1.2.Зерттеу бөлімі
Адамдардың бір қолын екіншісінен артық көруінің себебі неде? Мүмкін бұл жай ғана ыңғайлылық шығар?
Болжам – Оңқолдылық-бұл жаттығу мен дәстүрдің жемісі
Кішкентай бала қандай қолмен заттарды алу керектігін ойламайды, білмейді, сондықтан оны дәстүр бойынша оң қолын қолдануға үйретеді. Мүмкін, мені де бала кезімнен оң қолмен жұмыс істеуге үйреткен шығар!?Себебі, менің білуімше егер бала сол қолмен жазса, оны қайта үйрететін... Сонымен, анам мені оң қолмен жазуға үйретіп, тәрбиелепті. Соның нәтижесінде мен оң қолмен де сол қолмен де жұмыс істей аламын.Бірақ сонда да маған сол қолыммен жұмыс істеген өте ыңғайлырақ. Мұны дәлелдеу үшін мен кіші сіңілімФаризамен тәжірибе жүргіздім.Оның жасы 5-те. Ол туылған кезінен бастап барлығын оң қолымен орындайды. Оны бұл нәрсеге ешкім үйреткен жоқ ғой...
Кішкене эксперимент жасай кетсем...., мен сіңіліме сол қолына карандаш беріп, салынған суретті бояуын өтіндім, бірақ ол карандашты лезде оң қолына алды да суретті бояй кетті. Ендеше, неліктен сіңілім барлығын оң қолымен, ал, мен сол қолыммен орындағым келеді? деген сұрақ туындайды.
Қорытынды: Адам солақай немесе оң қолды болып туылады, яғни, жүре пайда болмайды.
Ал, енді болжамды нақтылау: Адамның жетекші қолын, оның миы анықтайды.
Бұл болжамды анықтау үшін, мен ғылыми деректерге жүгіндім. Міне зерттеу барысында, мен мидың құрылымы туралы білдім. Ол терең ойықпен (корпус каллосум) екі бөлікке бөлінген, оны біз жарты шарлар деп атаймыз. Олар мидың ең үлкен бөлігін алады.
Сол жақ жарты шар математика, сөйлеу, жазу, оқу, ғылымға жауап береді. Оң жақ жарты шар музыка, кескіндеме, объектілерді бейнелі қабылдау және біздің сезімдерімізге жауап береді.
Мидың сол жарты шары оң жақ жартысының қозғалысын басқарады, яғни, оң аяқтың оң қолдың қозғалыстарын басқарады. Көптеген адамдарда сол жақ жарты шар оң жақтан сәл үлкенірек. Сондықтан олардың оң қолы сол қолдарына қарағанда жақсы жұмыс істейді.
Ал, мидың оң жарты шары дененің сол жақ жартысының қозғалысын басқарады, яғни, сол аяқ және сол қол. Солақай адамдарда, керісінше, оң жарты шар басым, сондықтан сол жақ жартысы жақсы жұмыс істейді.
Жарты шарлардың мамандануы кез келген қызметтің олардың арасында «бөлінетінін» білдіреді, сондықтан кейбір кезеңдерді оң жарты шарда, ал басқаларын сол жақта орындайды.
Оң жарты шар.
|
Сол жарты шар.
|
1. Дүниені қабылдау түрлі-түсті, бейнелі, тұтас.
2. Эмоцияларға, интуитивті қабілеттерге жауапты.
3. Ақпаратты синтездейді.
4. Өтірік айтуды білмейді, юморды түсінеді.
5. Кеңістіктік-визуалды функцияға жауапты.
7.Ақпаратты бірден өңдейді.
8. Ағзаның ішкі ортасын және иммундық жүйенің қызметін реттеуге қатысады.
|
1. Логикалық, аналитикалық, дерексіз ойлау.
2.Ақпаратты ретімен өңдейді.
3. Жалған мәлімдеме жасауға қабілетті.
4. Дауыстағы эмоция реңктерін ажырата алмайды.
|
Сөйлеу - жеке: 31-32% - оң жақта, 50-54% - сол жақта, 11-16% - екі жарты шарда.
|
Достарыңызбен бөлісу: |