20
қуысы сыртқы есту жолы мен құлақтың ішкі бөлігі лабиринттің
(шытырманның) арасында орналасқан.Ол бұрыс куб тәрізді, сондақтан алты
қабырғасы болады. Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан
лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын 3 кішкене
сүйекше бар. Сүйекшелер тізбегі дыбысты лабиринттің сопақша терезесіне
жібереді. Ортаңғы құлақтың бұлшықеттері дабыл жарғағы мен дыбыс
сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық
шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы
дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады. Дабыл жарғағы – ішкі құлақты
сыртқы құлақтан бөліп тұратын, қалыңдығы 0,1мм болатын нашар
созылмалы мембрана.
Ішкі құлақ – бұл тепе-теңдік дәне есту рецепторлары орналасқан, ирек
пішінді дыбыс жарғағының бөлімі. Ол «лабиринт» деп аталады және
шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс,
жартылай үш иірім өзектері мен құлақ құрышты денеден тұрады.
Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір
сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перелимфамен толған.
Дыбыс дірілі перелимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы құлақ құрышына
беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан құлақ құрышынан дыбысты
қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады. Дыбыс өткізгіш
аппаратына құлақтың сырқы,ортаңғы және ішкі бөліктері мен перелимфа,
эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий
мүшесінің сезімтал клеткалары, құлақ құрышының сүйекті бөлігіндегі ирек
түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының
самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орталығы ) орталықтары жатады.
Құлақ құрылысының ерекшеліктеріне сүйене отырып, дәл есту мүшесі
ірі қара малдар сақ құлақ болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: