6. 1988 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған, есімдері халқына қайтарылған қайраткерлер:
А). С. Сейфуллин, Б. Майлин.
В). І. Жансүгіров, О. Исаев.
С). О. Жандосов, С. Асфандияров.
D). Ж. Аймауытов, М. Дулатұлы.
Е). М. Масанчи, Н. Нұрмақов.
Тірек сөздер: (1)1988 жыл, (2)Қазақстан КП Орталық Комитеті, (3)қаулы, (4)ақталған есімдер.
С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, О. Исаев, О. Жандосов,
С. Асфандияров, М. Масанчи, Н. Нұрмақов ХХ съезден соң «Жылымық кезеңінде» ақталды [1; 103, 123бб].
1930 - 1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды. Олар – көрнекті ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885 - 1935), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) [1; 162б].
Достарыңызбен бөлісу: |