59
факторларға микрофлора жатады: бактериялар (стрептококтар, гемофилдік
таяқша,
пневмококктар,
стафилококктар),
вирустар
(парагрипп-3,
респираторлық-синцитиалдық
инфекция),
микоплазмалар,
вирустық-
бактериалдық ассоциациялар.
Ауру ринотрахеиттің, ларинготрахеиттің
жалғасы ретінде немесе олармен қиылыса өтуі ықтимал. Аллергиялық
бронхит дамуы да мүмкін.
Жедел бронхитте жануардың жалпы жай-күйі аздап күйзелген, тәбеті
төмендеген, дене температурасы норманың жоғарғы шамаларымен сәйкеседі
немесе одан 0,5... 1 °С жоғары болады (субфебрилді);
жөтел бастапқыда
құрғақ, ал 2..5 тәуліктен соң ылғалды, қатқыл және ауырсынып байқалатын
болады. Бірнеше күн өткен соң мұрын ағулары байқалады, қақырық
тыйылып, жөтел тыныштала бастайды. Қабыну үдерісінің бронхтардан
өкпеге ауысуы жануар жайкүйінің күрт
нашарлауы, температурасының
жоғарылауы түрінде білінеді. Созылмалы бронхитте аздаған қақырық бөле
байқалатын жөтел өзіндік белгі болып табылады, кейде күйзеліс пен
тәбетінің төмендеуі орын алуы ықтимал.
Жануарлар нашар өседі, дене
салмағын әзер жинайды. Көбінесе суық тию мен инфекцияға орай
байқалатын асқынулар бой алған уақыттары жөтел күшейе түседі, қақырық
көбейеді, ол кейде ірің аралас сипатта болады. Обструктивтік бронхитте
өршитін демікпе мен өкпе эмфиземасы белгілері білінеді.
Диагноз Тиісті зертханалық-диагностикалық
зерттеулерден соң
ықтималды инфекциялық этиологиялық фактор анықталынады.
Ауру себептерін жою, ұстаудың жақсы жағдайларын жасау, жеңіл
қорытылатын, шаңды емес азықтармен қамтамасыз ету керек.
Бронхтардың
кәріздік қасиеттерін қалпына келтіру үшін бронхолитиктер, қақырық
түсіртетін дәрілер, ингаляциялар мен жылу қарекеттері тағайындалады. Осы
мақсатпен ұсқа жануарлардың тері астына 2 мг/кг мөлшерінде эфедрин
егіледі. Эуфиллинді де осы мөлшерлемеде тері астына егеді. Теофиллин
дәрісін ішіне 10...20 мг/кг дене салмағына мөлшерінде береді.
Аталған
бронхолитиктерді беру реті тәулігіне 1...2 реттен, емдеу курсы 5...7 тәулік.
Қақырық түсіретін дәрілерден ішіне күніне 2...3 реттен 5...7 тәулік, мг/кг
мөлшерінде келесі дәрілер берген жөн: аммоний хлориді — 5...20, натрий
гидрокарбонаты — 50... 100, терпингидрат — 5... 10, бромгексин, термопсис,
алтей тамыры, желкеншөп жапырағы, эвкалипт жапырағы, анис тұқымдары.
Достарыңызбен бөлісу: