Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


Сиырлардың бұзаулағаннан кейінгі гемоглобинуриясы



Pdf көрінісі
бет48/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Сиырлардың бұзаулағаннан кейінгі гемоглобинуриясы 
Бұл қорада тұрған кезде жоғары продуктивті сиырларда несеппен бірге 
гемоглобиннің бөлінуі. 
Бұл аурудың себептері ретінде сиырды бұзаулағаннан кейін 
люцернамен, қызылшамен, ақуызбен шамадан тыс азықтандыру, фосфордың 
жетіспеушілігінде. 
Негізгі белгі – несеп түсінің қоңырға өзгеруі. Зертханалық зерттегенде 
несепте ақуызды құрамында шамадан тыс уробелин, уробелиноген, кетонды 
денелердің болуы, қанда эритроциттер саны азаяды. Жануарда қысқа 
уақыттық қызба, алдыңғы қарындардың гипотониясы болады, тәбеті 
төмендейді, тынысы мен пульсы жиелейді. 
Емі организмнің қышқылды-сілтілі тепе-теңдікгін қалпына келтіруге 
және эритроциттер гемолизын төмендетуге бағытталған. Осы мақсатпен 
сілтілі терапияны (натрий бикарбонатының 5-10 %-дық ерітіндісін тамыр 
ішіне 1 л дейін), қанды қайтадан құю, гидролизин және т.б.ұсынылады. 
Бұзаулағаннан кейінгі гемоглобинурияны алдын алу үшін суалту 
кезеңіндегі сиырларды толық құнды азықтандурымен қамтамасыз ету керек.
Қан ағулар 
Қан ағулар – ұлпалардың ашық жарақаттардан болатын, қан 
тамырлардың бүтіндігі бұзылғанда қанның ағуы. капиллярлы (тамшылар 
сирек), венозды (күнгірт қызыл түсті ағыс) және артериалды (ақшыл қызыл 
түсті секірмек қан) қан ағулар болады. 
Кезкелген қан ағуларды тоқтату керек. Аяқтарға қан тоқтататын жгут 
немесе резенке тесьма, жіп, бинт, жараның үстіне салады, қан аға берген 
кезде астыдан да байлайды. Жгуттың шеттерін байлап астына матадан валик, 
пайда болған петляға ұзындығы 30-40 см, ал жуандығы 3-4 см таяқ салады. 
Содан соң оны сағат бойынша қан тоқтағанша дейін айналдырады, ал содан 
кейін аяққа байлайды. Мәнсіз ағуларды қатты бинттік байламмен тоқтатады. 
Капиллярлы қан ағуларды алдын ала жарақат айналасын йодпен немесе 
бриллиант жасылмен домдап, суасқын тотығына малынған мақталық тампон 
арқылы тоқтатады. Егер қан ағу мұрын немесе бас аумағында болса, онда 
жарақыттанған аймағына суықты, ал мұрынға 3 %-дық суасқын тотығына 
малынған мақтаны салады. Басты шалқайтуға болмайды. 


70 
Венозды қан ағуларда үтіктенген стерильді немесе таза матаны салады, 
ал үстінен бинттен немесе мақтадан тығыз вликті байлайды. 
Артериальды қан ағуда жарақат аймағынан үстінен бармақпен басып, 
қысатын байламды салады. Аяқты көтеріп, жарадан 7-10 см биіктікте жгутты 
салады. 
Барлық жағдайларда жгутты 1–2сағатқа (қыста 1сағатқа) қана салады. 
Содан кейін 3-5 мин демалтады, содан тағы жоғарырақ салады. 
Мойын мен дененің басқа жерінде қан ағулар болған кезде жуан 
қабаттап марля салады немесе гигроскопиялақ мақтаны және қатты бинты 
салады. Мойынға салғанда демікпені болдырмау керек.
Қарын жарақаттарында, ашық жарақатта жараны асептикалық 
байламмен жауып, жарақаттанған жеріне құрғақ мұз (резеңке қаптағы мұз, 
және т.б.) салады. Ішкі органдар құлағанда, жануарды сау бүйіріне 
жатқызады, медициналық вазелинмен немесе антибиотиктармен марляның 
бірнеше қабатымен органдарды жабады, ветеринарды күтеді. 
Қан ағуды тоқтатқаннан кейін жылы сумен қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет