Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру


Ересектермен және құрбыларымен сөздік қарым-қатынас жасау



бет3/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Ересектермен және құрбыларымен сөздік қарым-қатынас жасау
(қарым-қатынас мәдениеті) дағдысының қалыптасуы
1.Сөздік қарым-қатынас дағдылары:

  • ересектермен немесе құрбыларымен сөздік қарым-қатынасқа түсуге талабының барлығы немесе жоқтығы;

  • өзіне таныс тақырыпта ересектермен немесе құрбыларымен әңгімеге араласа алуы;

  • балалармен қалай сөйлеседі: көп, аз, үндемейді.

2.Қарым-қатынас мәдениеті:

  • бала ересектермен, құрбыларымен сыпайы сөйлеседі ме;

  • ересектерді қалай атайды: ата мен әкесінің атымен, "сіз" деп немесе басқаша;

  • ересектерге немесе таныс емес адамдарға бірінші сәлем береді ме немесе есіне салып отыру керек пе, қоштасуды ұмытып кетпейді ме;

  • көрсетілген көмекке алғыс айтады ма, бұл кезде "рахмет", "кешіріңіз", "өтінемін" деген сөздерді қолданады ма;

  • бала сөздерінде әдеби емес лексикалар кездеседі ме;

  • бала қарым-қатынас жағдайына байланысты әр түрлі дауыс қаттылығын қолданады ма (тамақтану барысында, ұйқыға жатар алдында,

  • сыбырлап, ақырын сөйлесу; сабақ кезінде - жеткілікті қатты);

  • әңгімелесіп отырған адамын аяғына дейін тыңдай алады ма немесе жиі алаңдайды ма, әңгімелесуші сөзін жиі бөлуге қабілетті ме;

  • балалармен сабырлы келісімге келеді ме; ойнағанда рольдерді, еңбек еткенде міндеттерді бөліп, өз әрекеттерін келісе алады ма;

  • баланың қарым-қатынас мәнері қандай: тілектестік, кішіпейілдік, талапкершілік;

  • қарым-қатынас мәдениеті туралы ересектердің ескертулеріне құлақ салады ма, кемшіліктерін жоюға күш салады ма;

  • балалардың, бейтаныс адамдардың алдында сөйлей алады ма, әлде ұялып, қорқады ма.

Зерттеу тәсілдері: бақылау (сабақта, ойын кезінде және күнделікті өмірде); тәрбиешілермен, балалармен әңгімелесулер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет