Байланысты: Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал
Миокардит Жүрек бұлшық етінің инфекциялықаллергиялық, инфекциялық немесе
инфекциялық-уыттық тектегі жалпы ауыр күйге енуімен, жүрек
жеткіліксіздігі белгілерімен өтетін қабынулары.
Ағымы бойынша миокардит жедел және созылмалы болады.
Гемодинамика бұзылуы синдромы (жүрек жеткіліксіздігі), кейде аритмия
синдромдары байқалады. Аурудың жалпы белгілері ретінде атауға болатын
жайттар: күйзеліс, тәбетінің жоғалуы, әлсіздік, өнімділігі мен жұмыс
қабылетінің күрт төмендеуі; жүрек маңындағы ауырсынулар; дене
температурасының 1....2°С жоғарылауы. Жүрек бұлшықетінің әлсіреуі
салдарынан жүрек ырғақтары да әлсіз, қатқыл болады, функционалдық жүрек
шуылдары сезілуі ықтимал. Бауырдың, бүйректердің, өкпенің және өзге
органдардың қан тоқыруына қатысты функцияналдық бұзылу белгілері
аталады. Қанда орта дәрежедегі нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭҚЖ жоғарылауы
байқалады. Миокардит кеселін тудырған негізгі ауру симптомдары білінеді.
Миокардитті
диагностикалау
клиникалық
белгілеріне
және
этиологиялық факторларын зерттеп пайымдауға негізделеді. Миокардитті
перикардиттен, миокард дистрофиясынан, кардиомиопатиядан (жүректің
кеңейуі), кардиофиброздан, кардиосклероздан, эндокардиттен ажырата білу
керек.
Жануарға толығымен тыныштық беріледі, оны сапалы, жеңіл
қорытылатын азықтармен қамтамасыз етеді. Емі негізгі ауруды жоюға, жүрек
бұлшықетіне аллергиялық әсерді азайтуға, жүрек жұмысын қалыпты өткізуге
бағытталады. Инфекциялық және инфекциялық-аллергиялық тектегі
миокардитте бензилпенициллин натрий тұзы, ампициллин, ампиокс,
окситетрациклин, гентамицин сульфаты т.б. антибиотиктер тағайындалады.
Миокардтың аллергиялық компонентіне десенсибилизациялық тиімділіктегі
заттармен әсер етеді. Преднизолон, преднизон, ацетат кортизоны сынды
глюкокортикоидтар қолданған жөн. Жүрек жұмысын қалыптандыру үшін
кофеин, камфора, коразол, кордиамин, теофиллин тағайындайды.