Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет75/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   182
        Қазіргі  кезде  тереңдетіп  оқыту  мәселелері  қолға  алынуда.  Әдебиетті  тереңдетіп 
оқытатын мектеп, сыныптарда лириканы қалай оқыту керек? 8-сыныпта Абайдың Әбіш    
туралы  бірнеше  өлеңдері  берілген.  (Жалпы,  әдебиетті  тереңдетіп  оқыту  жолдары 
туралы осы кітаптың соңында 
арнайы  сөз  қозғалады.)  Ұлы  Абай  сүйікті  ұлы  Әбішіне  арнап    отызға  жуық  өлең  жазған. 
Өлеңдерді оқыта отырып, мұғалім ең басты мақсат етіп жас ұрпақты азаматтыққа, нағыз адам 
болуға, «атаның емес, адам ұлы болуға» тәрбиелеуді, ірі мақсатпен мағыналы өмір сүруді, 
отбасы тәрбиесін, оның 
ұлттық сипатын, әке мен бала қарым-қатынасын алуы керек. Тереңдетіп оқытудың бір 
мәселесі - қосымша материалдар, ғылыми еңбектермен жұмыс. Сол себептен де М.Әуезовтің 
Абай  туралы  зерттеу  еңбектеріндегі  Әбіш  жайындағы  деректер  мен  ғылыми 
пікірлерді  сабаққа  пайдаланудың  маңызы  зор  болмақ.  Сондай-ақ  М.Әуезовтің  «Абай 
жолы» эпопеясының «Қарашыған» бөліміндегі Әбіш портреті, Әбіш 
туралы  Абай  пікірі,  монологі,  Әбіштің  қайтыс  болар  алдындағы  арыздасу  хаты 
(«Өкініште»  бөлімі)  сияқты  материалдарды  да  тиімді  пайдаланып,  оқушылардың 
дүниетанымын кеңейту, жан-жақты тереңдете білім беру жұмыстарын жүргізген дұрыс 
болады.  Осыларға  қоса,  өлеңнің  дүниеге  қалай  келетіні,  лириканың  бірнеше  түрге 
бөлінетіні  жайында  да  оқушыны  хабардар  етеді.  (Әбіш туралы  өлеңде  эллегия,  көңіл 
күй  басым  ғой.)  Сабақтың  кіріспесінде  мұғалім  Әбіш  суретін  көрсете  отырып,  ол  
туралы тұжырымды түсінік береді. Балалардың эмоциясына әсер ету үшін, әрі өлеңді оқуға 
қызығушылығын арттыру 
мақсатында  Әбіштің  қайтыс  болар  алдындағы  әкесіне  жазған  хатын  оқып  берудің 
маңызы зор. 
«...  Аға,  қош!  Арманым  -  тілегіңді  ақтай  алмадым...  Барымды  бере  алмай 
кеттім!... Тағы арманым — Мағыш. Қызығым едің!.. Ғашық жарым!.. Бір өзіңе берілген 
алаңсыз көңілім адал!.. Рахиманы сүйдім...» 
Эпопеядан  осы  үзінді  оқылып  болған  соң:  «Балалар,  біз  бүгін  өздерің  тыңдап 
отырғандай, әкесі Абайдың өзіне артқан аманат-арманын орындай алмай бара жатқанына 
өкінген Әбіш туралы өлеңдермен танысамыз. Абай арманы не еді? 
Ол «Абай жолының» 3-кітабында былай беріледі: 
«Өзімді ғана сүйсіндірмес, тірі болып, сау болса, халқында сүйсіндірер. Қараңғы сахарасына 
жарық сәуле әкелер, алғашы адал буын сен боларсың!» 
Міне,  балалар,  ұлы  ақын  өзінің  сүйікті  ұлы  халық  ұлы  болып,  халықты  бақытқа 
бастайтын жол тапса екен деп армандапты. Ал осы ұлы арман иесі сүйікті Әбішін ақын 
өлеңдерінде  қалай жазған екен, енді соған  құлақ түрейік,  -деп,  өлеңді талдауға кірісуге 
болады.  Оқулықта  «Әбіш  туралы»  деген  атпен  үш  бөлімді  өлеңдер  талдауға 
ұсынылған. Ең алдымен, мүғалім өлеңнің бірінші бөлімін іштей оқуға тапсырады. Оқып 
болған сон, мынадай сұрақтар, тапсырмалар беріп, өлеңге әдеби талдау жасайды: 

Абай Әбішті қандай сөздермен бейнелеген, оған қандай мінездеме берген? 
(Оқушылар кітаптан үзінділер оқиды.) 
Жауап былай болады: 
-  Ер Әбіш, жүрегі жылы, бойы құрыш... т.с.с. 
-  Осы өлеңге қандай тақырып қояр едің, такырыбың өлеңнің өзінен алынсын. 


 
91 
Оқушылар жауабы: 
-  Боямасыз ақ көңіл... 
-  Өнері оның жұрттан асқан... т.с.с. Содан соң мұғалім мынандай тапсырмалар беріп, 
сұрақтар қояды: 
-  Шағын мінездеме беріңдер. 

Өздеріңе өлеңнің қандай жолдары ұнады? Неге ұнағанын дәлелде. 
11.Өзіңе бұрын кезікпеген тың сөз оралымдарын таптың ба? 
12.Ақын көңіл күйі туралы не дер едің? 

Өлеңдегі ақын табысы жайында нендей пікірің бар? 
Міне, өлеңнің үш бөлімі де осындай әдіс-тәсілмен, 
оқушыларды әрі іздендіре, әрі ойландыра талданады. Мәтінді талдау аяқталған 
соң, қорытынды ретінде осы үш өлеңнің Әбіш бейнесін, мінезін ерекше ашып тұрған 
жолдарын, өлеңдегі ақынның идеялық-эстетикалық мақсатын айқындап тұрған 
шумақтарын тапқызу, өздеріне іздету жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларды толықтыра 
отырып, олармен пікірлесе отырып, мұғалім осы сұрақтарға жауап береді: яғни осы үш өлең 
бір Әбішке арналса да, олар оны әр жағынан көрсетеді. Мысалы, бірінші өлеңде Әбіш жай 
Әбіш емес, ол - ердің ері, ал «ер» деген сөз мағынасының тереңдігін атам қазақ кез келген 
адамды «ер» демейтінін, екінші өлеңде Әбіш туралы жоқтау сарыны барын, ұлы Абай 
арманы, зарының басымдылығын, оның «Жасқа жас, ойға 
көрі» даналығын ашатынын, үшінші өлең «талаптың тұлпарына мінген» Әбіштен 
күткен әке үмітін, яғни «жол көрсетіп, сонда өлсең» деген арманы жатқанын саралап- 
саралап айту ләзім. Мұғалім осы мәселелерді бірден өзі сараптамай, оқушыларға да 
сұрақ қоя отырып, қорытындыласа, тіпті, дұрыс болмақ. Сонымен бірге, Әбіш туралы 
өлеңдердегі жоқтау үлгісі (ауыз әдебиетіндегі), мадақтау, арнау үлгісі басқа да елдер 
ақындарында көп кезігетінін айтып, мысалы, өздеріне таныс орыс ақыны Пушкиннің 
«Нянясына» арнаған өлеңдері туралы да сыр шертудің артықтығы жоқ, Абайға дейін де 
халық азаттығы үшін күрес басында түрған Исатай туралы Махамбет ақынның бірнеше 
өлеңін тілге тиек етуге болады. Мұндағы мақсат - тек жан-жақты, терең білім беруде 
ғана емес, ақындар бір адамды жоқтап, сол арқылы мадақтап, не соған арнап өлең жаза 
отырып, үлкен мәселелерді, халықтық маңызды мәселелерді 
көтеретінін, мысалы, Абай Әбіші арқылы «халық ұлы» болатын баласын жоқтайтынын, 
Махамбет Исатай арқылы азаттық үшін құрбан болған халық батырын дәріптейтінін, 
Пушкин қарапайым халықтан шыққан орыс әйелін Ана 
дәрежесінде көрсететінін айтып кетудің әрі танымдық, әрі тәрбиелік маңызы зор. 
Тереңдетіп оқытудың бір мәселесі - ғылыми еңбектерді пайдалану. М.Әуезовтің Абай 
жайындағы зерттеулерінен оның Әбішке арналған өлеңдері 
туралы пікірін сабаққа пайдалану керек. 
 
«Балалар,  Әбіш  туралы  өлеңдерді  сендермен  біріге  отырып,  талдадык,  енді  Абайды 
зерттеуші М.Әуезов аталарың осы өлеңге қалай баға берген екен, соны тыңдап керейік»,  -
деп, үзінділер оқуға болады. Мұндай күрделі жұмыстарды тиімді жүргізудің бір жолы: ол 
пікірлерді  екі  бөлімге  бөліп,  үлестірме-нұсқаулар  жазып,  үстелдегі  әр  жұпқа  таратуға 
болады. Өз үлестірме-тапсырмаларын оқып болган соң, олар ақырын дауыспен мазмұнын бір-
біріне  айтады.  Мұғалім  осы  уақыт  ішінде  өз  қалауы  бойынша  жұптар  жанына  барып, 
түсініктерін  тыңдап,  көмек  беріп  отырады.  Міне,  ғылыми  материалдармен  осылай 
практикалық жұмыс біткен соң, мұғалім төмендегідей сұрақтар қойып, сабақты ары карай 
жалғастырады: 
–Балалар, Мұхтар Әуезов өлең туралы қандай пікір айтады? 
-  Өлеңдегі ақын шеберлігі, көркемдік тәсілі туралы не депті? 
-  Әбіш туралы тың деректер таптың ба? Біз нені айта алмаппыз? 
-  Ғалымның қай пікірі өзіңе ұнайды? Ұнау себебін түсіндіруге тырыс. (Әрине, 
бұл сұрақтар жауабына мүғалім оқушыларды өзі жетелеп отырады, түсіндіреді, 


 
92 
қорытындылайды.) 
Тереңдетіп оқытудың тағы бір мәселесі – оқушылардың икем-дағдысына қойылатын 
талаптар тереңдігінде. Қабілеті, дарынына әсер ету, икемділігін арттыру жұмыстары осы 
сабақтарда назардан тыс калмауы керек. «Әбіш туралы өзің кандай өлең жазар едің?» 
немесе «Абайға қандай тоқтау айтар едің?» деген тақырыптармен өлең жазуға (әрине, 
қабілетіне карай) баулуға болады. Сондай-ақ үйге төмендегі үлгіні бере отырып, дәйекті 
шағын мінездеме жаза білуге баулу да тиімді болмақ. 
Үлгі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет