Формуланың көрсетуі бойынша сығу көрсеткіші артқан уақытта қуат жылдам артады.
Центрден тепкіш компрессорларды ретке келтіру келесі тәсілдермен жүзеге асырылады.
Центрден тепкіш компрессорларды ретке келтіру келесі тәсілдермен жүзеге асырылады.
1) Компрессордан шығу барысындағы дросселдеу тәсілімен реттеу.
Бұл жағдайда ысырма көмегімен құбырды жабу арқылы өнімділікті азайтамыз. Бірақ жабық ысырмада компрессордан шығу барысындағы қысым р1 -ден р2 -ге дейін артады (жүйенің сипаттамасы М-М-г жаңа жағдайға ауысады), сонымен қатар қолданылған қуат М-нен N2> -ге дейін кемиді, оның негізгі бөлігі газды ысырмадан өткізуге кетеді. Ысырма қаттырақ жабылған сайын қуаттың шығыны азаяды. Бұл тәсілде ауа үрлегіштің сипаттамасын реттеу тұрақты болады, тек қосымша кедергінің әсерінен, жүйенің сипаттамасы ғана өзгереді. Сондықтан жүйенің қисық сызығы М-М2 бастапқы жүйенің қисық сызығына М-М1 қарағанда тігірек болады (ашық ысырма кезінде).
Қорытындылай келгенде, центрден тепкіш компрессорларды дросселдеу тәсілімен реттеу тиімді емес.
Компрессорға кіру жерінде орналастырылған ысырмамен дросселдеу арқылы реттегенде, машинаның сипаттамасы өзгереді (графиктегі қисық сызық солға ығысады), өйткені сиреткен кезде кіре-берістегі қысым төмендейді.
Бұл жағдайдағы реттеу ауданы кіші болады, себебі негізгі дросселдеу кезінде машинаның жұмысы тұрақсыз болуы мүмкін.
Кіре-берісте дросселдегенде қуаттың толық шығыны кемиді, ал меншікті шығыны (1 кг газға) артады.
3) Газды сұрыптау арқылы реттеу. Бұл тәсілдің маңызы келесіде. Компрессормен газ беруді азайту үшін айдаушы құбырдағы клапанды ашады. Ол арқылы газдың артық бөлігі атмосфераға шығады немесе компрессормен қайта сорылып алынады. Клапанды жапқан сәтте бүкіл ауа айдаушы құбырға беріледі; клапанның ашық кезінде бүкіл ауа атмосфераға шығарылады. Компрессорға берілетін ауа толығымен қолданылмаса да, машина жұмысының режимі және қуаттың толық шығыны бастапқыдай қалады. Газдың берілуін азайтқан кезде қуаттың меншікті шығыны артады. Қорытындылай келгенде, сұрыптау арқылы реттеу тәсілі дросселдеу тәсілінен де тиімсіз болып табылады, бірақ реттеу ауданы басқа кез келген тәсілдерге қарағанда үлкенірек болып келеді.