62
патологиялар (бауздық, бұзаулағыннан кейін және дейін,
қысыр кезіндегі
патологиялар) жатады.
Орхит
Бұл аталық бездерінің, айналысындағы ұлпалардың жарақаттануы
немесе індеттенуінен пайда болған қабыну. Ол
кезде аналықты
ұрықтандыруға қабылеті төмендейді немесе жойылады.
Орхит
жалпы
жануардың
жабырқанқылығымен,сирек
тынышсызданумен, температураның жоғарлаумен, ұманың ісуімен және
өлшемінің үлкеюімен және қатты ауырсынуымен сипатталады.
Орхиттың жіті формасында бұқаны
тыныштықпен құрғақ суықпен,
ауырсыздану заттармен (аминазин, анальгин) қамтамасыз ету керек. 3-4-ші
тәуілікте – жылулық процедуралар, келесіде ауырған аумағын акырындап
ұқалайды. Орган қатты қабынған кезде кастрация (жыныс безін хирургиялық
әдіспен алу), ал ірінді процессте ішке әрекет спектірі
кең антибиотиктердә
және сульфаниламидтердә, спирттік кебетін байламдарды қолданады және
абцессті ашады.
Қынап пен жатырдың түсуі
Қынаптың түсуі көбінесе буаздықтың 2-ші
жартысында болады,
өйткені, аналықтардың фуксирлейтін аппараты әлсірейді, ал құрсақ ішідегі
қысым жғарлайды. Ауру тек қан буаз аналықтардыі күтімі
және азықтануы
дұрыс емес болса пайда болады.
Қынап түсуінің толық және толық емес түрлері болады. Толық емес –
сарпайдан тауық немесе қаз жұмыртқасындай кілегеі қабықпен қаптарған
қызыл масса көрінеді (аналық жатқан кезде жақсы көрінеді). Толық –
толғақтың қатты ағымынды және т.б.болуы мүмкін, сарпайдан жарқылдаған
кілегей қабықпен ақшыл-қызыл, содан кейін күнгірт-көк түсті үлкен шар
тәрізді масса шығады. Жануарда дефекация мен несеп шығуы бұзылады.
Жатыр түсуі буаздық уақытында белсенді
моционның болмауынан
сиырларда жатыр қатты созылғаннан және бұлшық еттері борпылдақ
болғанынан, бұзаулағаннан кейінгі асқыну ретінде болады (сур. 15). Сыртқы
жыныс органдардан кейіде секіру буынына дейін ақшыл-қызыл, содан кейін
көк алмұрт тәрізді масса шығады.
Аурудың басында жануарды тақтайдан жасалған щитке орналастырады
– трамплин, онда артқы жағы алдыдан 20-30 см ұзын, осыдан ішкі құрсақтық
қысымды төмендетуге көмектеседі. Түскен жатыр мен қынапты сабынмен
жылы
сумен жуады, ал содан кейін кілегейді фурацилинмен, марганец
қышқылды калий ерітіндісімен 1:5000 немесе басқа антисептиктармен шаяды
да 10 %-дық ихтиол
майын немесе басқа микробтарға, қабынуға қарсы
майларды жағады. Содан кейін ақырындап жұдырықпен қынапты қуысына
слады және оперативті әдіспен бекітеді. тігістерді 2–3 аптадан кейін шешеді.