53
риванол, (1:1000), фурацилин (1:5000) ерітінділерімен, түймедақ гүдерінің,
сәлбен, итошаған жапырақтарының тұнбаларымен шаяды, сульфаниламид
ұнтақтарын шашыратады және т.б.
Өңештің бітелуі
Бұл ірі қара малда тамыртүйнектерді, өткір заттарды жегеннен жие
болатын патология. Ол толық немесе бөлшекті, алғашқы немесе қайталанған
(парез, паралич, спазма кезінде) болады.
Жануарлар тез арада азықтанудан бас тартады, сілекей ағады,
тынышсыз болады, құсқысы келеді, күйіс тартуы мен кекіруі жоғалады,
пульс пен тынысы жиелейді, жалбыршақ қарынның газдық тимпаниясы тез
дамиды, бітелу аумағында өңеш ауырсынады. Аурудың ағымы уақытында
көрсетілген көмекке байланысты болады.
Диагнозды қою үшін зондтауды, эозофагоскопияны (өңешті зерттеу),
рентгеноскопияны қолданады.
Емдік шаралар тез болу керек. Мойын бөлігінде тұрып қалған заттарды
жануар басын бекіткеннен кейін қолмен алуға болады. Тамыр түйнектерді
Хохлов зондымен алуға немесе жалбыршақ қарынға итеруге болады. Алдын
ала сиырға ішіне 100–200 мл өсімдік, вазелин майын немесе кілегей ботқаны
беріп, тері астына спазмолитикалық заттарды (атропин – 0,02-0,06 г 2 %-дық
ерітіндіде), бітелген орнын новокаинның 0,25-0,5 %-дық ерітіндісін егеді.
Руминит
Бұл созылмалы өтетін жалбыршақ қарынның кілегей қабатының
қабынуы. Жие ірі қара мал ауырады: қарқынды азықтандыру, ұзақ уақыт
бойы қант қызылшасымен, жүгерімен, сүрлеммен және т.б. азықтандыру.
Ауру жануардың асқорытудың бұзылуымен, аппетиттің жоюлуымен,
салмағының
төмендеуімен,
жүдеумен,
сипатталады.
Жануар
тынышсызданады, жүн беткейі жылтырламайды. Жалбыршақ қарын
құрамының рН 4,5–6,0 және несептің (8,0 төмен) төмендейді.
Рацион
құрамын
нормалаумен
диеталық
азықтандыру
(концентраттарды азайту немесе жою, рационға жұмсақ витаминдік шөп,
кесілген тамыр-түйнектерді енгізу), зонд арқылы ауру жануардың
жалбыршақ қарын қуысын шаю, содан кейін оған сау жануардың жалбыршақ
қарын құрамын құю, 7 күн бойы 1 рет антисептикалық заттарды (марганец
қышқылды калий– 1: 1000, фурацилин, ихтиол және т.б. ерітіндісі.),
антибиотиктерді (бір жануарға хлортетрациклиннің 70 мг/күніне және т.б.),
50–75 г гидрокарбонатты емдеу және алдын алу үшін беру.
Руминитты алдын алу үшін бордақылаудағы жануарларды ұсақ ас
тұзымен және сумен қамтамасыз ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: