6
қабатты, көп қабатты, бір клеткалы және көп клеткалы (экзокринді, эндокринді және аралас)
эпителий деп бөлінеді.
2. Дәнекер ұлпасы – нағыз дәнекер (борпылдақ және тығыз талшықты), ретикулярлық, майлы, қатты
(шеміршекті, сүйекті) және сұйық (қан, лимфа) дәнекер ұлпа деп бөлінеді. Дәнекер ұлпасы тіректік,
қорғаныштық, қоректік қызмет атқарады. Дәнекер ұлпаның құрамында клетка аралық заттар басым
орын алады.
3. Бұлшықет ұлпасы – бірыңғай салалы және көлденең жолақты (қаңқа еттері, жүрек, кейб ір ішкі
мүшелер) деп бөлінеді. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы адам еркінен тыс жиырылады. Жүрек
бұлшықеттері құрылысы жағынан көлденең жолақты болғанымен адам еркінен тыс жиырылады. Ал,
адам денесіндегі қаңқа бұлшықет ұлпалары адам еркіне сай жиырылады.
4. Жүйке ұлпасы – орталық жүйке жүйесі (ми, жұлын) мен шеткі жүйке жүйесін (жүйкелерді, жүйке
түйіндерін, ганглияларды), нейроглияларды түзеді. Жүйке ұлпасы сезгіштік, қозғыштық,
байланыстырғыш, тіректік, қорғаныштық және қоректік қызмет атқарады. Жүйке ұлпасының ең кіші
құрылымдық және қызметтік бірлігін –
нейрон деп атайды. Жүйке ұлпасы сезім мүшелерінен келетін
импульстарды талдап, саралап жауап қайтарады. Сонымен бірге, жүйке ұлпасы организмдегі жеке
мүшелер жүйесін бір-бірімен және оларды сыртқы ортамен үнемі байланыстырып, олардың қызметін
үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етіп отырады.
Мүше - өзінің белгілі бір пішіні, құрылысы және белгілі қызмет атқаруы арқылы
ерекшеленеді. Әрбір мүшенің құрамында 4 ұлпаның бәрі де кездеседі. Бірақ ондағы бір ғана ұлпа
басты қызмет атқарады. Мысалы, бауырда, өкпеде, бүйректе, бездерде – эпителий ұлпасы негізгі рөл
атқарса, сүйектерде – дәнекер ұлпа, ал ми мен жұлында – жүйке ұлпасы басты қызмет атқаруымен
ерекшеленеді.
Мүшелер жүйесі – шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметтері біркелкі, бірнеше жеке
мүшелерден құралады. Мысалы, асқорыту, тынысалу, жүрек-қантамырлар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: