Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет13/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   182
Оқушы Д-ның жұмысы: 
«Мен  данышпан  М.Әуезовке,  Вучетич  сияқты  мүсінші  болсам,  мынадай  ескерткіш 
қояр едім. Ескерткішті Мұхтар дүниеге келген Шыңғыс тауының басына орнатар едім. Тас 
басында  биік  те  алып  шынар  есіп  тұр.  Оған  сүйеніп,  ақ  желең  Мұхтар  тұр.  Бұйра  шашы 
желмен толқыған, ашық та ақылға толы маңдайы жарқырап, одан нұр тарағандай. Ойлы да 
отты  жанары  күнмен  шағылысып,  ұшқын  шашып  тұрғандай,  ол  алысқа,  болашаққа 
қадалған. Халық арасында мәңгі өмір сүріп келе жатқан өзін көріп тұрғандай. Жазушының 
аппақ мүсінін тізеге дейін жұпар иісті гүлдер  қоршап алған,  жазушы  гүл  арасынан  шығып 
келе  жатқандай.  Сол  қолы  жүрек  тұсында,  халқын,  елін,  Отанын  сүйген  жүрегін  күзетіп 
тұрғандай.  Оң  қолында  қаламы,  кітабы.  Сол  калпымен:  «Мен  өлгем  жоқ,  әлі  қаламым 
қолымда,  айтарым  да  жазарым  да көп,  бірақ  асыл  мұрамды сендер оқып  жатқанда,  мен  де 
еліммен, Отаныммен, ұрпағыммен мәңгі біргемін» дегендей... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет