Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


 Ірі қара малдың өмір циклі және көбеюі



Pdf көрінісі
бет23/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
1.3 Ірі қара малдың өмір циклі және көбеюі 
Сиырлардығ өмір сүру ұзақтығы 20 жыл шамасында, сирек 35 жылға 
дейін; бұқалар 15 – 20 жыл. Жануарлардың өсуі 5 жылға дейін созылады, 
кейбір кеш жетілетін тұқымдарда 6 – 7 жылға дейін. Қашарларда жыныстық 
жетілу шамамен 7 – 9 жасында болады, ал бұқаларда 6 – 8 айында [23], 
дегенмен кейбір африкалық тұқымды жануарлар 24 айында жыныстық 
жетіледі [24]. Жыныстық жетілудің келуі организмнің ұрпақ қалдыра 


38 
алатынын білдірмейді, сиырлардың физиологиялық жетілуі жасына емес, 
салмағына байланысты. Бұқалардың және сиырлардың ересек жануардың 
салмағының 50—60 % тең салмаққа жеткенде физикалық жетілген деп 
саналады (осы тұқымға және табынға жататын 3-ші бұзаулағаннан кейін 
және одан көп). Бұқалардың және қашарлардың ерте ұрықтандырылуын 
болдырмау үшін 5 – 6 айлығынан бастап бір-бірінен бөлек ұстайды. Етті 
бағыттағы мал шаруашылығында бұқаларды және қашарларды анасынан 
айырғаннан бастап бірден бөлек ұстайды. Қашарларды 18 – 22 айында, ал 
бұқаларды 14 – 18 айында шағылыстыруға жібереді. Қызмет мерзімінің 
ұзақтылығы (туғаннан бірінші қашуға дейін) 3 апта шамасында. Сиырларда 
көбею маусымы жоқ, олар жыл бойы ұрықтана алады. 
Сиырлар – полиэстерлі жануарлар, оларда жыныстық цикл орташа 21 
күннен тұрады. Оны 4 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – эструс немесе 
«аңшылық», 12 – 18 сағат шамасында созылады, осы кезеңде сиыр 
шағылыстырылуға дайын. Жануар қозғыш болып келеді, тұқымдастарын 
иіскелейді, басқа сиырларға мініп ала алады, жиі мөңірейді, табыннан 
қашады, нашар азықтанады, көп су ішеді; сүт мөлшері азаяды; қынаптың 
сыртқы бөлігі қызарады, одан бұлдыр болатын кілегей ағады. Табиғи 
ұрықтандыруды шағылыстыру, ал арнайы құралдардың көмегімен – жасанды 
ұрықтандыру деп атайды. Ұрықтандыру ерікті және қолдан болады. Ерікті 
ұрықтандыру кезінде ұрықтандырушы бұқалар әрқашан аналықтармен 
болады және шағылыстыру кезінде бір аналықты бірнеше рет қажетсіз 
ұрықтандыра алады. Етті бағыттағы мал шаруашылығында сүтті бағыттағы 
мал шаруашылығына қарағанда ерікті шағылыстыру кеңірек қолданылады 
[27]. Овуляция шағылыстырудан 10 – 15 сағаттан кеін болады [13]. 
Ұрықтанған қашарды буаз деп атаған жөн, ал төрт ай буаздығынан бастап 
құнажын деп атайды. Шамамен екі жасар пішілген бұқаларды өгіз деп 
атайды. Аталықтарды олардың табындағы агрессияларын төмендету үшін 
немесе жануарларды жүк тасымалдаушы және жегу мақсатында қолдану 
кезінде пішеді [28]. Құнажын бұзаулауға 1,5-2 ай қалғанда желіндейді. 
Буаздық орташа 285 тәулікке созылады. Сиырлар бір төлді, егіздер сирек 
болады (2 % шамасында); бір уақытта 6 – 7 бұзаудың туылу жағдайлары 
кездесіп тұрады. Егіздер жиі әр түрлі жұмыртқалы болады (бір жынысты 
және түрлі жынысты). Түрлі жынысты қашарлардың көбісі төлдей алмайды, 
сырттай олар бұқаларға ұқсас келеді, оларды фримартиндар деп атайды [28]. 
Бұзаулардың тұқымына байланысты туылған кездегі салмағы 18 – 45 кг, 
кейде 60 кг дейін, бұқалардың салмағы 1 – 3 кг-ға көбірек. 
Бұзаулаған уақыттан бастап лактация басталады. Бірінші 7 – 10 күн 
сиыр уыз береді. Аналық төлді тоғыз айына дейін емізеді (етті бағыттағы 
тұқымда алты – сегіз айға дейін), бірақ шөп жей бастаған кезде, шамамен үш 
айлығында суалтуға болады. Жыныстық жетілген құнажындар сүт бермейді: 
алдымен олар шағылысу керек және бұзаулаулары қажет. Бұзаулағаннан 
кейін лактация сүтпен емізу немесе әрдайым сауу шартында шамамен 11 айға 
созылады. Лактация аяқталған соң және атап айтқанда суалу кезеңі 
басталғанда сиырды қайта шағылыстыру қажет ( әдетте екі ай демалғаннан 
кейін): сүт келесі бұзаулаған кезде пайда болады. 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет