Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет14/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
6 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Ертегіні мазмұндай алу біліктілігін бекіту.
Грамматика. Сөздік. Тілінде құрмалас сөйлемдерді қолдану белсенділігін арттыру. Мәтінде сын есімдердің қысқа түрлерін қолдануға, оларды белсенді сөздікке енгізуге балалардың назарын аудару. Түбірлес сөздерді құрауға жаттықтыру. Антоним сөздерді қолдануға үйрету .
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші балаларға Л. Н. Толстойдың "Тиін бұтақтан бұтаққа секіреді..." ертегісін тыңдауды ұсынады. Қысқа әңгіме жүргізеді:
1. Ертегі не туралы айтылған?
2.Ертегі кейіпкерлеріне неболды?
3. Қасқыр тиінді неге жібере салды?
4. Қасқыр неге тиіндер әрдайым көңілді жүреді деп ойлады?
5. Неліктен тиіндер көңілді, ал қасқыр әрдайым көңілсіз? Бұл ертегіде қалай суреттелген? (Балалардың жауабынан кейін ертегіден үзінді келтіріп
отырады.)
Тәрбиеші тағы да ертегіні оқып, жазушының дәл, тауып айтқан сөздеріне назар аударады.
Осы ертегіні айтып беруді, жазып алып, барлық ата-аналары балаларының немен айналысқанын білуі үшін, "Ата-аналар бұрышына" орналастыруды ұсынады. Объясняет: "Кімге мен қолыммен көрсетсем сол ертегіні айта бастайды. Қалғандары мұқият тыңдап отыруы керек. Келесі мен көрсеткен бала әрі қарай жалғастырады. Ертегі жазушыныкіндей түсінікті де қызықты болып шығуы үшін, мүмкіндігінше толық және анық жазып отыру керек".
Тәрбиеші бірінші баланы шақырады. Оның сөйлемінің интонациямен аяқталғандығы педагог үшін бағдар болады - ол келесі ертегішіні шақырады. т.с.с.
Сосын жазылған мәтін толығымен оқылады және түзетулер енгізіледі.
Тәрбиеші айтады: "Ертегіде тиіндердің көңілді екендігі туралы айтылған. Олар бұтадан бұтаға секіреді, ойнайды. Олар көңілденгенде тағы не істейді? (Балалар жауабы)
Тыңдаңдаршы, тиіндер көңілділігін әртүрлі қалай айтуға болады:
"Көңілденген тиіндер", "Тиіндер көңілді", "Тиіндер көңілденуде", "Тиіндерге өте көңілді" (түбірлес сөздер баса айтылу сұралады)
Тиіндер көңілді, ал қасқыр тіпті көңілсіз; ол қандай? (Қайғылы, мұңды)
Тиіндер көңілденеді, ал қасқыр ... (мұңаяды).
Тиіндерге көңілді, ал қасқырға ... (мұңды).
Сендер қасқыр туралы: "мұңды", "мұңаяды" деген сөздерді айттыңдар. Сөздер әртүрлі, бірақ дыбысталуы ұқсас.
Бұл туыс-сөздер. "Көңілді", "көңілдену" - бұл да туыс сөздер. Ал енді "қуанышты" сөзінің мағынасына жақын сөздерді таңдап алыңдар. (Егер балалар мұндай сөздерді аз айтса, педагог тапсырманың орындалу үлгісін береді. Можно сказать: "Тиіндер көңілденуде", "тиіндер қуануда", "оларға көңілді" немесе "оларға қуанышты", "олар көңілді" немесе "олар қуанышты", "тиіндерде көңілді" және "тиіндерде қуанышты".)
Біз көптеген туыс-сөздерді еске түсірдік. Олармен сөйлем құраңдар.
"Көктемгі" сөзіне туыс-сөздерді еске түсіріңдер.
Осы сөздермен сөйлемдер құраңдар.
"Көңілді" сөзінің мағынасына қарама-қарсы сөзді атаңдар.
"Көңілді" (қуанышты) сөздерінің мағынасына жақын сөздерді таңдап алыңдар.
"Көңілді" деп не туралы айтуға болады? ( Бала, дауыс, күлкі, әңгіме)
"Көктемгі" деп не туралы айтуға болады? (Күн, қар, жылға, мұз)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте соңында тәрбиеші балаларға серуенде немесе үйде туыс-сөздермен атауға болатын заттарды, нәрселерді іздеп табуды ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет