54
Өңештің ацидозы
Өңештің ацидозы (жалбыршақ қарындық асқорытудың сүт-қышқылды
ацидозы,
дәндік интоксикация, «бидай» ауруы) – организмде қышқылды-
сілтілі тепетендіктің жойылуымен жалбыршақ қарында сүтті қышқылды
өнімнің көбеюімен сипатталатын ңрң қара малдың және басқа жануарлардың
кең таралған ауру. Бұл жануар құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар
көп болатын азықтарды жегеннен (арпа, қарабидай, сұлы, қант
қызылшасы,
картоп, қарбыз және т.б.) және қатты азықтардың жеткіліксіз болғандықтан
болады.
Ірі қара малда ацидоздың белгілері әртүрлі. Алдымен тәбеті жоғалады,
жалбыршақ қарынның қозғалысы әлсіз кейде мүлдем болмайды, дене
температурасы нормадан төмендейді, бірақ 4-5 тәуіліктен кейін қабынудан
жоғарлап кетуі мүмкін. Ауру жануарларда тахикардия (жүрек
жиырылу
ритмінің жиіленуі), диарея, гипо– және анурия (несіп шығудың болмауы)
болады.
Аурудың диагностикасында өңештің құрамын ветеринариялық
зертханаға жіберу керек.
Емдеу үшін алдымен 24 сағаттан астырмай қарын зонды арқылы
жалбыршақ қарынды шаяды (60-160 л су), содан кейін жалбыршақ қарынға
сілтілер ерітінділерін (натрийдің гидроокисі – 60 г / 15 л суға), сау жануардан
өңештің құрамын, симптоматикалық препараттарды (витамин, жүрек
заттарын) енгізеді.
Малдың рационында өңештің алкалозын алдын алу үшін ірі азық 14–20
% және концентраттар 40 % артық емес болу керек. Алдын алу үшін
жануарларға
ферментты
препараттарды
беруге
болады,
мысалы
мацеробациллин.
Өңештің тимпаниясы
Өңештің тимпаниясы немесе кебуі – судың жеткіліксіз көлемінде тез
ашытын
азықтарды
(люцерна,
жоңышқа,
сиыржоңышқа,
жүгері,
ормажапырақ пен қызылша жапырақтары) жегеннен кейін тез пайда болатын
газдардың салдарынан өңеш қабырғаларының қатты созылуы.
Және де
өңештің бітелуінде, жіті инфекциялық ауруларда, улы өсімдіктермен
уланғанда, травматикалық ретикулитте,
жалбыршақ қарынның бітелуінде,
бауыр және т.б. ауруларда болу мүмкін. Көбінесе жайылымдағы ересек
жануарларда массалық болады, ал бұзауларда – сүтті рационнан өсімдікке
көшкенде.
Жіті ағымында клиникалық белгілер 1 сағаттың ішінде дамиды: жануар
азықтанудан бас тартады,
қарнына қарай береді, құйрықпен сілтеді, жие
жатып - тұрады, артқы аяқтармен қарнын соғады, кейді мөңіреп,
ыңқылдайды. Қарын көлемі үлкееді. Қату одан да күшейген
сайын кілегей
55
қабаттардың цианозы (көгеру) пайда болады, тамырлар қатты толады,
тынысы ауыз қуысының ашылуымен болады, тілі түседі.
Созылмалы тимпания өңештің қабынуы кезектік болады (азықтану
ережелері бұзылғанда), бірақ белгілер әлсіз көрінеді.
Жіті тимпанияда емі тез болу керек: өңештің уқлауымен бірге үлкен
калибрлі зондты енгізуімен өңештен газдарды шығарады. Бұл кезде
жануардың алдыңғы бөлімі артқыдан жоғару болу керек, газдар шыққаннан
кейін жалбыршақ қарынды сумен шаяды. Ірі қара малға ашуды әлсірету үшін
жалбыршақ қарынға зонд арқылы 1-2 л сумен араластырылған ихтиол (10–20
г), формалин (10–15 мл) немесе лизол – (5-10 мл) енгізеді. Егерде бұл
шараларжеткіліксіз болса, онда сол жақтағы аш
ойық арқылы арнайы
троакармен өңештен газдарды шығарады, содан кейін сұйық емдік заттарды
құяды (тимпанол, деготь, креолин және т.б.).
Бұзауларға созылмалы тимпания кезінде 10–14 күн бойы тәуілігіне 1
рет ішке 500 мл судағы 5-10 мл және 500 мл асқазан сөлімен 30-50 мл тұз
қышқылын береді, жалбыршақ қарынды шаяды, содан кейін сау жануардан
микрофлораны енгізеді.
Ауруды алдын алу үшін тез ашитын азықтармен азықтандыру
ережелерін сақтау керек. Шабындық шөп
жайлауларына малды айдаудың
алдында, әсіресе жанбырдан кейін алдын ала шөппен немсе сүрлеммен
азықтандыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: