Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет28/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
«Қимылсыз мүсін»
Мақсаты: балалардың көңіл-күйін көтеру және өзара қарым-қатынастарын дамыту.
Екі адамнан немесе топты жұпқа бөліп ойнайды. Әр жұпта "қатып тұрған адам" және оның жанын кіргізетін "реаниматор" болады.
Белгі бойынша"қимылсыз мүсін" қимылсыз тұрады, ал "реаниматор" оны күлдіріп, тұрған қалпын өзгерттіруге тырысады. "Реаниматордың" "қимылсыз мүсінге" жақындауына, онымен сөйлесуіне болмайды. Оның жан-жағына қарауға, қимылдауына, пантомимо жасауына ғана мүмкіндігі бар.


«Бұзылған телефон»
5-10 адам ойнайды. Ойнаушылар ойын алаңына арқасын беріп отырады. Бірінші ойыншы соңғысына маңызды ақпаратты жеткізуі керек. Бірақ ақпаратты бір сөз айтпай, видеотелефондағы сияқты үнсіз беру қажет. Мысалы, олардың туған күнге шақырылғаны және таңертең гүл сатып алу қажеттігі туралы ақпаратты хабарлау керек, Екінші ойыншы түсінгенін мақұлдаған кезде, бірінші ойыншы орнына отырады, ал ойын алаңына келесі ойыншы шығады.
Барлық ойыншылар ақпаратты бергеннен кейін, соңғы ойыншы оны жариялайды. Барлық ойыншылардан кері қарай сұрауға болады. Ойын өте қызықгы өтеді. Күлкілі жағдай қамтамасыз етіледі.


Ойын "Бұларсыз не болмайды"
Тәрбиеші балаларға 5 сөзді оқиды, балалар ұсынған 5 сөзден екеуін таңдап алады, өйткені оларсыз құбылыс басты қалпына келе алмайды.
Мысал:
Қала: автомобиль, көше, ғимарат, адамдар, велосипед.
Балабақша: балалар, ойыншықтар, тәрбиеші, сабақ, бала бағушы.
Кітап: суреттер, ертегілер, қағаз, саяхат, мәтін.


«Кім көбірек...»
Мақсаты. Балалардың ойлау қабілетін дамыту, заттың түрлерін анықтауға, оларға әр түрлі көзқараста қарауға үйрету.
Ойын ережесі: Тәрбиеші бір затты көрсетеді. Ал балалар мүмкіндігінше осы заттың бірнеше белгісін атауы тиіс.
Мысалы: Қарындаш: ағаштан жасалған, қырлы, жұмсақ, көк, үшкір.
Күрделендіру: Бұл ойында ТРИЗ элементін қолдана отырып қарындаш пен шырақтың ортақ белгілерін табу ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет