Компрессордағы ауа қысымы аса ауыр процесс. Оны білуді оңайлату үшін теориялық жұмыс жасау процессі деген түсінік енгізілген. Оны оқып білген соң, одан қиын жұмыс жасау процессі қарастырылады.
Компрессордың жұмыс жасау процессінде туғызылатын көптеген факторлар есепке алынбайтындықтан процесс теориялық жұмыс жасау процессі деп аталады
Диаграммадағы 1 және 2 нүктелерінде поршеннің орналасуы өлі жағдай деп аталады, өйткені поршеннің жылдамдығы нөлге тең болады, яғни компрессор жұмыс істемейді.
Диаграмма көлемі 1-2-3-4 индикаторлы деп аталады. Ол бір циклдің жұмысын көрсетеді. Қысымның бірдей деңгейінде индикатордың көлемі аз болған сайын, компрессорды қалпына келтіруге байланысты жұмыс шығыны да аз болады.
Центрден тепкіш компрессордың сипаттамасы (9.10-сурет) үш сызықтан тұрады: қысым Q -р, қуат Q -N және п.ә.к. Q-ТQ. Бұлар компрессор өнімділігіндегі қысымның, қуаттың және п.ә.к. тәуелділігін сипттайды. Және ординат остерінде кіру мен шығу қысымдары теңеледі.
Компрессордың қуаты
Компрессордың қуаты
Центрден тепкіш компрессорлардың жұмыс істеу барысында газ көбінесе сығу нәтижесінде және гидравликалық дискілік шығындар есебінен қызады.
Сөйтіп, центрден тепкіш компрессордағы сығылған газ ағысына үйкеліс нәтижесінен қосымша жылу беріледі. Компрессорлардағы сығу адиабатадан тыс процесте жүреді
Мұндағы ηад адиабаттық п.ә.к.–адиабаттық сығу жұмысының компрессордың біліктегі жұмысына қатынасы;