Мен солақаймын, өйткені менде мидың оң жақ жарты шары басым.
Менің мидағы жарты шарларымның «кері рөлдерге» ие болуының себептері қандай?
Мүмкін менің солақай болуым тұқымқуалаушылық шығар? Статистикалық мәліметтер бойынша, егер ата-ананың екеуі де оң қолды болса, солақай баланың болу ықтималдығы 2% құрайды. Егер ата-ананың біреуі солақай болса, ықтималдық 17% дейін артады. Егер ата-анасының екеуі де солақай болса, солақай баланың туылу ықтималдығы 46% құрайды.
Сонымен, туыстарымда солақайлардың бар-жоғына зерттеу жүргізсек...
анам мен әпкем мен сияқты солақай, ал әкем оң қолды.
Мен анамды бақыладым. Ол, расында, барлығын сол қолымен жасайды. Жетекші қолды нақтылау үшін бірнеше тесттер жүргіздім(бұл сынақтар туралы кейінірек айтамын).
Мен әпкемнің жетекші қолы аяғы, көзі құлағы сол жақ екенін байқадым, яғни, ол қайта тәрбиеленген солақай болуы мүмкін. Анамнан сұрағанымда, ол әпкемді қайта тәрбиелегені туралы есіне түсіріп айтты. Тамақты оң қолымен ішіп, тігінді оң қолымен тігетін әпкем, ыдысты сол қолымен жуады, бұл өзіне ыңғайлы екенін атап өтті.
Яғни, әпкем және мен қайта тәрбиеленген солақайлармыз.
Тұқымқуалаушылықты біле отырып, мынадай қорытындыға келдім:
Мен солақаймын. Бұл тұқым қуалаушылықтың нәтижесі. Гипотеза: Солақайлық менің қабілеттеріме әсер ете ме? Бұл гипотезаның дұрыстығын анықтау үшін сыныптағы оқушылар арасында солақайларды анықтау мақсатында зерттеу жүргіздім. Солақайлықты анықтауға арналғани арнайы тесттер бар.
Доминант қолды анықтауға арналған эксперименттер 1. «Наполеон позасы» - қолды айқастыру. Оң қолдар үшін оң қол сол білек үстінде, ал сол қол оң білек астында, сол қолдар үшін сол қол жоғарыда, оң қол сол білек астында болады.
2. «Шапалақтау» әдісі. Қол шапалақтау кезінде жетекші қол белсендірек және мобильді, басым емес қолдың алақанында соққы қозғалыстарын жасайды.
Жетекші көзді анықтауға арналған эксперименттер 1. «Телескоп арқылы қарау» әдетте жетекші көз арқылы жүзеге асырылады.