-Аксиал-поршеньдi сорғы (Насос аксионально-поршневой) -ротордың айналмалы қозғалысынан және поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан энергия алатын роторлы сорғы. Сору қысымы 30 МПа дейін. Аксиал-поршеньдi сорғы гидроберілістерде, күштік бақылау жетектерінде қолданады.
-Екі қалақты сорғы (насос каловратный) -жұмысшы органдары айналмалы қозғалатын роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының екі қалағы арқылы орындаушы механизмдерге сұйықтық беріліп отырады.
-Көлемдік сорғы (Насос объемный) -сорғының сұйықтық шығатын бөлігінде орналастырылып, сол камерадағы сұйықтықтың көлемін өзгертетін құрылғы. Қозғалтқыш жетегінің қуаты сақтық клапанның көмегімен максималды түрде тұрақталып тұрады.
Қоректендiргiш сорғы (Насос питательный) -бу қазандарына суды жеткізу процестерінде қолданылады. Қоректендіргіш сорғы электрлі поршеньді сорғылар ретінде қолданылады.
Қоректендiргiш сорғы (Насос питательный) -бу қазандарына суды жеткізу процестерінде қолданылады. Қоректендіргіш сорғы электрлі поршеньді сорғылар ретінде қолданылады.
-Тiлiмшектi сорғы (Насос пластинчатый) -жұмысшы органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын айналмалы роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының тілімшектері арқылы орындаушы механизмдерге сұйыктық беріліп отырады.
-Радиал-поршеньдi сорғы (Насос радиально-поршневой) -ротордың айналмалы қозғалысы мен поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан механикалық энергия алатын роторлы сорғы; Радиал-поршеньдi сорғы қысымы жоғары гидрожүйелерде қолданады.
-Тiстегергiштi сорғы (Насос шестеренный) -жұмыс органы екі тістегергіштен тұратын роторлы сорғы; Тiстегергiштi сорғыда сұйықтықтың үлкен қысым мөлшерін реттеп отыратын сақтық клапаны орналасқан.
Поршеньді сорғы -тамшылы сұйықтықтың қозғалуы немесе газдың қысылуы және берілуіне, кірісі мен шығысына алма-кезек қатынасты, сонымен қатар көлемі де үнемі өзгеріп тұратын жұмыс бөлмешігіндегі органның өсері арқылы сұйық зат тиісті қуатқа ие болатын сорғы түрі.

Поршеньді сорғы түтқыр сұйықтықтарды тасымалдауға (гидросорғы) жәнедизельдерге отын беруде кеңінен қолданылады. Сығылған газдарды сыртқа аддап және сорған поршеньді сорғыны –поршеньді компрессорларден те атайды.