22
ауыз қуысының жабылуын және ашылуын,
ерiндерiнiң ерiксiз қозғалуын,
сiлекей бөлiнуiн, бөртпелердің, жараның, қышыманың болуын анықтайды.
Жұтыну қызметінің бұзылуында сілекей ағу байқалады (фарингит, құтырық).
Кәрі және ауру жылқыларда астыңғы еріннің салпиюы байқалады, соның
нәтижесінде қызыл иек және кескіш тістер жалаңаш қалады.Ауыз қуысы
мүшелерін тексеру үшін жануардың ауызын қолмен тіссіз бөлігінен ұстап
ашып, езулік (сур.2) қою керек. Бұл кезде назар аудару керек:
1. Көру және сипалау арқылы кілегей қабықтарының жағдайын
байқаймыз. Оның түсіне, жаралардың, жарақаттың бар-жоқтығына,
жергілікті температурасына,
ауырсынуына, кілегей қабықтарының кеуіп
кетуіне назар аударады.
2. Иісті, жануар сілекейіне, малынған тампонды иіскеу арқылы
анықтайды.
3. Тілді тексергенде ісінулердің, дақтар бар-жоқтығына, тілдің
бүрлеріне көңіл аудару керек.
4. Тісті тексергенде, оның желінуіне, қозғалғыштығына, түсуіне,
ауысуына назар аударады.
5 Сурет - Езуліктер. 1- ірі қара малдар үшін, 2- Шарабрин езулігі ұсақ
малдар үшін, 3- қарапайым езулік жылқыларға арналған, 4- жылқыларға
арналған бұранды езулік, 5 — ірі қара малға арналған езулік, 6- ірі қара
малға
арналған Байер езулігі; 7- иттерге арналған Байера езулігі .
Жоғарғы ерін мұрын суымен байланысып, мұрын ерінді айнаша
жасайды. Негіінен ол сулы және салқын, температура жоғарылағанда ол
құрғақ әрі жылы болады.
Ерін және бет ауыз қуысында тамақты ұстап тұру үшін қажет және ол
ауыз қуысының кіреберісі саналады.
Тіл – бұл бұлшықетті қозғалысты ағза, ол ауыз қуысында орналасқан
және бірнеше функция атқарады: тағамның дәмін тату, жұтыну процесіне
қатысу, су ішуде, сондай ақ затқа тіл тигізіп көру, сүйектен
жұмсақ
талшықтарды алу, денеге күтім жасау, түк басу, сонымен қатар басқаармен
23
қарым қатынас жасау. Тілдің жоғары бөлігінде механикалық функция
(тамақты сезу және алу) атқаратын мал түтіктері болады.
Тістердің шайнау формасы жас өзгерген сайын өзгеріп отырады, ол
малдың жасын анықтау үшн қолданылады.
Иек шырышты қабықтың қабаты, ол шақты түгелімен жауып тұрады,
сонымен қатар сүйек ұяшықтарда тістерді нығайтып тұрады. Қатты танау
ауыз қуысының төбесі болып табылады, ол мұрынмен екеуінің арасын бөліп
тұрады, ал жұмсақ бөлігі қатты бөліктің жалғасы . Ол ауыз қуысы шекарасы
мен тамақтың арасында емін еркін орналасып, екеуінің арасын бөліп тұрады.
Иек, тіл, танау біркелкі пигменттелген болуы мүмкін.
Тура ауыз қуысына бірнеше қос сілекей бездері ашылады, олардың
атаулары олардың тікелей міндеттеріне байланысты: құлақмаңайлы,
жақасты, тіласты, түбірлі, көзастылы. Бездің секреті крахмал мен мальтозаны
ыдырататын фермент бөледі.
Қызыл тіл лимфалық жүйенің ағзасы, ол ағзада қорғаныш
функциясын
атқарады.
Күйіс қайыратын малдар азықты шайнамастан жұтады, одан кейін
олар
оны құсып, толыққанды қорытып қайта жұтады. Бұл рефлекстердің
қосындысын шайнау процессі немесе күйіс деп атайды. Күйістің болмауы
жануардың аурып қалғанының белгісі. Бұзауларда шайнау процессі үш
апталық жасында басталады. Сиырларда күйіс азық қабылдағаннан кейін 30–
70 минуттан кейін басталып, 40–50 минутқа дейін созылады, одан кейін
үзіліс орнайды. Тәулігіне 6–8 шайнау процесстері болады. Жұту процессі
ауызда азық түйінінің қалыптасуымен басталады, азық қатты танауға
көтеріліп тамаққа қарай бой алады. Тамаққа кіру есінеу деп аталады.
Мойын – воронка тәрізді қуыс, тамақ өте күрделі құрылым. Ол ауыз
қуысын өңешпен, ал мұрын қуысын бүйрекпен байланыстырады.
Тамаққа
ары қарай кеңірдек, танау, алқым, өңеш ашылады. Тамақ кілегейлі қабықпен
қапталып, берік бұлшық етті болып келеді.
Өңеш дегеніміз бұлшық етті түтік, ол арқылы азық дөңгеленіп
тамақтан асқазанға түседі, одан кейін қайта шайнауға ауыз қуысына өтеді.
Өңеш толығымен қаңқалы бұлшықеттерді құрайды.
Асқазан – ол өңештің тікелей жалғасы. Ірі қара малды асқазан
көпкамералы , ол месқарыннан, тақияқарын, кітапша, ұлтабардан тұрады.
Месқарын, тақияқарын, кітапшаны тағыда асқазаналды деп те атайды,
өйткені оларда асқорыту сөлін бөлетін без жоқ, ал ұлтабарды нағыз қарын
деп атайды.
Өңештен ботқа тәрізді азық аз көлемде тақияқарынға түседі, ал
үгітілмегені месқарынға өтеді.
Егер мысалы сүт дәрінің тікелей ұлтабарға түскені керек болса, оны
кішкентай бөліктермен суару керек.
Ірі қара малда
ас қорыту процессі асқазан
алды бөлігінде басталады,
ол жерде көлемі, түрі, құрамы бойынша ір түрлі микрофлора ( инфузория,
бактерия, өсімдік ферменттері) әсерінен ферментацияға ұшірайды.
Нәтижесінде әр түрлі қосылыстар пайда болып, олардың бір бөліктері
месқарын қабырғасы арқылы қанға сіңеді. Қанға өткеннен кейін бауырға
24
айналып, сүт безі ретінде қолданылып, сүт құраушы синтез бөлігіне
айналады, сонымен қатар ағзадағы энергия көзі рөлін атқарады.
Месқарыннан азық тақияқарын өтеді немесе қосымша шайналуға ауыз
қуысына қайта өтеді. Тақияқарында азық суланады және микроағзалардың
әсеріне ұшырайды, сонымен қатар бұлшықет жұмысынан үгілген
массаның
ірі бөліктерге бөлінінеді, олар кітапшаға түседі. Кітапшада екінші рет
шайналған азық соңғы рет қорытылып, ботқаға айналады, сөйтірп ол тақия
қарынға түседі, ол жерде азық ферменттердің әсерінен одан әрі қорытылады.
Ірі қара малдың ішегінің абсолютті ұзындығы 39–63 м (орташа 51 м)
құрайды. Малдың дене ұзындығы мен ішек ұзындығының ара қатынасы 1:20.
Ішектің жіңішке және ірі бөліктері болады.
Достарыңызбен бөлісу: