87
Ауруды жұқтырудың негізгі жолы-алиментарлы, кейде аэрогенді,
құрсақішілік болуы мүмкін.Инфекция көзі- ауру және ауырып болған малдар,
патогенді ішек таяқшасын тасушы аналықтар. Колибактериоз қыс-көктем
кезінде жиі байқалады. Егер бұзаулар сүтті иммунититтендірген сиырлардан
қабылдаса, оларда пассивті иммунитет болуы мүмкін (10-14күн)
Ауру кезінде дене қызуының көтеріліп, одан кейін төмендеуі, әлсіздік,
борпылдақ нәжіс, ал әріқарай-сұйық ақ көпіршіктері бар іш өтумен көрінеді.
Ауру ұзақтығы 90 % өліммен аяқталатын 2-3 күнді құрайды. (сур. 24)
24 Сурет -Ірі қара мал колибактериозынан көрініс
Диагнозды нәжісті эпизоотологиялық, клиникалық мәліметтер және
бактериологиялық зерттеу нәтижесі негізінде анықтайды. Инфекциялық емес
асқазан-ішек ауруларының сальмонеллезі мен вирустық диареядан
дифференциялайды.
Емдеу кезінде гипериммунды ұйытқыш, гамма-глобулин, колифаг,
бөлінген қоздырушының сезімталдығын анықтаумен сәйкестендіріп,
антибиотиктерді, сульфаниламидті және нитрофуранды дәрілерді, сулы-
тұзды алмасу мен қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті қалыпқа келтіру үшін
диетикалық және симптоматикалық заттарды, токсиндерді нейтрализациялау
мен ақуыз, көмірсу және дәрумен жетіспеушілігін өтеу үшін белгілейді.
Ұйымдастырушылық-шаруашылық,зоотехникалық,ветеринарлық-
санитарлық және зоогигиеналық шаралар кешенін өткізу, аналықтардың
және жас төлдердің резистенттілігін көтеру,сондай-ақ малдардың қоршаған
орта объектілері арқылы ауруды жұқтыруын болдырмау колибактериоздың
таралуымен күресу және алдын алу үшін жүргізіледі.Алдын алу мақсатында
неспецификалық глобулиндерді,қанның сарысуын қолдану,буаз сиврларға
вакицинация жасау және жаңа туған төлдерді спецификалық гипериммунды
сарысумен және гамма-глобулиндермен пассивті иммунитеттендіру ауруды
жоюға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: