Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет27/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
«Керісінше ойлал тап
Баяғыда кішкентай Әсет деген бала болды - ... үлкен шал Асқар.
Ол өте мейірімді, қыз балалардың бұрымынан тартпаған - Ол қатігез және әжелердің бұрымынан тартқан.
Ол өте ұқыпты, тамақ алдында қолын жуған - Ол өте салақ, тамақтан соң колын былғаған.
Өзі шалбарын үтіктейді - Өзі басқалардың шалбарын қыртыстырады.
Жануарларды жақсы көріп және иесіз иттерді тамақтандыруға тырысады - Жануарларды жек көріп және үй иттерінің тамағын тартып алуға тырысады.
Бір күні Әсет хайуанаттар паркіне барды - Бір күні Асқар хайуанаттар паркінен шықты.
Ол онда көп қызықты көрді - Ол онда қызық ештеңе көрген жоқ.
Үлкен пілдер мен кішкентай ақ тышқандарды - Кішкентай пілдер мен үлкен ақ тышқандарды.
Епті маймылдар мен жайбасар тасбақалар - Епсіз маймылдар мен шапшаң тасбақалар.
Жуан бегемоттар мен тісті крокодилдер - Арық бегемоттар мен тіссіз крокодилдер.
Кешке Әсет үйге келіп, шешінді де ұйықтап қалды - Таңертең Асқар үйден шығып, киінді және оянды.
Міне, бітті – Міне, ештеңе жоқ.


1-кезең

Заттар

Іс-әрекеттер

Белгілер

Күн - түн

Ағару - қараю

Ұқыпты -ұқыпсыз

Қыс - жаз

Алаңдату -

Жақындағы -

Таң - кеш

тыныштандыру

алыстағы

Қайғы - қуаныш

Айту - үндемеу

Жақын - алыс

Басы - аяғы

Достасу - жауласу

Сыпайы - дөрекі,

Қапырық - салқын

Ұмыту - есте сақтау

тұрпайы

Қорқақ - батыр

Жану - өшу

Көңілді - көңілсіз,

Күлкі - жылау

Тыю - рұқсат ету

мұңды, қайғылы

Шу- тыныштық

Тыйым салу - рұқсат

Биік - аласа

Жарық - қараңғы

ету

Қатаң -

Кездесу -

Қиындату -

сыңғырлаған

айырылысу

жеңілдету

Ыстық - суық

Мақтаныш - Ұят

Қызару - бозару

Қатты - жай

МҰңаю - қуану

Қию - шешу

Дөрекі - сыпайы,

Достық - жауыздық

Бастау - аяқтау

әдепті, кішіпейілді

Ыстық - суық

Жақсы көру - жек

Мұңды - көңілді,

Ыстық - өте суық

көру

қуанышты

Ыстық - аяз

Кінәлау - ақтау

Адамгершілікті -

Зұлымдық-

Кінәлау- қорғау

қатыгезді

Ұайырымдылық

Киіндіру -

Қымбат - арзан

Сүйіспеншілік - жек

шешіндіру

Татулық - жауыздық

көру

Шынығу - әлсіреу

Ыстық - суық, аяз,

Батылдық -

Ашу - жабу

өте суық

қорқақтық

Қалып қою - қуып

Қатыгез - мейірімді

Отан - жат ел

жету -

Мейірімді -

Мұң - қуаныш

Қалып қою - басып

мейірімсіз

Жеңіс - жеңілу

озу

Белгілі -

Таң сәрі- бату

Марапаттау -

белгісіз, хабарсыз

Бақыт - қырсық

жазалау

Қызықты -

Бақыт - қайғы

Қарусыздандыру -

қызықсыз,

Үрей - тыныштық

қаруландыру

жабырқаңқы

Ақыл - ақымақтық

Сыйлау - жаратпау

Қысқа - ұзын, ұзақ,




Еліктіру - көңіл қалу

ұзаққа созылған,




Тұнжырау -

Әдемі - ажарсыз,




күлімсіреу

ұсқынсыз

2-кезең


Бұл кезеңде тәрбиеші бірінші кезеңдегі сөздерге сүйене отырып, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жүмбақтар жинақтап, қолданады.


3-кезең
Қасқыр (зұлым) - әже (мейірімді)
Қарындаш (жазады) - өшіргіш (өшіреді)
Кітап (білім береді) - бала (білім алады).


«Салыстыру»
Сабақта, сол сияқты еркін ойын барысында да қолдануға болады.
Бұл лимон ... сияқты сары. Бұл алма... сияқты қызыл. Бұл жапырақ ... сияқты жасыл және т.б.


«Сөз тізбегі»
Бастапқысы кез келген сөз бола береді.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
-Қыс қандай?
-Суық
-Тағы не суық болады? *
-Су
-Су тағы қандай болады?
-Сұйық
-Тағы не сұйық болады? және т.б.


«Бір тізбекте байланысқан»
Бұл ойынды «3аттық-далалық қорлар» тақырыбын өткенде қолдануға болады. Балаларға 2-3 сөз беріледі. Бұл сөздерге тән ерекшеліктерді анықтағаннан кейін, балалар сол қасиеттерге сай болатындай жаңа сөз ойлайды. Мысалы, мұз, қанжар - сүңгі, автомобиль, күрек - экскаватор, бәтеңке, жіп - бау, шырша, машина - кірпі, кеме, мұз шапқыш - мұз жаргыш, етік, қол шатыр - плащ.


«Белгісіз сөз»
Балаларға мүлде таныс емес сөз беріледі. Мысалы, «дәм айырушы» (дегустатор). Қалай ойлайсыңдар, бұл сөз нені білдіреді? (Балалардың жауаптары). Бұл сөздің мәнін білгілерің келе ме? (Балалар жауапты өздері табады, суреттерге қарап, жұмбақтарды шешіп, қандай да бір әрекет жасап және т.б., олар жаңа сөздің мәнін өздері тұжырымдайды. Ойынды тіл дамыту сабақтарында қолданған жақсы.


«Туысқанын тап»
Мақсаты: Заттың қасиетін анықтап, салыстыра білуге үйрету.
Альбом парағының ортасына заттың суретін саламыз. Осы суреттен сәулелер жүргіземіз, оның ұштарында кішкентай дөңгелектерде пиктограмма көмегімен заттың қасиетін бейнелейміз. Түймедақ суретін салайық. Онда кішентай дөңгелектерде пиктограммалар пайда болады, олар ақ, хош иісті, нәзік, дәрілік қасиеті бар түймедақтарга ғана тән белгілерді білдіреді. (Дөңгелектерде қар, алақан, витамин... суреттерін салуға болады). Содан кейін әр дөңгелектен кішкентай сәулелер созылады, олардың ұштарында тағы да дөңгелектер пайда болады. Оларда тура осындай қасиеттері бар "туысқандарды" саламыз. "Нәзік" дөңгелегінің жанында "туысқаны", "бір тал шөп", "балерина" пайда болады, "ақ" дөңгелекпен қатар "қар", "бұлт" пайда болады. Әр бала түймедақтың мүмкін болған барлық туысқандарын салып, оларды сызба түрінде көрсете бастайды.
Түймедақ нәзік және бір тал шөп те нәзік, сондықтан осы белгілеріне қарай олар - туысқандар.
Түймедақ ак және қар да ақ, сондықтан осы белгілеріне қарай олар - туысқандар.
Енді түймедақ туралы көп білгендіктен, оған әдемі теңеу табайық және оны сөйлемге қосайық.
Шалғында ақ түймедақ гүлденіп тұр. Қыз бала түймедаққа еңкейіп: «Шешемнің алақанындай қандай нәзіксің!» деді.


«Жол»
Есін, зейінін, қиялын дамыту.
Әр балаға 12-16 түрлі геометриялық фигуралардан тұратын жинақ таратылады.
Педагог фигураларды ретімен атап көрсетеді. Балалар оларды іздеп тауып, көрсетіп, үстел үстіне қояды. Біртіндеп фигуралардан жол салынады. Содан кейін педагог ертегі айтады, онда әр фигура қандай да бір кейіперге айналады. Балалардың міндеті - естіген ертегілерін еске түсіру арқылы жолды қалпына келтіру.


«Бірнеше қолмен салынған сурет»
Қатысушылар саны -1 адамға дейін.
Материал: немен салуға болатын заттар және қайда салуға болатын заттар.
Топтың бірінші қатысушысы бейнені еске түсіретіндей, бір нәрсенің нобайын жасайды. Екінші қатысушы алғашқы белгіден бастап оны келесі бейненің элементі ретінде өзге мәнде қолданады.
Бірде-бір фигура аяқталмағандықтан, соңғы нәтижеде түсініксіз бір нәрсе болады. Балаларды бұл ойын қызықтырғандықтан, ережесін тез есте сақтайды. Бірінші сопақша салды деп ойласақ, екінші өзінің түсінігінше оған аяқ салады, ал үшінші бастың орнына гүл суретін салады... Сурет дайын.
Балалармен бірге әр бейнелеушінің нені көрсеткісі келгенін тауып көріңдер. Қорытындылай келе барлық қатысушының пікірін білуге болады: "Бізде не пайда болды жэне оны қалай атауға болады?"


«Ақыл-ой теннисі»
Бастаушы бірнеше сөзді атайды. Әр естіген сөзге өз нұсканды айту қажет. Сөзді ойланбастан теннис добын кейін қағып жіберетін жағдайдағыдай бірден айту керек.
Бір қатар сөз біткеннен кейін, жаттығуды қайтадан бастаймыз, тек алдында қолданған сөзді қайталауға болмайды. Екі сөздің де өзара сапалы байланысы болуы керек: жоғары - төмен, трамвай - рельстер, құс - торғай, қала - Астана және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет