Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет6/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Жансая тужырымдама

2.2 Тіл ұстарту нұсқаулары
1. Әңгімелесу
Әңгімелесу - тіл ұстарту мен сөздікті белсендірудің тиімді әдісі, себебі тәрбиеші жауап беру үшін дәл, сәтті сөздерді таңдап алуға бағыттап отырады.
Әңгімелесудің тәрбиелік мәні де бар. Дұрыс таңдап алынған мазмұнның әрқашан идеялық-адамгершілік түрткісі болады.
Әңгіме жүргізу.
Әрбір әңгімелесудің басы, негізгі бөлімі, аяғы деген айқын құрылымы болады.
Әңгімелесудің басы. Мақсаты - балалардың жадындағы бұрынғы алынған әсерлерін жаңғырту, мүмкіндігіне қарай образдық немесе эмоционалдық.. Ол сұрақ беру, жұмбақ жасыру, тақпақтан үзінді оқу, сурет, фотография, затты көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Әңгімелесудің басында әңгімелесу тақырыбын (мақсатын) анықтап, маңыздылығын негіздеу керек, таңдау мотивін түсіндіру қажет.
Негізгі бөлім бірнеше микротақырыптарға немесе кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Әрбір кезең тақырыптың аяқталған бөлігіне сәйкес келеді, яғни орталық түсініктерге байланысты тақырып қорытындыланып отырады. Алдымен маңызды, қиын материалдар анықталады. Әңгімелесуге дайындалғанда тәрбиеші оның кезеңдерін белгілеп алуы керек, яғни балалармен бірге талданатын түсініктердің елеулі құрылымы ерекшеленеді.
Әрбір кезең барысында педагог әр алуан тәсілдер кешенін қолданады, соңында әрбір қысқаша жалпылап өтіп, келесі микротақырыпқа көшеді. Әңгімелесудің эмоционалдық сипаты әңгіме барысында сақталып қана қоймай, соңына қарай шарықтау шегіне жеткені дұрыс. Бұл балалардың зейіні ауытқымай, қажетті бағытта ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Әңгімелесудің аяғы қысқа болып, тақырыптың синтезіне әкеледі. Бұл кезең эмоциялық, әсерлі болып келуі мүмкін: тарату материалдарын қарау, ойын жаттығуларын жасау, көркем мәтін оқу, ән айту. Әңгімені аяқтаудың жақсы нұсқасы - балаларға келесі бақылауларға тілектер айту.
2. Әңгімелеуге үйрету
Мектепалды жасында әңгімелеу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылады. Балаларды өздігімен әңгіме құруға, әңгімені аяқтауға, логикалық байланыстыра әңгімелеуге үйрету керек. Мектепалды жасында монологтық сөйлеудің негізінен екі түрі басым болады: әңгімелеу және қайталап айтып беру (қарапайым түрде).
Қайталап айтып беру - тыңдаған көркем шығарманы байланыстыра мәнерлі жаңғырту. Бала мәтінді түсініп, автордың лексикасын қолдана отырып, кейіпкерлердің көңіл күйін білдіріп, еркін жеткізе білуі маңызды.
Әңгімелеу - қандай да бір факт, оқиғаны өз бетімен толық мазмұндау. Бала берілген тақырып бойынша өзі мазмұнын анықтап, баяндаудың сөздік түрін таңдап алады.
Балалар өздерінің әңгімелерінен қуанышқа бөленіп, қанағаттануының, оның пайдасын сезіне білуінің маңызы зор.
Нысанына қарай әңгіме суреттеуші және сюжеттік болуы мүмкін.
Суреттеу - қандай да бір затты немесе құбылысқа тән белгілерді мазмұндау. Әдетте суреттеудің іскерлік сипаты болады, мұнда дәл анықтамалар көп болады, бірақ балаларды қызықтыратындай бейнелік элементтер болуы тиіс. Сонымен қатар суреттеу қысқа да болуы керек.
Суреттеуші әңгімелердің түрлері - салыстырушы және түсіндіруші.
Сюжеттік (баяндаушы) әңгіме - бұл қандай да бір кейіпкері бар оқиғаны уақыт бойынша тізбектілігімен жеткізу.
Әңгімелеуге үйрету тәсілдері.
Әңгімелеуге үйретуде арнайы тәсілдер қолданылады, олардың мақсаты - баланы баяндауға, монологқа үйрету (сөзбен, ыммен, фразамен емес).
Әңгімелеуге үйретудің негізгі тәсілдері:
Әңгімелеу үлгісі - мазмұны немесе түрі бойынша балалар пайдалана алатын қандай да бір нәрсенің немесе оқиғаның қысқаша сипатталуы. Тікелей оқыту тәсілі ретінде әңгімелеу үлгісі көпшілік жағдайда сабақтың басында қолданылады.
Бұл тәсілдің бір түрі - дербес үлгі. Ол әңгімелеу дағдысын бекіту барысында балаларға қандай да бір тапсырма қиын болған жағдайда қолданылады, мысалы:Мен бастаймын,сен жалғастыр.
Сөйлеу түрлерін саналы таңдап алу үшін әңгімелеу жоспарын мүшелеп бөлетін әңгіме үлгісін талдау тәсілі қолданылады.
Әңгімелеу жоспары - баяндау мазмұнын және ретін анықтайтын 2-3 негізгі сұрақтар (пункттер).
Сонымен қатар балалардың жоспарды айтуы деген қосымша тәсіл де (педагог "жоспар" деген терминді қолданбай, балаларға қазір не туралы, қалай әңгімелейтіндерін іштей айту тапсырады, жауап беру үшін бір-екі баланы тақтаға шақырады) пайдалы.
Балаларға жоспар бойынша әңгіме құрастыруға оңай болу үшін, сөйлемдерін байыту үшін жоспарды ұжымдық талдау қолданылады .
Ұжымдық әңгіме құрастыру - шығармашылық әңгімелеуге үйретудің алғашқы сатысында қолданылатын ерекше тәсіл.
Кейбір сабақтарда әңгімелерді бөліктеп құру тәсілін қолдануға болады. Бұл тәсіл тапсырма көлемін азайтатын болғандықтан, әңгімелеушілердің жұмысын жеңілдетеді. Осыған байланысты сабақтар алуан түрлі, қызықты бола алады, ал әңгімелер мазмұны толығырақ, тереңірек бола түседі; сонымен қатар, көптеген балаларды сұрап үлгеруге болады.
Әңгімелеудің кейбір түрлерінде тәрбиеші бастаған әңгімені аяқтау (ұсынылған жоспар бойынша, ал кейін жоспарсыз) тәсілін қолдану да ұсынылады.
Балалардың ой-қиялын дамыту нұсқасын айтып жіберу (сюжетін, әрекеттер жағдайларын, т.б.) көп көмегін тигізе алады. Педагог балалардың жауаптары біртекті, жауаптары жұтаң болған жағдайларда қолданады.
Баға да оқыту тәсілі болып табылады. Ол балаларды тәрбиеші мақтаған балаға еліктеуге, ал қоштамаған жағдайдан аулақ болуға тырысуға баулиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет