Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет30/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Флегмона. Бұл борпылдақ клетчатканың және іріңді инфекцияға 
тенденциясы басым болатын дамушы некроздың іріңді қабынуы. Ол жоғары 


46 
вирулентті инфекцияның ұлпаларына фурункулдан,абсцесстен және басқа да 
іріңді процестерден түсу кезінде пайда болады. Инфекция бастауы сыртқы 
жабыннан немесе лимфогенді жолдар арқылы ұлпаларға енеді. Процесстің 
дамуына ұлпалардың зақымдалуы негіз болады.
Аталған ауру кезінде барлық аймақтың ауқымды ісінуі,қатты 
ауырсыну,дене қызуының көтерілуі байқалады.Ауру сондай-ақ дене 
қызуының 40 °C-тан жоғары көтерілуімен ,малдың жабырқаңқы 
болуымен,тәбеттің төмендеуімен білінеді.
Аурудың басында жылу процедураларын тағайындайды: жылытатын 
компресс,ыстық басу,жылытқы,септикалық емес дәрілерді- сульфаниламид, 
антибиотиктерді жылулық ораумен бір мезгілде беру керек. Процестің қатты 
дамуы кезінде хирургиялық көмекке жүгіну мүмкіндігі бар.
Күйіктер. Күйік – жоғары температураның(термиялық күйік), 
химиялық заттардың (химиялық күйік), электрлік токтың және сәулелі қуат 
әсерінің нәтижесінде пайда болатын тері мен оған жақын ұлпалардың 
зақымдалуы. 
Термиялық күйіктер кезінде зақымданудың 4 сатысы бар: I саты –
эпидермистің жоғарғы қабаттарының бұзылуы,гиперемия, терінің аздап 
ісінуі; II саты – барлық эпидермистің қызғылт түсті сұйықтыққа толы 
көпіршіктермен зақымдалуы; III саты – терінің барлық қабатының тер және 
май бездерінің зақымдалуы,тері суық,тығыз болады; IV саты – күрең-қара 
түске айналатын ұлпалардың қараюы. Егер күйіктен дене бетінің 10 % зардап 
шексе,онда бұл күйік ауруы болады.
Термиялық күйіктерді емдеу жара аймағын коагуляцияланатын заттар 
(3–5 %-тік калий марганеці, таниннің 5 %-тік спирттік ерітіндісімен, 5– 10 %-
тік йод ерітіндісімен) ерітінділерінде батырылған марля тығынмен, 
Вишневский, «Левомеколь» майымен,антибиотиктер мен майларды 
қолдануға негізделеді.
Химиялық күйік теріге құышқылдардың,сілтілердің,сөндірілмеген 
әктің, бром, фосфор және т.б.элементтердің әсерінен пайда болады. 
Қышқылдарды 5 %-тік натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен,сүтпен, 
сілтілерді2 %-тік сірке қышқылымен, цианды қосылыстарды-калий марганец 
қышқылы 
ерітіндісімен, 
фторлы 
сутегіні 
магний 
сульфатымен 
зарарсыздандырады. Одан кейін күйікке емдеуді термиялық күйік ретінде 
жасайды.
Электр жарақаты малдың кернеуде болатын ашық сымдармен 
байланысы кезінде,найзағай жарқылымен зақымдану кезінде пайда болады. 
Ол малдың ауыр жағдайымен сипатталады:ауру мал жатады,тамыр соғысы 
сирек,тыныс алуы үзілісті болады.Күйікті емдеуден басқа, жарақаттанған 
малға жүректі (кофеин,камфор),тыныс алуды (лобелин) жақсартатын 
заттарды, сондай-ақ бас сүйек ішіндегі қысымды төмендету үшін магний 
сульфатын беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет