Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің қайталап айту құрылымы



бет7/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
3.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің қайталап айту құрылымы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті құру оның міндеттерінің алуан түрлілігімен анықталады. Қайталап айту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің төмендегідей типтік құрылымы бар:



  1. Кіріспе бөлім. Балаларды жаңа шығарманы, ең алдымен оның идеясын қабылдауға дайындау (балалардың басынан кешкен ұқсас жағдайларын естеріне түсіру, суреттер көрсету, т.б.).

Кейін қайталап айту керектігін айтпай-ақ алғашқы рет оқу арқылы көркемдік қабылдануын қамтамасыз ету.

  1. Кейін қайталап айтуы үшін еске сақтау қажеттігін ескертіп, қайталап оқу.

  2. Дайындық әңгімелесуі (шығарманы талдау). Мақсаты: мазмұнын пысықтау (ең алдымен идеясы мен образдардың сипаттамасы), тіліне назар аудару, мәнерлеп қайталап айтуға белсенді дайындық. Бұл мәселелер әңгіменің сюжетінің дамуына байланысты мәтінді талдау арқылы шешіледі.

  3. Қайталап оқу, талдаудың қосынды нәтижесі. Оның алдында: "Қалай оқитынымды мұқият тыңдаңдар", - деп ескеру орынды.

  4. Балалардың жауап беруге, мәтінді еске сақтауға дайындығы үшін пауза жасау (бірнеше секунд).

  5. Қайталап айту (3-7 бала). Педагогтың белсенді жетекшілігі.

Кейбір ұйымдастырылған іс-әрекетте қайталап айтуға екі мәтінді алуға болады: біріншісі - балалар үшін таныс емес, салыстырмалы түрде жеңіл; екіншісі - оларға таныс, ол қысқа болуы керек. Бұл балалардың зейінін оятады.
4.Әңгімелеп қайталап үйрету тәсілдері

Шығарманы оқу үлгісі, балаларға сұрақтар, түсіндіру, нұсқаулар, жаттығулар – сөздер мен сөйлемдерді жеке және хормен қайталау, балалардың жеке тәжірибесіне сүйену, көрнекіліктер қолдану, сөз немесе сөйлемді айтып жіберу, педагог пен баланың бірлескен қайталап айтуы, шағылыстыра қайталап әңгімелеу, бөліктеп қайталап әңгімелеу, баға, рольдерге бөліп айту, қысқа сөз тіркестерін хормен айту, ойын - драматизация немесе мәтіннің қойылымы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет