Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


А. Везалий ғылыми анатомияның негізін салды. XVII ғасырда Антон ван Левенгуктың



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

А. Везалий ғылыми анатомияның негізін салды. XVII
ғасырда Антон ван Левенгуктың (1632-
1723) микроскопты жетілдіре түсуі нәтежиесінде адам денесінің ұлпалары мен мүшелерінің 
құрылысы зерттеле басталды. 
XVIII-ХIХ ғасырларда жаратылыстану ғылымында іргелі жаңалықтар ашылды. М. Шлейден, 
Т. Шванн және Р. Вирхов клеткалық теорияны ашты. Ал, Ч. Дарвин эволюциялық ілімнің негізін 
қалады. 
Адам анатомиясы ғылымның дамуына орыс ғалымдары да зор үлес қосты. Олардың ішінен 
М.В.Ломоносовты, А.П.Протасовты, А.М.Шумлянскийді, Е.О.Мухинды, Д.Н.Зерновты, 
П.А.Загорскийді және т.б. атауға болады. 
Көрнекті орыс ғалымдары Н.И.Пирогов, П.Ф.Лесгафт, И.М.Сеченов, И.И.Мечников, 
С.П.Боткин, И.В.Павловтың анатомия ғылымының дамуына сіңірген еңбектері ерекше. 
Анатомия ғылымына зор үлес қосқан қазақ ғалымы Халел Досмұхамедов (1883-1939). Ол 
“Оқушының денсаулығын сақтау” (1925), “Адамның тән тірлігі” (1927) деген еңбектер жазып
анатомия, физиология және гигиена мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Адамның табиғаттағы жүйелік орны. Адам тірі организмдердің тарихи дамуында ең жоғары 
сатыдағы биологиялық түр. Адам жануарлар дүниесіне (Animalia) жатады. Оның ішінде желілілер 
(Chordata) типіне, омыртқалылар тип тармағына (Vertebrata), сүтқоректілер класына (Mammaliа), 
нағыз аңдар класс тармағына (Theria), ұрықжолдастылар инфракласына (Eutheria), приматтар 
отрядына (Primates), адамтектес маймылдар отряд тармағына (Anthropodea), тартанаулы маймылдар 
инфраотрядына (Catarrhini), адамдар тұқымдасына (Hominidаe), адам туысына (Homo), саналы адам 
түріне (Homo sapiens, L, 1758) жатады. 
Тірі ағзалар жүйесіндегі адамның орны 
 
Р/с Жүйелік топтар 
Қазақша атаулары 
Орысша атаулары 
Латынша атаулары 

Империя 
Жасушалық құрылысы айқын 
ағзалар 
Клеточные организмы 
Imperium 

Патшалық үсті (надцарство) 
Ядросы айқын ағзалар 
Ядерные организмы 
Eukaryota 

Патшалық (дүние) – (царство) 
Жануарлар 
Животное 
Animalia 

Патшалық 
тармағы 
(подцарство) 
Көпжасушалы жануарлар 
Многоклеточные 
организмы 
M etazoo 

Тип 
Хордалылар (желілілер) 
Хордовые 
Chordata 

Тип тармағы (подтип) 
Омыртқалылар 
Позвоночные 
Vertebrata 

Класс 
Сүтқоректілер (аңдар) 
Млекопитающие (звери) 
M ammalia 

Класс тармағы (подкласс) 
Нағыз аңдар 
Настоящие звери 
Theria 

Инфракласс 
Ұрықжолдастылар 
Плацентарные 
Eutheria 
10 
Отряд 
Маймылдар 
Приматы (обезьяны) 
Primates 
11 
Отряд тармағы (подотряд)
Жоғары 
сатыдағы 
маймылдар 
Высшие обезьяны 
Anthropoidae 
12 
Инфраотряд 
(секция) 
Тартанаулы маймылдар 
Узконосые обезьяны 
Catazhina 
13 
Тұқымдас үсті (надсемейство) 
Адамтектес маймылдар 
Человекообразные 
обезьяны 
Hominoidae 
14 
Тұқымдасы (семейство) 
Адамдар 
Человеки 
Hominidae 
15 
Туысы (род) 
Адам 
Человек 
Homo 
16 
Түрі (вид)
Саналы адам 
Человек разумный 
Homo sapiens 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет