«Салыстыр» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, қысқа сөйлемдер құра білу дағдысын қалыптастыру, репродуктивті қиялын дамыту.
Ойын ережесі:Тәрбиеші бір затты атайды, ал балалар қандай да бір белгісімен осы затқа ұқсайтын нәрсені атаулары тиіс. (бұл заттардың айырмашылықтарын да атау қажет).
Бір белгіден бастау керек. Балалар ең алдымен бір заттың қандай да бір белгісін дұрыс бөліп алады, одан кейін екінші затта осы белгіні бөліп алуға тырысады, және соңында заттарды берілген белгісі бойынша салыстырады.
Ойынның соңы былай болуға тиіс: Тәрбиеші бір зат көрсетеді, ал балалар осы белгісі бар басқа затты атайды.
Ойынның соңғы кезеңі - балаларға заттың мағыналы және мағынасыз белгілерін бөліп алуға тапсырмалар беру.
«Мағынасын тап» Мақсаты: Балалардың талдау және жинақтау қабілеттерін, заттардың белгілерін бөліп алу, оларды салыстыру қабілеттерін, қиялдарын дамыту.
Ойын ережесі: Тәрбиеші 2 затты атайды. Балалардың міндеттері - осы екі заттың белгілері басқа бір затта табылуы тиіс, Мысалы: Қанжар, мұз- сүңгі: қүс, ағаш үстасы - тоңылдақ: мәшине, шырша-кірпі.
«Бос сөз» Балаларға өмірде болмайтын жағдайды ойлауды ұсынады. Ойын баланың қиялын дамытумен қатар, құбылыстардың өзара байланысын меңгеруге көмектесу. Математикада ақиқатты "кері жору" әдісі дәлелдегендей, "бос сөз" ойынында қате талқылау дұрыс пікірді түсінуге көп көмектеседі. Ойын үшін мынандай сөйлемдер ұсынылады:
Құс ұшады, себебі ...
Баланың бәтеңке кию себебі...
Далада құрғақ болды, себебі...
Шешем ет қуырды және...
Мысық қашты...
Сиырлар жақсы...
Крокодил өте семірді, өйткені ол ... жеді
Ормандағы алаңқайдағы төрт қой...
Далада жаңбыр жауғанда, барлық балалар...
Балалар үстел басына ... тез отырды
Бүгін таңертеңнен бастап сиыр түшкірді, өйткені ол...
Балықтар жүзеді, өйткені олар...
Ақ аюдың терісі өте қалың, өткені ол...
Балалардың балабақшаға бару еебебі...