Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


 Дәріс. Клеткалар мен ұлпалардың құрылысы мен атқаратын қызметтері. Мүшелер



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

2 Дәріс. Клеткалар мен ұлпалардың құрылысы мен атқаратын қызметтері. Мүшелер, 
мүшелер жүйелері. Аппаратттар, біртұтас организм 
 
Адам анатомиялық тұрғыдан зерттеу кезінде шартты түрде клеткалар, ұлпалар, мүшелер, 
мүшелер жүйесі, аппараттар және біртұтас организм деп бөлінеді. 
Клетканың құрылысы мен оның атқаратын қызметі бұрынғы курста өтілген цитология пәнінде 
толық айтылғандықтан, клетка жалпы тірі организмдердің әрі құрылымдық, әрі қызметтік бірлігі 
екендігін еске түсіріп кету керек. 
Ұлпалардың түрлері және олардың құрылысы мен атқаратын қызметі де бұрын өтілген гистология 
пәнінде айтылғандықтан да, ұлпалардың жеке топтарына, олардың қандай мүшелердің құрамында 
кездесетініне және атқаратын қызметіне қысқаша ғана шолу жасау қажет. 
Жануарлар мен адам денесінде ұлпалардың 4 тобы кездеседі. Олар – эпителий, дәнекер, 
бұлшық ет және жүйке ұлпалары деп аталады. 
Ұлпа дегеніміз – шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі клеткалар мен клетка 
аралық заттардың жиынтығынан тұрады. 
1. Эпителий ұлпасы адам терісінің сыртқы қабатын, ішкі мүшелердің ішкі сілемейлі қабығын, 
денедегі бездерді түзеді де, жабын және қорғаныштық қызмет атқарады. Эпителий ұлпалары бір 



қабатты, көп қабатты, бір клеткалы және көп клеткалы (экзокринді, эндокринді және аралас) 
эпителий деп бөлінеді. 
2. Дәнекер ұлпасы – нағыз дәнекер (борпылдақ және тығыз талшықты), ретикулярлық, майлы, қатты 
(шеміршекті, сүйекті) және сұйық (қан, лимфа) дәнекер ұлпа деп бөлінеді. Дәнекер ұлпасы тіректік, 
қорғаныштық, қоректік қызмет атқарады. Дәнекер ұлпаның құрамында клетка аралық заттар басым 
орын алады. 
3. Бұлшықет ұлпасы – бірыңғай салалы және көлденең жолақты (қаңқа еттері, жүрек, кейб ір ішкі 
мүшелер) деп бөлінеді. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы адам еркінен тыс жиырылады. Жүрек 
бұлшықеттері құрылысы жағынан көлденең жолақты болғанымен адам еркінен тыс жиырылады. Ал, 
адам денесіндегі қаңқа бұлшықет ұлпалары адам еркіне сай жиырылады. 
4. Жүйке ұлпасы – орталық жүйке жүйесі (ми, жұлын) мен шеткі жүйке жүйесін (жүйкелерді, жүйке 
түйіндерін, ганглияларды), нейроглияларды түзеді. Жүйке ұлпасы сезгіштік, қозғыштық, 
байланыстырғыш, тіректік, қорғаныштық және қоректік қызмет атқарады. Жүйке ұлпасының ең кіші 
құрылымдық және қызметтік бірлігін – нейрон деп атайды. Жүйке ұлпасы сезім мүшелерінен келетін 
импульстарды талдап, саралап жауап қайтарады. Сонымен бірге, жүйке ұлпасы организмдегі жеке 
мүшелер жүйесін бір-бірімен және оларды сыртқы ортамен үнемі байланыстырып, олардың қызметін 
үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етіп отырады.
Мүше - өзінің белгілі бір пішіні, құрылысы және белгілі қызмет атқаруы арқылы 
ерекшеленеді. Әрбір мүшенің құрамында 4 ұлпаның бәрі де кездеседі. Бірақ ондағы бір ғана ұлпа 
басты қызмет атқарады. Мысалы, бауырда, өкпеде, бүйректе, бездерде – эпителий ұлпасы негізгі рөл 
атқарса, сүйектерде – дәнекер ұлпа, ал ми мен жұлында – жүйке ұлпасы басты қызмет атқаруымен 
ерекшеленеді. 
Мүшелер жүйесі – шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметтері біркелкі, бірнеше жеке 
мүшелерден құралады. Мысалы, асқорыту, тынысалу, жүрек-қантамырлар және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет