Ангелы не спят


• Казы – конское мясо, набитое в кишки, типа колба- сы. •  Асык



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата03.03.2017
өлшемі16,06 Mb.
#6692
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
• Казы – конское мясо, набитое в кишки, типа колба-
сы.
•  Асык  –  костяшка  овцы,  соединяющая  голень  с  бе-
дром, для игры в кости.
• Бакс-бай – от слова «баксы», т.е. доллары.
• Мочась на соль – идиома: вид клятвы
• Лянгы – игровой инвентарь, типа волана, – кусочек 
кожи  с  шерстью,  к  которому  пришивается  свинец. 
Играют,  подбивая  ногами,  применяя  различные  при-
емы
• Атан – холощеный верблюд
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПРЯТКИ
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ЖАСЫРЫНБАҚ
           
342
343

ТОҚТЫШАҚ 
Наурыздың  шағырмақ  күні  мен  өкпек  желі  сіре 
қардың көбесін екеулеп сөгіп жатты. Тоңнан бо-
саған жердің ажары анық кірмегенімен алакөбең-
деніп қалған. 
Теңіздің  қуысында  қамалған  төрт-бес  үйді  қор-
шап алғысы келгендей жағалауды көмкере біткен 
нар қамыстар үкілі басын тербеп, баяу сыбдырай-
ды. 
Қалың арасынан жылт етіп көрінген ашөзек түл-
кі ауыл жаққа тұмсығын төсеп иіс аулағанымен, 
көңілін  жұбата  алмай,  қозы-лақ  ойнаған  қораны 
төңіректейді.
Тоқтышақ қарға аунай-аунай жоны өрттей боп жа-
нып бара жатқан түлкіні бұ жолы да аңдап қалды.
–  Әжем  қорада  жүр.  Өскен  соң  қақпан  құрып 
ұстап аласың деді. Әзірге жүре тұр, – деді бүлкіл 
қағып бара жатқан түлкіге торша бала тіл қатып. 
ТОКТЫШАК 
Мартовское солнце и холодный ветер разрывали 
с двух сторон снежный наст. Хотя земля, освобо-
ждающаяся от промерзшего грунта, еще не обре-
ла красивый, оживленный вид, но уже разнообра-
зилась. 
Охватившие все побережье густо растущие и тол-
стые камыши, качая пушистыми головками, слов-
но  желая  затянуться  петлей  вокруг  пяти-шести 
домов, запертых у самого моря, тихо шелестели. 
 
 
 
Показавшаяся  мельком  в  этой  камышовой  гуще 
голодная лиса принюхивалась, направив мордоч-
ку в сторону аула, но, не удовлетворившись этим, 
порыскала в сторону загона для ягнят и козлят.
Токтышак и на этот раз заметил эту лису, шкура 
которой, обвалявшись на снегу, горела, как огонь. 
 
 
 
-  Бабушка  ходит  в  скотном  дворе.  Сказала:  ког-
да вырастешь, – поставишь капкан и поймаешь. 
А пока поживи, – обращался к бегущей лисе ма-
ленький мальчик. 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОКТЫШАК
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОҚТЫШАҚ
           
344
345

–  «Қаладағы  бай  шыдатпай  жүрген  шешеңе  жі-
бер.  Төбесі  жұқарып,  миы  сұйылған.  Малақай 
істеп кисін», – деді әжем.
Омыраудан шығысымен әжесінің әлдиімен өскен 
Тоқтышақ  өз  әкесін  түстеп  танымайды.  Шешесі 
бірде:  «Байқамаппын,  мінезсіз  ит  екен.  Қызған-
шақ, іші тар боп шықты», – деп отырған. 
Келесі  жаз  жанына  жылмаң  қаққан  көсені  ертіп 
келді. 
Тағы  бір  көктемде  мұртын  сылаған  сырбазбен, 
қысқа салым, соғым соярда, қаба сақал қарамен 
оралды. 
Кейін әжесіне сәлем айтыпты: «Қазаққа күйеуге 
тиіп болдым. Енді саудаға басы бүтін кірістім», – 
деп. 
Дүкен ұстайтын шығар...
Сәске  кезінде  қорадан  оң  аяғын  билете  басып 
ақсақ  кемпір  шықты.  Жаулығы  ағараңдап  теңіз 
қуысында  түтін  басы  бірікпей  бір-бірінен  үркіп 
ұшқан төрт-бес үйге қарап әдетінше аңырап қоя 
берді.
– Қыз баққаннан қарға жиып бақсамшы... Бірінен  
тірілей, бірінен өлілей ай-ры-леп...
Кемпірдің ащы зары бұйығы жатқан төрт-бес үй-
дің тәтті ұйқысын шошытып жібергендей. 
Алдымен ақ шатырлы көрші үйден шаң-шұң ұрыс 
шықты.  Монтер  ағасы  мен  қайыстай  қара  қаты-
ны-дағы тағы қаймалдасып жатқан. Әдеттегідей, 
соңы  қашты-қудыға  ұласпай,  өрт  тез  сөнді.  Қо-
ламтасы қоздап, кешқұрым кері жалғасар. 
Әжесі  ұрысқақ  қатынды  жаратпай:  «Тілі  көсе-
удей, көсей-көсей есіл азаматты қор етті ғой», – 
деп тыжырынып қалатын.
- Отправь в город к своей матери, у которой мужья 
не задерживаются. Кожа на ее голове утонченная, 
оттого-то и мозги разжижены. Пусть сошьет себе 
шапку, – говорила бабушка. 
Токтышак, росший с пеленок под опекой бабушки, 
не знал ничего о своем отце. Как-то мать расска-
зывала про него: «Не заметила вовремя, скверный 
был  характер  у  этого  пса.  Ревнивый,  мелочный 
оказался». 
Следующим летом привела с собой какого-то без-
бородого, юркого пройдоху. 
Как-то  весной  –  кого-то  замкнутого,  все  время 
гладившего усы, а осенью, когда забивали скот на 
зиму,  появилась  с  черным  типом  с  густой  боро-
дой.
Потом  передала  привет  его  бабушке:  «Все,  пре-
кращаю выходить замуж за казахов, теперь пол-
ностью занялась торговлей». 
Наверное, открыла магазин... 
 
 
Поздним  утром  из  скотного  двора,  приплясывая 
на правой ноге, вышла полухромая старуха. Белея 
своим платком и глядя на запертых у побережья 
пять-шесть домов, не объединенных, а отчужден-
ных друг от друга, как всегда, заголосила:  
 
 
 
 
 
- Чем воспитывать дочь, лучше бы я, собрав во-
рон, лелеяла их... Избавившись от одного живым, 
от другого – мертвым...
Похоже, причитания старушки похожие на завы-
вания, испугав, оторвали от сладких снов съежив-
шихся во сне пять-шесть домов. 
Сначала из соседнего дома с белой крышей раз-
дался  шум-гам,  ругань.  Наверное,  дядя-монтер 
со своей черной и сушенной, как ремень, женой 
опять что-то не поделили. Но ссора не продолжи-
лась, как обычно, бегом с преследованием, – ис-
кры пожара погасли. Возобновившись, к вечеру, 
раздражение обязательно приведет к новой битве. 
Бабушка его, возненавидев эту сварливую женщи-
ну, говорила: «Язык у нее словно кочерга, шуруя и 
шуруя им, совсем унизила несчастного мужа», – и 
всегда морщилась.   
 
 
 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОКТЫШАК
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОҚТЫШАҚ
           
346
347

Оң жақтағы тоқал тамның есігі шалқасынан түсіп, 
іштен екі беті нарттай боп Пішенбай шықты. Көзі 
майланып жайнаң қағады.
– Тез жиналыңдар! Бураны пішеміз. Нәлеті!
Соңынан бұрынғы «пермі бастықтың» шалғайына 
опатылып Науқанбай шабарманның қолтоқпақтай 
басы қылтиды. Қоян бөркі ұйпа-тұйпа боп теріс 
айналып кетіпті.
– Обалы жоқ! – деп екіленді аузы жаялықтай боп.
 
– Қайрақ қайда?!
Тоқтышақ ернін тістей алды.
Тоқал тамның иесі жадау шал-тын. Қақ-соққа қа-
тысы жоқ, бар өмірі мал соңында өткен. 
Жекешелендіру  келіп  тиіскенде  үлес  бұйырмай, 
ысқырып  қана  қайыратын  уақ  жандығы  қалған. 
Есесіне Пішенбайдың көзі сол кезден бастап май-
ланды десетін жұрт.
... Аңқау еді, жарықтық.
Төлді  көп  алған  жылы  ауданға  әспеттеп  шақы-
рыпты. Алқалы жиын боп, ойдан-қырдан тәжіри-
бе алмасамыз деп келгендер ығы-жығы дейді. 
Бір домаланған бастық бала жадау шалды жетек-
теп апарып «ардагеріміз», «еңбек озатымыз» деп 
қолпаштап төрге оздырған. «Алдымен малды қа-
лай жаясыз, өрісті қайтып жаңартасыз, соның сы-
рын айтыңызшы», – деп тап бір қымбат құпияны 
біліп алғылары келгендей барлығы мұның аузын 
тосыпты.
Ғұмыры шаршы топқа түсіп мінбер мінбеген, ба-
ла-шағадан басқаға билік айтып көрмеген жадау 
шал не десін?..
– Осы отырғандарды бір отар қой дейтін болсақ, 
– деп залды оң қолымен орап өтіпті. – Түске дейін 
Дверь,  расположенного  справа  дома  без  кровли, 
распахнулась настежь, наружу вывалился Пшен-
бай с румяными щеками. Глаза его весело блесте-
ли.  
-  Соберитесь  быстро.  Будем  кастрировать  буру. 
Черт!
Следом за бывшим «управляющим фермой», пу-
таясь под его ногами, показалась похожая на ду-
бину голова посыльного Науканбая. Его помятая 
и всклокоченная заячья шапка была одета наобо-
рот.  
 
- Так ему и надо! – проговорил его раздвоенный 
рот, став величиной с тарелку. 
– Где точило?!
 
 
 
 
Токтышак прикусил губу. 
Хозяином  дома  без  кровли  был  тощий  старик, 
не  имевший  отношения  к  спорам-раздорам,  всю 
жизнь ходивший за скотом. 
Когда началась приватизация, доля ему не доста-
лась, остались у него лишь несколько голов мел-
кого скота, которым можно было управлять даже 
свистом. Зато в то время, говорят, заблестели гла-
за Пшенбая. 
… Наивным был покойный.  
Когда с овцематок получил большой приплод, его 
с честью пригласили в райцентр. Состоялось тор-
жественное собрание, со всех концов для обмена 
опытом собралось множество специалистов. 
Один  юркий  молодой  человек,  взяв  под  руки 
тощего  старика  и  представив  его  «ветераном», 
«передовиком  производства»,  вывел  на  трибуну. 
«Сначала  расскажите  секреты  того,  как  пасете 
скот,  как  обновляете  пастбища»,  –  обратились  к 
нему, заглядывая в рот, словно все хотели узнать 
какую-то драгоценную тайну. 
 
Что мог рассказать тощий старик, никогда в жиз-
ни  не  выступавший  перед  публикой,  никому  не 
отдававший  приказов,  кроме  мелюзги,  да  кучки 
людишек.    
 
 
 
 
 
 
- Если считать всех здесь сидящих за овец, – охва-
тив жестом правой руки весь зал, – то до полудня 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОКТЫШАК
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОҚТЫШАҚ
           
348
349

былай жаямын, – деп, күншығысты меңзейді.
–  Көлеңке  басы  қысқарған  кезде  көлден  суара-
мын.  Өзім  де  кемпірімнің  қаймақ  қатқан  қою 
шәйін терлеп-тепшіп ішіп аламын. Көз шырымын 
алып мызғимын. Сосын кешкі салқын түсе былай 
қарай өрістетемін, – деп күнбатысты көрсетеді.
Осы  тұста  мұны  әспеттеп  алға  шығарған  дома-
ланған  бастық  бала  даусы  әлем-тапырық  боп 
бажылдап жіберіпті.
–  Жетті,  ойбай!  Енді  қозыны  қайтіп  көп  алып 
жүрсіз? Соны айтыңыз да, сөзді доғарыңыз!
– Е, қошқарларға кәтта обал болды, – дейді бұл 
қабағын шытып. – Күйегі алынып, күйлеген қой-
дың құйрығына бұрынғыдай жабысып жатпайды. 
Саулықтарым  қазір  де  ғылыммен  шағылысып 
жүр.  Мауқы  қанбайды.  Көздері  мөлиіп  тұрады. 
Қайтсін енді?! Сосын...
Әлгі домаланған бастық бала шиедей боп шыж-
баңдап,  қыран-топан  күлкінің  ортасынан  мұны 
суырып алып, қойторысына әрең деп отырғызып 
жіберіпті.
Сөйткен  жадау  шалды  бұрынғы  «пермі  бастық» 
қыстақ  ауыстырамын  деп  көмекке  шақырады. 
Жем  мен  сұлыға  бөгіп,  құйрығын  теуіп  тұрған 
мініс атын қимайды. Астына екі өркеші баладай 
бураны беріп бір қора сиыр айдатады. 
Қаңтарда жарап, ақ жынын аспанға атып тұрған 
бура  өркешінен  мойны  аспай  қылқиып  отырған 
дәрменсіз жанды менсіне ме? 
Қамшысын сауырлата берген шалдың қылығына 
алдымен  шамданыпты.  Бара-бара  шын  қайраты-
на  мініпті.  Бейқамдығын  бағып,  иір-иір  мойы-
нын  қайырып  әкеліп  қара  саннан  азуын  салған. 
Тулақтай етін жұлып алып сонадай жерге лақты-
рған. Оған да құшыры қанбай, шөге қап төс таба-
нымен езген. 
пасу вот так, – говорил он, указывая на восток. 
-  Когда  тени  вконец  сокращаются,  –  гоню  их  к 
озеру на водопой. И сам тоже, потея и пыхтя, пью 
из  рук  старухи  крепкий  чай  с  густым  молоком. 
Потом, закрыв глаза, дремлю. Потом, как только 
наступает вечерняя прохлада, гоню стадо туда, – 
говорил, показывая рукой на запад. 
В  этот  момент  юркий  молодой  начальник,  с  по-
четом выведший его на трибуну, визгливо завере-
щал: 
- Хватит, достаточно! Теперь расскажите, как вам 
удается получать столько ягнят, и на этом завер-
шайте речь. 
 
 
- Э, случку овец сейчас производят по науке. Ба-
ранов-самцов жалко, – сказал он, нахмурившись, 
–  не  липнут  же,  как  раньше,  к  курдюкам    уже 
оплодотворенных овечек. Стоят умоляюще, смо-
трят вожделенно. Что им делать-то. Потом... 
 
 
 
 
 
 
 
Тот же самый юркий молодой начальник, вскипев, 
как  вареная  вишня,  вытащил  его  из  хохочущего 
зала, еле-еле посадив на гнедого коня, отправил 
домой.  
 
 
 
Именно  этого  тощего  старика  бывший  «управ-
ляющий  фермой»  призвал  на  помощь  для  пере-
кочевки на зимовье. Пожалел свою лоснящуюся 
ездовую лошадь, вскормленную кормами и овсом. 
Дав ему буру, каждый горб которого был величи-
ной с ребенка, поручил гнать целое стадо коров.
Разве  мог  вытерпеть  тщедушного  человечка,  го-
лова которого даже не выглядывала из-за горбов, 
готовый в январе к спариванию и оттого-то взъя-
ренный бура? 
Действия  старика,  пустившего  свою  камчу  по 
крупу, явно не понравились верблюду, и он зата-
ил  обиду.  Позже  он  выплеснул  свою  злобу.  До-
ждавшись  беспечности,  повернув  свою  шею  со 
складками, вцепился зубами за бедро. Вырвав его 
со спины, как высушенную шкуру, выбросил на 
приличное расстояние. Не угомонившись и этим, 
присев на задние ноги, стал топтать его передни-
ми. 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОКТЫШАК
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОҚТЫШАҚ
           
350
351

Ішек-қарынын  шұбатып  ақ  қардың  үстінде 
жантәсілім еткен әкесін көрген жалғыз ұлды со-
дан бері желік кеуледі...
Шаңқ етіп ит үрді. Қара қанден екен. Бәкене там-
ның есігінен шапшып шығып көрші ауылға қарай 
көсілте салды. 
Күндегісі осы. Жамиғаның иті. Жеңгесінің етегі 
қанамай күйеуімен ажырасып тынған. 
Әскербек болса көрші ауылдың кәрі қызына үй-
леніп сәби сүйіпті. Оны біліп жатқан бұл жоқ. Қо-
лын жалатып өсірген ерлі-зайыптының неге енді 
екі жақта тұратынын түсінбей дал. 
Алғашқыда ізім-қайым болған Әскербекті жоқтап 
әркімге бір жалтақтап бітті. Кейін ел ақтап жүріп 
иесін тапқан. 
Содан  бері  қара  қанденнің  тірлігі  кілт  өзгерді. 
Жамиға жеңгесінің үйіне бір түнеп, көрші ауылға 
қарай сынық сүйемдей аяқтарын бауырына алып 
құйындатып бара жатқаны...
– Ақ торғындай еді-ау, қай-те-ен! – деген әже да-
уысы  естілді.  Күйік  қақты  кейуана  әлсін-әлсін 
ішкі запыранын құспаса шері тарқамайды.
Тоқтышақтың  сол  ақ  торғындай  апасы  былтыр 
көктемге салым тұрмысқа шыққан. Жездесі өткір 
көзді, қыр мұрынды әдемі жігіт екен. Теңіз қуы-
сындағы төрт-бес үй өз етектеріне өздері сүрініп 
жүріп, әйтеуір, той ма, томалақ па – жасап ұзатқан. 
Қуаныштары  ұзаққа  созылмады.  Араға  апта  са-
лып мұның ақ торғындай апасы пойызға өзін-өзі 
тастап  өлді  деген  суық  хабар  жеткен.  Жаласы 
күйеуінен деп ел шуласқан...
Жадау шалдың жалғыз ұлын тағы да есірік мең-
деген екен. Үйінен жұлқынып шықты. Қарашығы 
ауып кеткен. Қолында селебе пышақ.
–  Әкемнің  қарасына  соям  деп  алдап...  Енді  атан 
Единственного  сына,  видевшего  своего  умерщ-
вленного  отца  с  разорванными  внутренностями 
на снегу, охватила с тех пор невменяемость...
 
 
 
Визгливо  залаяла  собака.  Черная  шавка.  Выско-
чив  из  дверей  невысокого  домика,  помчалась  в 
сторону соседнего аула. 
И каждый день так. Собака Жамиги. Не окровавив 
свой подол, эта тетушка была разведена с мужем. 
Аскербек же, женившись на старой деве из сосед-
него аула, имел уже маленького ребенка. Об этом, 
конечно, собака не знала. Не могла понять, почему 
эта пара, руки которой она облизывала с момента 
появления на свет, живет теперь разъединённо, да 
в разных местах. 
Вначале сильно тосковала. Скучая по Аскарбеку, 
подбегала к каждому, словно спрашивая о нем. Но 
потом, сопровождая людей во время праздников, 
нашла своего хозяина. 
После  этого  жизнь  черной  моськи  круто  изме-
нилась.  Переночевав  у  тетушки  Жамиги,  наутро 
мчалась в сторону соседнего аула, выкидывая при 
беге ноги, похожие на обрубки, до груди... 
- Была-то, как белый шелк, как мне быть-то? – раз-
дался завывающий голос бабушки. Если изредка 
горюющая старая мать не изливала голосом свою 
беду, то ее внутренние муки не рассеивались. 
Эта, «как белый шелк», сестра Токтышака к той 
весне  вышла  замуж.  Зять  их  оказался  горбоно-
сым,  красивым  парнем,  с  пронзительным  взгля-
дом. Пять-шесть домов у побережья сами, споты-
каясь о свой подол, каким-то образом проведя то 
ли свадьбу, то ли круговую вечеринку, выдали ее 
замуж. 
Радость  их  длилась  недолго.  Через  неделю  его 
«как белый шелк» сестра закончила жизнь само-
убийством, бросившись под поезд. Вину аул сва-
лил на ее мужа…
Единственный сын тощего старика снова впал в 
безумство. Выскочил из дома разъяренным. Зрач-
ки его глаз выкатились из орбит. В руках у него 
был большой кухонный нож.  
 
 
 
 
- Обманув, что принесет его в жертву на поминках 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОКТЫШАК
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОҚТЫШАҚ
           
352
353

етем дейд! Әкемді өлтірген бура емес, Пішенбай! 
Қазір өзін пішіп тастаймын. Жібер де жібер!
Бажылдап шалғайына жармасқан шешесін түйіп 
тастап қораға ұмтылған...
Әжесінің созып салған зары да жағаласа шықты.
– Қайсыбірін ай-та-ен?!
Бұл күнде жұрт аузына қақпақ бар ма?
– Есіттің бе, әлгі жығылып жүріп той берген қы-
зымыз неке түні қыңқ дей алмапты. Бетінің ажа-
ры жоқ екен. Шыдасын ба, өткір көзді, қыр мұрын 
әдемі  жігіт  ашуға  тізгін  беріпті.  Ендеше  деп... 
Жақтан олай бір тартып, былай бір тартып... Пұ-
шайман болған қыз өз ұятына өзі пісіп құтпан ай-
ғырдай азынап бара жатқан пойызға жүгіріпті. 
- Күйеу бала сотта міз бақпапты дейді. Айтқаны:
– Мен өзіме тиесіліні сұрадым, – депті. Ер екен...
– Араша, халқым!
Бес-алты еркектің ортасынан суырыла қашқан Пі-
шенбай жанын аузына тістеп, құйын-перен қора 
айналып бара жатты.
Желігіп алған жалғыз ұл селебе пышағын сілтеп 
өкшелей түсті. 
Бура мең-зең қалпы, омырауы ақкөбік боп күйіс 
қайырып тұр...
Өкпек  жел  тынып,  аспанды  қазбауыр  бұлттар 
басынып  алған.  Шытыр  жеген  түйедей  ыңыра-
нып,  бүйір  тақастырып,  жерге  жақындай  түсті. 
Сұрғылт ауа сыз бүркеді. Теңіздің қуысында қа-
малған  төрт-бес  үйді  қоршап  алғысы  келгендей 
моего  отца...  А  теперь  говорит,  что,  выхолостив 
буру, превратит его в атана! Отца моего убил не 
бура, а Пшенбай! Сейчас я кастрирую его самого. 
Пусти, говорю, пусти! 
Оттолкнув визжащую мать, вцепившуюся в него 
сбоку, устремился на скотный двор. 
 
 
 
 
 
К этим крикам и визгу присовокупилось и завы-
вание его бабушки. 
- О ком мне еще горевать-то! 
 
 
- Разве в это время найдется крышка для ртов? 
 
-  Слышала,  наша  девушка,  которую  мы,  споты-
каясь, еле-еле  выдали замуж, в первую брачную 
ночь  даже  не  вздрогнула.  Оказалась  нецелому-
дренной.  Разве  мог  выдержать  такое  оскорбле-
ние тот горбоносый, красивый джигит с острым 
взглядом,  –  дал  волю  своей  злобе.  Отхлестав  ее 
по одной, а затем по другой щеке... Опозоренная 
девушка,  сварившись,  в  своей  стыдобе  сама  ки-
нулась под поезд, ревущий, словно бура во время 
гона.    
- Зять наш на суде, говорят, даже не оправдывал-
ся. Сказал: 
– Я прошу для себя то, что заслужил. Настоящим 
мужчиной оказался. – Распускали слухи аульные 
жители. 
 
 
 
 
 
- Спасите, люди! 
Выскочивший  из  среды  пяти-шести  мужчин 
Пшенбай, прикусив зубами свою душу и сверкая 
пятками, бежал стремглав со скотного двора. 
Впавший в безумство, единственный сын покой-
ного  старика,  размахивая  огромным  ножом,  пу-
стился за ним вдогон. 
Удивленный  бура  застыл  на  месте,  покрывши 
свою грудь белой пеной и жуя свою вечную жвач-
ку. 
 
 
Слабый  ветер  утих,  небо  заполонили  густые  тя-
желые тучи. Лениво сгущаясь, словно верблюды, 
насытившиеся бурачком и жмущиеся друг к другу 
боками, приблизились к земле. Сероватый воздух 
опрыскивался  сыростью.  Охватившие  все  побе-
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОКТЫШАК
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОҚТЫШАҚ
           
354
355

жағалауды көмкере біткен нар қамыстар үкілі ба-
сын  тербеп  баяу  сыбдырайды.  Қалың  арасынан 
жылт етіп көрінген ашөзек түлкі ауыл жаққа тұм-
сығын төсеп иіс аулайды.
–  Жон  терің  өрттей  боп  жанып  ортамызда  жүре 
бер, – деді торша бала өз-өзінен қамығып. – Сені 
ұстап алғанда қай мұратымызға жетерміз дейсің? 
Малақай кигенмен саудаға түскен шешемнің тө-
бесі бүтінделмес.
Көптен бой үйретіп алған түлкі Тоқтышаққа қа-
рай абайлап бір басып, екі басып қояды.
– Саған қандай жақсы! – деді торша бала түлкі-
ге. – Жат боп кеткен әкең, жағаласып жатқан көр-
шің жоқ. Атасынан қалған жаман тонды мектепке 
киіп барса мазақтап жүргізбейтін достарың жоқ. 
Тіпті өз ұятына өзі пісіп өлді дейтін ақ торғындай 
апаң да жоқ. Мұны бауырына қысып еркелететін 
жалғанда жалғыз адам сол еді ғой...
Айтары  көп  еді.  Өксік  кептеп,  көз  жасына  тұн-
шығып қалды. Жапалақтап қар түсе бастады. Күн 
көкжиектен  құлап  барады  екен.  Қараңғылық  ер-
кінси бастапты. Әлгінде өзі көрместей боп қашып 
шыққан ауылға сараң басып келе жатты.
– Құлыным, үйге кір! Наурыздың ақша қары ғой 
бұл. Жауа түс! Жаусыншы, – деп қояды әжесі оң 
аяғын билете басып. Арқасындағы бір қап тезекті 
көтеріп еңістегі үйге еніп кетті...
Монтер  ағасы  бүгін  тағы  ішіпті.  Қайыстай  қара 
қатынымен  кәнігі  қаймалдасуы  басталып  кеткен 
екен.
– Жеті қыз таптың. Арасында бақа басты болса да 
бала жоқ, – дейді алдындағысын жайпап. Кесек-
теп атқан соң ыдыс-аяқ қирайды.
– Жапырағың жайылсын деп жаттым... Жазығым 
сол  ма?  Бала  таптырсаң  қой  деппін  бе?..  Төр-
кінімнен қызды қоралап айдап келіппін бе?..
режье  густо  растущие  и  толстые  камыши,  качая 
пушистыми головками, словно желая затянуться 
петлей вокруг пяти-шести домов, запертых у са-
мого моря, тихо шелестели. Показавшаяся мель-
ком в этой камышовой гуще голодная лиса при-
нюхивалась, направив мордочку в сторону аула. 
-  Живи  дольше  среди  нас,  светясь  огнем  своей 
шкуры  на  хребте,  –  молвил  мальчик,  непроиз-
вольно опечалившись. – Какой мы можем достичь 
цели, выловив тебя. Хоть сошьет себе шапку наша 
мать-торговка, но от этого вряд ли ее голова вста-
нет на свое место.
 
 
 
Уже давно привыкшая к Токтышаку лисица осто-
рожно проделывает два-три шажка в его сторону. 
- Как тебе хорошо! – обращался мальчик к лисе. 
– Нет у тебя ни покинувшего тебя отца, ни надо-
едливых соседей. Нет друзей, которые дразнят в 
школе, увидев тебя в изношенной шубе, оставшей-
ся от деда. Даже нет сестры, «белой, как шелк», 
про которую рассказывают, что она погибла, сама, 
сварившись в своей стыдобе. В этой жизни только 
она одна, прижав к своей груди, лелеяла меня... 
 
 
 
 
Хотел еще многое сказать, но, прервав свою речь 
всхлипываниями, задохнулся в собственных сле-
зах. Снег стал валить хлопьями. Солнце уже зака-
тывалось за горизонт. Вволю наступала темнота. 
Поплелся в аул, из которого выбегал с нежелани-
ем возвращаться обратно. 
-  Жеребеночек  мой,  заходи  домой.  Это  первый 
мартовский снег. Пусть валом валит, – щебетала 
бабушка, приплясывая на правую ногу. Раствори-
лась, войдя в дом с мешком кизяка на спине. 
Дядя-монтер сегодня снова напился. Снова поссо-
рился  со  своей  женой,  чёрной,  как  кожаный  ре-
мень. 
 
 
 
– Родила семь девочек. Нет среди них ни одного 
мальчика,  пусть  хотя  бы  с  головой  жабы,  –  воз-
мущался он, круша все, что попадалось под руки. 
Раздался звон расшвыриваемой и разбитой посу-
ды. 
- Возлежала, чтобы распустились твои побеги... И 
это вся моя вина?! Разве я запрещала тебе родить 
сына... Разве я пригнала с собой отару девочек из 
отцовского дома?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет