Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет93/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114
6. Механикалық гемолиз - қанды шайқап араластыру кезінде эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады). Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай, абайлап тасу керек.
7. Электрлік гемолиз - электр тогінің әсерінен болады. Сәуле энергиясы мен ультрадыбыс та электр күші сияқты эритроцит қабығын, тінін бұзып жарады.


Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Гемопоэз жайлы түсінік.
Ұю қасиетінен айырылған қанды (лимон қышқылының натрий ерітіндісін қосу арқылы) мензуркаға құйып бір сағат сақтаса, қанның ең жеңіл бөлігі плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйел адамда түрліше, ерлерде сағатына 2-10 мм/сағ, әйелдерде 2-15 мм/сағ. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады (сағатына 30-40 мм/сағ). Жаңа туған нәрестеде -0,3-2 мм/сағ. Денеде қабыну процесі басталса ЭТЖ өседі. ЭТЖ арқылы қабыну үрдісінің күшейгенін не бәсеңдегенін (емдегеннен кейін) білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірнеше рет анықталады. Сарыауруда ЭТЖ төмендейді. Сондықтан, ЭТЖ медицинада түрлі ауруларға диагноз қоюда қажет.
Гемопоэз.Қан жасушаларының түзілу процесін гемопоэз деп атайды. Гемопоэздің екі кезеңі бар: эмбрионалді жатырішіндегі даму, және постнаталды, баланың туылғаннан кейін басталады. Қан жасушалары арнайы мүшелерде жасалады.

  • Эритроциттердің пісіп жетілуі эритропоэз, эритроциттер сүйектің кемігінде жасалады, өмір сүру ұзақтығы 120 күн.

  • Лейкоциттердің пісіп жетілуі лейкопоэз, лейкоциттер сүйек кемігінде, айырша безде, лимфатикалық түйіндерде, көкбауырда, бадамша безде түзіледі, өмір сүру ұзақтығы 15-20 күн.

  • Тромбоциттердікі тромбоцитопоэз деп аталады. Тромбоциттер сүйек кемігінде және өкпеде жасалады, өмір сүру ұзақтығы 6-8 күн. +Тәулік бойы қан жасушаларының біразы бұзылыды, ыдырайды, олардың орындарына жаңа, жас жасушалар толықтырып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет