45
ізгілікті, асыл жан Абаймен сырлас болмаймыз ба? Ұлы ақынның алғашқы махаббаты
қандай нәзік берілген десеңізші! Маған сонымен катар, Абайдың Тәкежан, Оразбайлармен,
қазақ даласын отаршылдықта ұстаған Ресей шенеуніктері, жандаралдарымен күресі де
қатты әсер етті. Ол халықтың шын ұлы, болашаққа, ізгі жолға бастаушы ұлы ретінде
тамаша суреттелген деп ойлаймын».
Міне, оқушылардың осы жауабынан олардың Абай бейнесінен алған алғашқы
әсерлерін, тіпті өз беттерінше ой топшылауларын да көреміз. Сонымен қатар, оқушылар
образды жасаудағы, оны ашудағы жазушының идеялық-эстетикалық мұрат-мүддесіне
тоқталмаған, жазушы табысын сөз етпеген, әдеби терең талдаудан гөрі, эмоциялық
әсерлеріне кең орын берген. Абай бейнесін ашуда біз негізгі проблеманы «Абай және
феодалдық қоғам проблемасы. Оны көрсетудегі Мұхтардың философиялық-эстетикалық
табысы» айналасында қарастырдық. Тақырыпты төмендегі жоспар бойынша проблемалы
баяндадық.
1.
Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе-бет кездесуі. Заман шындығын
түсінуі. Мұхтардың оны көрсетудегі жазушылық шеберлігі.
2. Әке мен бала. Абайдың әке жолынан бөлек кетуі. Оның негізгі объективті себептері.
Осы мәселедегі Мұхтардың философиялық-идеялық мұраты.
3. Абай және кедей-жатақтар проблемасы. Абай – халық қамқоры.
4. Абай және орыс достары. Білімге бас қою. Михайловқа дейінгі Абай көзқарасы мен
Михайловтан кейінгі саяси көзқарасы. Салыстыру, дәлелдеу.
5. Абай және әйелдер тағдыры. Абай - гуманист.
6. Абай - халық деп жырлай бастаған сыншыл, реалист ақын.
Қалай ойлайсыңдар,
кітаптар неге осылай аяқталған? Жазушының негізгі көздеген мұраты нені меңзейді?
7. «Биікте» бөлімі және Абай жеткен биіктік. Сол биіктікке Абайды алып келген не? Ол
эпопеяда калай шешілген?
Бірінші сұрақ бойынша оқушылар мәтінді пайдалана отырып, әке мен бала (Абай
мен Құнанбай) арасына байланысты іс-әрекеттерді жинақтап, өздерінше пікір айтады.
Анау қаладан қайтқандағы Абайдың әке алдына барып сәлемдесуіндегі әке мен бала
арасындағы салқындық. Қодар мен Қамқа өліміне байланысты Абайдың әкесіне деген сезімі.
Кәмшаттың трагедиялық өмірі. Құнанбайдың Бөжейлерге, халыққа жасап отырған
озбырлығы, бірінші кітаптың аяғындағы әке мен бала диалогі, Қарқаралыдағы Құнанбай,
Шөженің мысқыл өлеңі. Әмірді ажалдан құтқару, Құнанбайдың қарғысы - осының бәрі
Абайдың өз әкесінен мүлде бөлек кетуіне, оның басқа жол, басқа өріс іздеуіне әкелген
оқиғалар екенін оқушылар жақсы әңгімелеп берді. Ал әке мен бала проблемасының
эпопеядағы философиялық түйіні оқушыларды ойландырды. Осы жерде мұғалім көмегімен әке
мен бала арасы эпопеяда ескі мен жаңаның күресін, феодалдық қоғам мен болашақ жаңа
заманның арақатынасын бейнелейтіні ашылады. Тақырыпты осы жоспар негізінде
проблемалы баяндай отырып, алдарындағы проблемалы жағдаятты шешу мақсатындағы
оқушыларға төмендегідей проблемалы сұрақтар бердік.
1. Эпопеядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынас арқылы жазушы нені
аңғартады? Әке мен бала проблемасының эпопеядағы философиялық түйіні неде?
2. Қалай ойлайсыңдар, «Қайтқанда»
бөліміндегі Құнанбай портреті, оның
айналасындағылардың сипаты, үй іші неге Абай арқылы, оның ішкі сезімі арқылы
беріледі?
3. «Жолда», «Өрде», «Қияда» бөлімдеріндегі Абайдың іс-әрекетін сарала.
Қалай
ойлайсыңдар, бөлімге жазушы неге осылай ат қойған? Осы бөлімдердегі әке мен бала
арасындағы қайшылық, келіспеушлік. Оның объективті себебін жазушы қалай көрсеткен?
4. Абайдың Михайловпен кездескенге дейінгі көзқарасы, саяси сана-сезіміндегі
қайшылық. Ол қайшылықтың негізгі себептері неде деп ойлайсыңдар?
5. Абай мен халық арасы. Бұл
проблема эпопеяда қандай көрініс тапқан? Дәлелде.
6. 1, 2-кітаптың аяғындағы ең ақырғы абзацтарды тауып оқыңдар. Осы абзацтар арқылы
бірінші кітаптағы Абай мен екінші кітаптағы Абай жеткен биікті межелеңдер.
46
Үшінші сұрақ бойынша оқушылар «Жолда», «Өрде», «Қияда» бөлімдеріндегі
Абайдың іс-әрекетіне тоқталып, бөлімдердің неге осылай аталғандығы туралы өз
пікірлерін
ортаға салды.
Оқушылармен бірлесе отырып, бұл бөлімдер Абайдың қияға карай өрлеп келе
жатқан бетін, яғни жолдан гөрі қияның биік екенін өздері қорытындылады. Әсіресе,
оқушылар назарын Абайды биікке көтеру сатыларын Мұхтардың ерекше шындьқпен
көрсете білгеніне, Мұхтар шеберлігіне аудардық. Осы мәселені өз беттерінше шеше
білулеріне көңіл бөлдік. Оқушылардың өз бетінше ойлауын, ізденуін, танымын арттыруды
мақсат ете отырып, үйге төмендегідей топтық тапсырмалар бердік. Топтық тапсырма зерттеу
әдісіне құрылды.
I топ
Абайдың қалыптасу, жетілу кезеңдерін эпопеядағы оқиғаларды жинақтай отырып,
әр бөлімге тоқтала отырып, кесте үлгісінде көрсет. Абайдың сөйлеу тілінен мысал
келтіріп, оның образды ашудағы рөліне тоқтал.
Достарыңызбен бөлісу: