2.6 Тері аурулары
Тері жабынының аурулары
Тері жабынының аурулары қызарумен,терінің тітіркенуімен,шаштың
түсуімен, механикалық ,химиялық немесе биологиялық қоздырушылар
нәтижесінде жүн жабынының күңгірттігімен сипатталады.
Терінің негізгі ауруларына экзема, дерматит, абсцесс, фурункулез,
флегмона жатады.
Экзема. Бұл терінің әр түрлі қоздырушыларға жоғары сезімталдығы
(аллергия) мен ең алдымен эпидермистің зақымдауымен сипатталатын
терінің қабынуы. Себептері механикалық қоздырушылар-мойын жібінің
қажауы, эктопаразиттер (кенелер,биттер мен сіркелер), химиялық
қоздырушылар-дәрі-дәрмектер,
микрофлора,
дұрыс
азықтандырмау,
асқоытудың бұзылуы, созылмалы аурулар болуы мүмкін.
Экзема қызарумен, түйіндердің (папула), көпіршіктердің (везикула),
іріңдердің (пустула), қабыршақ және қабықтардың тері бетінде суланып
пайда болуымен, қышынумен,тырнаумен,малдың жүдеуімен білінеді.Емдеу
алдында қоздырушыны жою қажет. Жергілікті жерге мырыш,ксероформ
майларын,стероидті гормондары бар майларды, 3–5 %-тік пиоктанин және
жаыр гауһар ертіндісін,ал ішке –фуросемидті қолданады.
Дерматит. Дерматит барлық тері қабаттарының бөртпесіз( папула,
везикула, пустула) қабынуы. Ол механикалық қоздырушылардың
(қажалу,дақ), химиялық заттардың (әк,қышқыл, сілті, дәрілер, несеп пен көң),
термиялық факторлардың (күйіктер, үсулер), сәулеленулерден (рентген),
инфекциялы және инвазионды агенттердің және т.б. нәтижесінде болуы
мүмкін. Ірі қара малды төсеніші жеткіліксіз қатты еденде ұстау кезінде
ауруды тізе буынының, бөксенің,білезік-алақан буындарының аймағында
тіркеледі,бұл тұру кезінде және аталған аймақта терінің жылжуы
нәтижесінде болады. Травматикалық және медикаментозды дерматиттер
ісіну, терінің қызаруы,дене қызуының көтерілуі арқылы білінеді.Іріңді
инфекцияның асқынуы кезінде лай экссудаттың термен шығуы,тері жаралану
пайда болуы байқалады.Созылмалы өтуі барысында кір мен ірің жиналатын
тері қатпары қалыптасады.
Алдын алу мен емдеу ең алдымен ауру себебін жоюға негізделеді.
Травматикалық дерматит кезінде тұтқыр басулар(мырыш,фурацилинді 1:
1500 ,т.б) қолданылады. Сонымен қатар майлары бар таңғыштар,мысалы
тетрациклин,преднизолон қолданылады. Іріңді дерматит кезінде аймақтарды
келесі антисептикалық таңғыштар мен ұнтақтар қолдану арқылы жуады
(стрептоцид, норсульфазол және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |