады.
5. Термиялық гемолиз - қанды біресе жылытып, біресе суытудан болады, әсіресе бұл мұздаған (тоңазыған) қанды еріткен кезде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады. Дене температурасы 42°-тан асса да қан гемолизденеді. Ұзақ уақыт дене қызуы қалыпты болғанымен, кешке қарай 38-39°-қа дейін көтеріліп отырса, эритроциттер гемолизденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет