Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет26/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
2.3 Сіңір аурулары
Тенденит (сіңірлердің қабынуы) пен тендовагиниттердің (сіңірмен 
сіңірлі қапшықтарының қабынуы) пайда болуына жарақаттар, жаралар, 
инфекциялық аурулар себеп болады. Оларға жарақаттанған жердің 
қалыңдауы, аурушаң ісік, қалыпты температураның жоғарылауы,ақсаңдау 
тән. Негізгі емдеу-тыныштық, алғашқы күндері басып тұратын таңғыштар 
және суық, ал экссудаттың артық мөлшерде жиналуы кезінде –жара аймағын 
антисептиктер ерітіндісімен және камфорлы немесе 5 %-тік ихтиолды 
спиртпен бірге ылғал сорушы таңғыштарды салу негізінде босатқыш тесіктер 
жасау. Аурудың жазылуына қарай-камфорлы май немесе йодвазогенмен 
массаж жасау. 
Сіңір үзілуі
Бұл жарақаттар мен жаралар, миорелаксияның болмауы кезінде құлау 
(бұлшық еттердің босаңсуы) сіңірлердің бүтіндігінің бұзылуы.Оған себепші 
ретінде рахит, остеомаляция,сіңірлердің нашар дамуы, сіңірлер мен олардың 
қынаптарында іріңді-некротикалық процесстер,тұяқтарды дұрыс кеспеу бола 
алады. 
Үзілулердің 
белгілері 
босаңсу 
мен 
жарақат 
орындағы 
ақау(тереңдеу),қабынудың дамуымен өтетін ұштар қызметінің бұзылуы бола 
алады. Мысалы, бармақты бүгуші беткі және терең сіңірлердің үзілуі кезінде 
малдар тұяқты табан бөліктеріне және тұсау мен тұсау буынының артқы 
беткейіне сүйенеді. 
Ауру малға алғашқы көмек тыныштық пен жараланған аймақты гипстік 
таңғышпен 6-8 аптаға иммобилизациялауды жасау негізінде болады. Алдағы 
уақытта жылулық процедуралар мен массаж өткізу керек.
Бурситтер 
Бұл синовиальды қапшық-бурстардың (борпылдақ дәнекер ұлпасынан 
оның талшықтарының созылуы мен жылжуы нәтижесінде бұлшық ет 
жиырылуы, сіңірлер мен байламдардың қозғалуы әсерінен түзілетін)
тұйықталған жабық қапшық қабынуы. Жарақаттар,инфекционды және 
инвазиялық аурулардың қоздырушылары бұл патологияның себептері болып 


43 
табылады. Ірі қара малда бурсит алақан буындарының айналасында көп 
пайда болады, әдетте терінің қатты қабыршақтанумен өтеді. 
Ауру малдарда бурса аймағында ауыру, ісіну, қабыну ісігі, 
флюктуация, ал ұштардың бурстары қабынғанда-ақсаңдау байқалады. Іріңді 
бурсит кезінде дене қызуы көтеріледі,ал бурсаны өздігінен ашу кезінде 
жарадан синовия араласқан іріңді экссудат бөлінеді. 
Өткір бурсит кезінде қабынуға қарсы жылу, камфор және ихтиол 
майлары, физиотерапия (соллюкс шамы, натрий хлориді,йод, новокаин бар 
ионофорез) процедуралары қажет. Созылмалы асептикалық бурсит кезінде 
бурса ортасынан қабынған экссудатты сорып алып,сол ине арқылы 2–5 %-тік 
йодтың спирттік ерітіндісін, 5 %-тік карбол қышқылының ерітіндісін 
енгізеді.Іріңді бурситтерді ашу,іріңді алу және ашық жара сияқты емдеу 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет