68
Симптоматикасы көбіне негізгі ауру түріне және ауру ағымы сатысына
байланысты болады. Патологиялық үдерістің бастапқы кезеңдерінде жүрек
зақымдалуы белгілері аз байқалатын болады. Одан әрі жүрек ырғақтарының
қатаюы, қосарлана естілуі, үзіліп естілуі сынды ақаулар байқалады.
Миокардтың жиырылу қабылетінің бұзылуы салдарынан жеңіл немесе орта
дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі белгілері (демікпе, цианоз, жылдам шаршап,
шалдығу т.с.с.) пайда болады. Миокард
зақымдалуын сипаттайтын
белгілермен қатар кетоз, қант диабеті т.б. біріншілік ауру белгілері
байқалады.
Диагноз клиникалық белгілері мен азықтандырылуын мұқият талдау
негізінде қойылады. Миокардит пен өзге жүрек ауруларынан айыра білу
керек. Миокардозды созылмалы миокардиттен айыру қиын.
Рационға әр түрлі
сапалы азықтар енгізеді; организмдегі зат алмасуы
мен жүрек бұлшықетіндегі кеселдерді қалпына келтіретін заттар
тағайындалады: В тобы витаминдері, токоферол, рибофлавин т.б..
Пиридоксинді бұлшықетіне немесе ішіне
шамамен пиридоксальфосфатын
тағайындайтын мөлшерлемеде тағайындайды. Токоферол-ацетат - 20..50 мг.
Зат алмасуын қалпына келтіру үшін калий препараттарын берген жөн:
аспаркам, калий оротаты т.б., рибоксин (инозин). Айқын жүрек
жеткіліксіздігі белгілері орын алған кездері жүрек гликозидтері
тағайындалады: жүрек гликозидтерін жануарларға тәулігіне 2 рет береді;
емдеу курсы 10...15 тәулік және одан көп.
Перикардит
Перикардтың, жүректің сыртқы қабығының және жүрек қабының
қабынуы. Этиологиясы бойынша травматикалық және травмитикалық емес
перикардитті,
қабыну сипаты бойынша - сірі, фибринозды, геморрагиялық,
іріңді, шіріген және аралас түрлерін айырады. Травматикалық емес
перикардит суық тию сипатындағы аурулардың, аусыл, пастереллез, плеврит,
пневмония т.б. инфекциялық аурулардың салдарынан пайда болады.
Травматикалық перикардиттің басты себептері көкірек сүйегі, кеуде
маңының жаралары, қабырға сынықтары, тақия қарыннан перикардтқа үшкір
заттардың енуі т.б.
Аурудың барлық түрлеріне тән белгі күйзеліс, жануардың жүдеп азуы,
тәбеттерінің
төмендеуі, жануарлар көп қозғалмауға тырысады, тұрған кезде
шынтақ буындарын алшақ ұстап тұрады, осы кезде кілегейлі қабықтардың
цианозын (көкшілденуін), вена, әсіресе күре
тамырларының бұдырайып
көрініп тұратынын, тахикардия, жүрек ырғақтарының қатқыл естілетінін,
жүрек маңын пальпациялағанда қатты ауырсыну белгілерін білдіретінін
көріп, білуге болады.
69
Травматикалық перикард диагнозы расталғанда
өнімділігі жоғары
жануарларды емдеу тиімсіз, оларды жарамсыз деп танып, союға жібереді.
Жедел травматикалық емес перикардитте пенициллин қатарындағы
антибиотиктер тағайындалады (ампициллин натрий тұзы, оксициллин натрий
тұзы,
бензинпенициллин
натрий
тұзы
т.б.),
аминогликозидтер
(стрептомицин, гентомицин, амикацин т.б.)
немесе осы топтардың
қиылысуы; цифалоспориндер (цефазолин), сульфаниламидтер.
Достарыңызбен бөлісу: