Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


Ішкі секреция бездерінің аурулары



Pdf көрінісі
бет49/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

2.13 Ішкі секреция бездерінің аурулары 
Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы қоректік заттар бойынша 
баланстанбаған рационнан, індетті аурулардан кейінгі асқынулар салдарынан 
болады. 
Эндемиялық жемсау 
Бұл жануардың созылмалы ауруы, ол қалқанша бездерінің үлкейюімен 
сипатталады. 
Аурудың негізгі себебі – топырақта (0,00001 % кем), азықта (5 мг кем), 
суда (10 мкг/л кем) йодтың жетіспеушілігі. 
Сиырларда бойы аласа, денесі ұзын, баста, мойында жүн қатты өседі, 
продуктивтілігінің төмендеуі, іштастаулар, жыныс циклінің бұзылуы, 
жемсаумен немесе жүнсіз бұзаулардың туу ретінде көрінеді. Жас малдарда 
ағымы жіті, ересектерде - созылмалы. 
Диагнозды топырақты, суды, азықты, сүтті зертханалық зерттегеннен 
кейін қояды. Қалыпты жағдайда 1 л сүтте 60 мкг йод болу керек.
Рационға йодты калийды 3 мкг/кг, йодталған тұзды қосу керек. 
3 Жұқпалы аурулар. 
Жұқпалы аурулар— зардапты вирустардың, микоплазмалардың, 
хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардыңорганизмге еніп, онда 
өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды 
кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс 
жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. 


71 
Ішек 
ауруларында 
(мысалы 
А-гепатиті) 
вирус ас қорыту 
жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары 
ауруында 
шырышты 
қабықтар 
зақымданады 
және 
организмге 
вирус: ауамен кіреді. Қан 
немесе 
трансмиссивті 
аурулар 
(әртүрлі 
энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және 
жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы 
көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы 
қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста 
болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану 
ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде 
қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді 
(мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде 
көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды 
(шешек, қызылша, полиомиелит).  
Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және 
қоздырғыштың 
сыртқы ортаға шығып 
тұруына 
байланысты 
олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан 
да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке 
созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус 
организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық 
белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін 
инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып 
кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де 
түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.
Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды 
денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі 
жолдармен тарайды. 
Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің 
ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы 
құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті 
бактериядан да ұсақ. 
Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1)тірі 
организмдерге 
ауру 
тудырушы 
микроорганизмдердің 
(бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) 
осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын 
қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы 
аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), 
сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр 
түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, 
қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар 
жануар организміне әр түрлі жағдайда енеді. Ірі қара малды жұқпалы 
аурулардан емдеу үшін түрлі дәрілік заттарды қолданады. Дәрілік заттардың 
қолдану мерзімі 1 айды құрайды, ал дәрі қабылданған соң сүтті тек 2 сағаттан 
кейін қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет